Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

Бүгін Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі еліміздің  Тәуелсіздік күніне орай «Туған жерім - тұғырым» атты мерекелік концерт өткізді. Аталмыш шара Астана қаласы Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен бірлесе өткен болатын. Салтанатты жағдайда залға Байқоңыр ауданының тұрғындары, мектеп оқушылары, мекеме басшылары, әскер ардагерлері жиналды, деп хабарлайды Ұлттық ұланың баспасөз қызметі. 

Өнер • 12 Желтоқсан, 2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

Ә.Қастеев атындағы Мем­лекеттік өнер му­зейінде бел­гілі сурет­ші Алексей Ут­киннің «Мен осындай әр қи­лымын» атты жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты. Экспозицияға су­рет­шінің 150-ге тарта кес­­кіндеме, графика, ав­тор­­лық портреттік туын­ды­лары қойылған.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

Атауы өзгерген көшелердің ішінде бұрынғы Кутузов пен Ленин көшелері де бар. Еліміздегі ономастика комиссиясының шешімімен  Ленин көшесі Астана, Кутузов көшесі Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

11 желтоқсанда  Индустрияландыру  күні аясында өткен телекөпірде  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұн тартатын диірмен іске қосылды,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Білім • 12 Желтоқсан, 2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен білім саласының инфрақұрылымын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде алып шаһар Алматыда білім нысандары құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалада 117 оқу ордасы бой көтерсе, соңғы бес жылда саланы қаржыландыру 37%-ға өскен. 

Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

  І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын Ғафу Қайырбековті еске алу кеші өтті. Кеш ақынның 90 жылдық мерейтойына орайластырылды. Жиналғандарға алдымен ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл толуына байланысты шаралар оның туған жерінде кеңінен өткенін атап айтты.

Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2018

Қарапайым түсінік

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасындағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында бірнеше мыңжылдық уақытты қамтитын қазақ халқы тарихының айтулы да келелі кезеңдерін әлемдік тұрғыда насихаттаудың қажеттілігі мен маңыздылығы көрсетілген. 

Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2018

Түркістанды танытатын туындылар

Түркістанда Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жер­лері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. 

Таным • 12 Желтоқсан, 2018

Шығай хан

XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының жоғары билігінде болған тарихи тұлғаларды билік құрған уақытының ұзақ-қысқалығына, жүргізген ішкі-сыртқы саясатының белсенділігіне, ел тарихында сіңірген еңбегі мен оның маңызына, соған байланыс­ты есімдерінің танымалдығына қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аса танымал тұлғалар – Керей хан мен Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хандар енсе, келесі топқа – қалың көпшілікке онша таныс емес, есімдері көп айтыла бермейтін тұлғалар – Мамаш хан, Ахмет хан (Қожа Ахмет хан), Тоғым хан, Бұйдаш хан, Жәнібек хандарды (Есім хан ұлы) жатқызуға болады. Ал үшінші топқа Бұрындық хан, Тахир хан, Тұрсын хан, Шығай хан енеді.