Парламент • 23 Маусым, 2017
Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президентімен кездесті
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президенті Эрве Марсеймен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
"Самұрық-Қазына" қызметі Сантьяго принципіне сай
XIV Еуразиялық Медиа форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ «Әлемнің жетекші қорларының көрсеткіштеріне сай «Самұрық-Қазына» тиімділікті көтеру бойынша қызметі» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған спикер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Ғани Битенов және Халықаралық тәуелсіз қорлар форумының (IFSWF) стратегия және коммуникациялар жөніндегі директоры Виктория Барбари қатысты.
Жекпе-жек • 23 Маусым, 2017
Таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі
Ертең Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан әлем чемпионаты басталады. Жер шарының мықтыларын анықтайтын біріншілік 30 маусымға дейін жалғасады.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Шығыс Қазақстан полицейлеріне 101 автобус пен 140 автокөлік беріледі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Қазақстан полициясы күніне орай Өскеменде салтанатты жиын өтті.
Бокс • 23 Маусым, 2017
Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады
Қазақ бокс мектебі кез-келген елмен иық тірестіре алатын айбынды шаңыраққа айналғалы қашан. Оған дәлел төрт жылдықтың ең үздік бәсекесі әр Олимпиада сайын бокстан көк туымыздың желбіремей қалған кезі жоқ. Соңғы жылдары елімізде әуесқой бокс пен қатар кәсіпқой бокс та қанатын кеңге жайып келеді. Геннадий Головкин мен Қанат Исламды, Марат Мәзімбаев пен Жанат Жақияновты білмейтін жан жоқ. Осы көштің көркін одан ары қыздырып жүрген тағы бір қазақ баласы бар. Ол – Айдар Шәрібаев.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Қарағандыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шеру өтті
Бүгін Қарағанды облысында әскери саланың 600 қызметкері Ерубаев көшесінің бойымен шеру құрды. Аталмыш парад Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Павлодарда 300-ге жуық полицей марапатталды
Еліміздің полиция қызметкерлері күні Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жергілікті полиция қызметіне, қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне «Нива» маркалы жаңа 40 қызметтік көлік табыс етті. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 56 миллион теңге бөлінген.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
ОҚО-ның 500 мыңға жуық тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 101 елді мекеннің 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізетін болады. Ол үшін биыл 59 электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд теңге бағытталған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды
Бүгін Астанада басталған Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды. Құрылтай делегаттары бірауыздан Елбасының төрағалығын құптады. Талғат Мамашев Төрағаның бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек
Бүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтіп жатыр. Шараға әлемнің 39 елінен 300-ден астам делегат келген.