Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Оралдан Франкфуртқа тікелей рейс ашылды
Маусымның 14-і күні «Эйр Астана» әуе компаниясы Орал-Франкфурт бағытындағы халықаралық рейсті іске қосты. Алғашқы рейске 43 жолаушы аяқ артыпты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Батыс Қазақстан облысында 4414 түлек мектеп бітірді
Батыс Қазақстан облысында биыл 4414 түлек мектеп бітірді, оның 1628-і Орал қаласынан. 14 маусым күні кешкісін Орал қаласының Абай алаңында мектеп бітірушілердің салтанатты шарасы өтті.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Алматыда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2017» фестивалі өтті
Биылғы жылы қалада орта білім туралы аттестатты 7 263 мектеп түлегі алды, олардың 413-і «Алтын белгіге», 627-і үздік аттестатқа қол жеткізді. Барлығы 6 720 алматылық оқушы ҰБТ қатысуға құқылы.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Қытайлық туристер Димаш туып-өскен жерге келуді жоспарлап отыр
Қайталанбас даусымен және сүйкімді кескін-келбетімен жарты әлемдей көрінетін қытай жұртының үлкен-кішісін бірдей табындырып, тамсандырған қазақтың дарынды ұлы Димаш Құдайберген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің мәдени іс-шаралары аясында алдағы 27- маусым күні Астана қаласында «Бастау» атты шығармашылық кешін өткізбек. Оны көруге бірінші кезекте Қытайдан келген меймандар мен туристер шексіз де терең ықылас танытып отырған көрінеді.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Батыс Қазақстан полиция қызметкерлеріне Гандапас тренинг өткізеді
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары мемлекеттік академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл келісім бойынша Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті полиция қызметкерлері 36 сағаттық оқу курсынан өтетін болды.
Әдебиет • 15 Маусым, 2017
Әдеби биеналле аясындағы әңгіме
12-14 маусым күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет халықаралық әдеби биеннале өтті.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Қазақ ұлттық өнер университетінің Шопен залында Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстанда этноорганология ғылымының негізін салған Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі заман: музыкатану және этноорганология мәселелері» атты халықаралық конференция өтті.
Медицина • 15 Маусым, 2017
Жаз маусымы басталғанда жұрттың көл мен тоғандарға шомылу үшін ағылатыны белгілі. Алайда, көбісі қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Әсіресе, балалардың қауіпті сезінбей суға кетіп жататыны тағы рас. Осыған орай, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар қызметі балаларға суда шомылудың қыры мен сырын үйрете бастады.
Әдебиет • 15 Маусым, 2017
Ташкентте Өзбекстан жазушылар одағының мәжіліс залында өзбектің көрнекті жазушысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мехмон Исламқұловтың әдеби шығармашылығына орай салтанатты жиын өтті.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Ақтауда арбадағы спорттық билердің республикалық чемпионаты өтеді
Маңғыстау өңірінде алғаш рет өткізілгелі отырған спорттық шара өңірдегі су жаңа «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде болмақ.