Медицина • 15 Маусым, 2017
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына Астана, Алматы қалалары, Қостанай, Қызылорда және Атырау облыстарындағы балаларға арналған мамандандырылған медициналық мекемелерге бару қорытындылары бойынша үндеу жолдады.
Білім • 15 Маусым, 2017
Атырауда 97 түлек "Алтын белгі" иегері атанды
Атырауда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шараға мектеп бітіруші үздік оқушылар қатысады. Олар "Алтын белгілері" мен ерекше үлгідегі аттестаттарын облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолынан алды. Биыл облыста 97 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 81 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Атырауда лауазымына сай емес мемлекеттік қызметкерлер бар
Атырауда «Б» корпусы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудың үшінші кезеңі аяқталды. Әңгімелесуге 2215 мемлекеттік қызметкер қатысқан.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Ішкі істер министрі халықпен есептік кездесу өткізді
Кеше Астанада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу өткізді. Жиында министр елдегі қылмыстық ахуал, қылмысқа қарсы күрес, жол-көлік апаты тұрғысында, нашақорлыққа қарсы күрес төңірегінде баяндады. Сондай-ақ, республика тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және жеке мәселелерін тыңдады.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV cъезі өтті
Кеше Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV cъезі өтті. Оған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Жиынға Үкімет мүшелері, бизнес өкілдерімен қатар, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Борис Титов, ЕАЭО Іскер кеңесі президенті Виктор Христенко да қатысты.
Бизнес • 15 Маусым, 2017
Зайсанда көлік-логистикалық орталық салынады
Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын көлік-логистикалық орталық Майқапшағай кеден бекетіне жақын жерге салынады.
Технология • 15 Маусым, 2017
Ақтауда жас роботшылар сайысы өтті
Роботты техника жасаушы жастарды өзара сайыстырып, аймақтық олимпиада өткізуші – Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатындағы сайысқа 47 топ қатысты. Жарыс негізгі, шығармашылық, роботтар футболы және еркін категория бойынша өтті.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Атырауда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 317 млн теңге қарастырылған
Атыраулық балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл 317 млн 216 мың теңге қаражат қаралған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп.
Әлем • 15 Маусым, 2017
Лондонда өрттен қайтыс болғандар саны 12-ге жетті
Көп қабатты үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп хабарлайды ВВС Лондон полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Бүгін еліміздің барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады
15 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.