Парламент • 26 Сәуір, 2017
Қазақстан делегациясы Финляндияда болды
Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының өкілдері Финляндия Эдускунтасы Бас хатшысының шақыруымен жақында Финляндия Республикасына жұмыс бабындағы сапармен барып қайтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Үкімет • 26 Сәуір, 2017
Тұжырымдама түйіні – ауырмайтын жол іздеу
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе қозғалды. Яғни, Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің тұжырымдамасы талқыланды. Сондай-ақ, екі заң жобасы қаралды.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Қызылорда облысындағы «Достық үйі» осыдан екі жыл бұрын ашылды. Ынтымақтың ұясы осы уақыт аралығында көптеген игі шаралар өткізді.
Президент • 26 Сәуір, 2017
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының нысандарын аралады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Арын Амангелдіұлы Өрсариев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 25 Сәуір, 2017
Қазақстан Елшісі Түркия президентіне сенім грамотасын табыстады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан елшісі Абзал Сапарбекұлын қабылдады. Бұл туралы Түркия президентінің ресми сайтында хабарланды.
Қысқы спорт • 25 Сәуір, 2017
«Тәжірибе көрсеткендей, бұл сала тұрақсыз болып шықты...»
Осыдан бірнеше күн бұрын шорт-тректен Ванкувер және Сочи олимпиадаларының қатысушысы Айдар Бекжановтың құрамадан кеткенін естідік. Оның бірнеше себебі бар екен. Бастысы, бұл спортшының соңғы кездегі нәтижелері басшылықтың көңілінен шықпай жүрген көрінеді. «Бар мүмкіндігім осы» дейді Айдардың өзі. Бірақ сөзінен аздаған реніш сезіледі.
Бизнес • 25 Сәуір, 2017
«Қазақстан халық банкі» АҚ-да жаңа директорлар құрамы сайланды
«Қазақстан халық банкі» АҚ-да жаңа директорлар құрамы сайланды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Кино • 25 Сәуір, 2017
«Атамекен» фильмі Третьяков галереясында көрсетіледі
Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Шәкен Аймановтың «Атамекен» көркем фильмі көрсетіледі.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.