Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 23 Маусым, 2017

Павлодар облысының әкімі Ресейдің бас консулымен кездесті

Облыс әкімі Болат Бақауов Ресейдің Өскемендегі Бас консулына жаңадан тағайындалған Михаил Королевті қабылдады.

Парламент • 23 Маусым, 2017

«Парламент сөзі» сыйлығы тапсырылды

Кеше Парламент Мәжі­лі­­сінде палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин жур­налистерді келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құт­тықтады. Билік пен бұ­қараның арасында дәне­кер болып жүрген қалам иелеріне арналған салта­натты жиын Мәжіліс­тің жалпы отырыс залында өтіп, журналистер қауы­мы түгелдей халық қалау­лы­ларының орнына жайғасты.

Парламент • 23 Маусым, 2017

Көрме жайлы пікір алмасты

Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті Төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Үкімет • 23 Маусым, 2017

Бірлескен жобаларға арналған басқосулар

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Үкімет пен халықаралық компаниялар арасында энергетика саласында және «Еуразия» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Аймақтар • 23 Маусым, 2017

Полиция қызметкерлеріне пәтер мен жеңіл көліктің кілттері табыс етілді

Қазақстан полициясының 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі  Құмар Ақсақалов  бір топ полиция қызметкеріне пәтерлер мен жеңіл көліктердің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

Парламент • 23 Маусым, 2017

Үкіметаралық келісім ратификацияланды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Парламент Сенатының отырысы өтті. Сенат Төрағасы Астана әуежайына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі өте орынды әрі әділ, лайықты шешім екендігін атады. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасын құрушы болып табылады, оны шетелде әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде таниды және құрметтейді. Әлемдік саясат пен экономика мәселелері бойынша Елбасының пікірімен барлық мем­лекет­тердің басшылары санасады. Астанада өтетін халық­ара­лық форумдар жаһандық саясатқа тікелей ықпал етеді», деді Қ.Тоқаев.

Президент • 23 Маусым, 2017

Жаңа энергетика инвестициямен игеріледі

Әлем экономикасы әлі де болса тұрақтылыққа табан тірей алмай тұр. Соның салдарынан бірқатар елдерде тікелей шетел инвестициялары ағымының бәсеңдеу үрдісі байқалады. Тіпті, инвестициялар үшін үлкен бәсекелестік жүруде. Ал бұл ретте инвесторлар алдымен инвестицияға ең икемді елді таңдайтыны белгілі. Қазақстан Президенті бұл мәселеге аса мән беріп, үнемі бақылауда ұстайды. Сондықтан да болар, еліміз инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп, инвестициялардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстан инвестицияға икемді ел атанып жүр. Ал еліміздің инвестиция саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі тетігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін шетел инвесторлары кеңесі болып отыр.

Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Рухани жаңғыру– санадағы сілкініс

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың өзекті мәселелерін ортаға салған жиын өтті. Оған  Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдерімен қатар  өңірге  арнайы  сапармен келген Қазақстан Жазушылар одағының делегация мүшелері де қатысты.

Үкімет • 22 Маусым, 2017

Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен бірқатар кездесулер өткізді, деп жазады primeminister.kz.

Президент • 22 Маусым, 2017

Елбасы «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпаздарымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Яндекс.Метрика