ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Лапландиялық Санта-Клаус көрмеде жүр
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Финляндия Республикасының ұлттық күні болып өтті. Финляндияның тәуелсіздік алғанына 100 жыл толу мерейлі мерекесіне орайластыра өткізілген ұлттық мерекеге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы келген Финляндия президенті Саули Ниинистё қатысты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Оңтүстікте Елбасының «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында өткен жүздесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Мереке Құлкенов, Есенғали Раушанов, Аманхан Әлімұлы және Жүсіпбек Қорғасбек жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірлік пен келісімнің киелі бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына айналды. Татулықты ту еткен халқымызды бір шаңырақ астына біріктіріп, ортақ мақсаттарымызға жол бастады. Өз тарихында Ассамблея консультативті-кеңесші органнан құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. Ел Президентінің басшылығымен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, ел мүддесі үшін келелі шешімдер қабылдайтын «бірлік күшіне» айналды. Өзінің құрылған кезеңінен бастап, ел мұратына жетелейтін жалпыұлттық құжаттарды өмірге әкелетін «халықтық парламент» рөлін атқарып келеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Ертең Астанадағы ЭКСПО-2017-нің Конгресс-орталығында кезекті Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастайды
Үкімет • 21 Маусым, 2017
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасады
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар қаралды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Астаналық альпинистер Еуропаның ең биік шыңын бағындырды
Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының альпинистері әлемнің ең биік шыңдарының бірі – Эльбрусты бағындырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Оңтүстікте қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған кездесу өтті
Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Отырар» кітапханасында қоғамдық сананы жаңғыртуғаарналған жүздесу өтті.
Футбол • 20 Маусым, 2017
«Астана» Еуро-2016 қатысушысын қатарына қосты
Бүгін «Астана» футбол клубы Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерді жалға алғанын ресми түрде хабарлады.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Финляндия павильонын салуға 600 тонна қарағай жұмсалды
Финляндия – таза энергия елі. ЕХРО халықаралық көрмесіне Скандинавия түбегіндегі ел осындай ұранмен қатысып отыр. Бүгін Финляндия павильонының ашылу салтанатында баламалы энергетика саласындағы тың жаңалықтарымен қатар ұлттық дәстүр өнерін де паш етті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Әлем • 20 Маусым, 2017
Қазақстанның делегациясы ЕҚЫҰ Азия конференциясына қатысты
19-20 маусымда тікелей диалог, пікірталас және 57 ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер мен оның бес серіктес мемлекеттер арасында экономикалық қатынастар орнатуға арналған ерекше алаң болып есептелетін «Common Challenges and Common Opportunities» тақырыбындағы ЕҚЫҰ-ның жылдық Азия конференциясына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германияға жұмыс сапары өтті. Бұл туралы mfa.kz хабарлады.