Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Әлем • 10 Желтоқсан, 2018

«Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген қа­зақ­ша ән салды

Қытайдың Хайнань аралдарында өткен «Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген қа­зақ­ша ән салды. Бұл туралы Instagram желісінде сұ­лу­лық байқауының ресми па­рақ­шасында хабарланды. 

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Мал бағасының қымбаттауы кімге тиімді?

Жаз шыбынсыз, жайлы болды. Сай-сала, ой-ойпаң ғана емес, жолбарыс жонды беткейлер де ылғалдың молдығынан ыңыранып жатты. Бітік өскен көк шалғынға бүйірі шығып, мелдектей тойынған көкала жылқы жарықтық күзге де жілігіне май жинап, қоңданып кірді. 

Руханият • 10 Желтоқсан, 2018

Ұлы даланың мұрагері болу – үлкен жауапкершілік

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы баспасөзде жарияланғаннан кейін кең тынысты, кемел ойлы еңбекте көтерілген мәселелер қазақстандық қоғамда үлкен жаңғырық туғызғаны мәлім. Сондай-ақ рухани сипаттағы осы құнды дүниемен танысуға көршілес Орталық Азия республикалары, күллі түркі әлемі, бірқатар таяу және алыс шетелдер қауымдастығы өкілдері қызығушылық пен ынта-ықылас танытқаны да белгілі. Мақаланы талқылауға байланысты іргелі басқосу ел өңірлері арасында Ақтөбеде өткізілді. Оған танымал тарихшы-ғалымдар мен саясаттанушылар, бірқатар республикалық БАҚ басшылары, этнографтар мен архео­логтар, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды.   

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Бағы кем бессайыс

Бессайыс – аса күрделі өнер. Ол атпен кедергілерден өту, семсерлесу, 25 метрлік қашықтықтан тапаншамен ату, 300 метрге еркін жүзу және 400 метрге кросс жүгіру секілді спорттың бес түрін қамтиды. Бессайыстан өтетін жарыста барынша табысты өнер көрсету үшін осы бес жаттығуда да жақсы нәтиже көрсетуге тиістісің. Ал байрақты бәсекелер барысында небәрі екі жүлде жиынтығы ғана сарапқа салынады. 

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

«Сергек» сенімді серікке айналса

Мемлекет басшысы 5 қа­зан­дағы Жолдауында құқық қорғау саласын жаңғыртудың маңыз­ды­лы­ғына тоқталып, ішкі істер орган­да­ры­ның құрылымы мен штатын оңтай­лан­дыруды, сондай-ақ өзіне тән емес функ­цияларды алып тастауды тапсырды. 

Әлем • 10 Желтоқсан, 2018

Франция: Даудың басы неден басталды?

Францияда жарты айға созылған наразылық шерулерінің салдары ел экономикасын айтарлықтай шығынға ұшырата бастады. Өткен жұмада Франция бөлшек сауда федерациясы елдегі осы саладағы қауым «Сары жи­лет­­тілер» шеруі басталғалы ша­­мамен бір миллиард еуроға жуық шығынға душар болғанын ха­барлады. Ал Париж мэрі Анн Идальгоның мәлімдеуінше, өткен сенбі күні қалаға келген шы­ғынның көлемі 4 миллион еуроға жуықтаған.  

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Мүмкіндігі шектеулілердің мүмкіндігін кеңейткен

Отыз төрт жасында автокөлік апаты салдарынан сал ауруына тап болған Құралай Бәйменова соңғы отыз жылға таяу уақыт бойы мүгедектердің де барлық он екі мүшесі сау адамдар секілді өмір сүруге, жасампаз жобаларды жүзеге асыруға, бақытты болуға құқылы екенін дәлелдеумен келеді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі қашан да шексіз екенін қол-аяғы балғадай қоғам мүшелеріне ұғындыра, сезіндіре білген айрықша қасиет иесі.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Ел Елордасымен еңселі

Тәуелсіздік жылдарындағы табыс­тары­мыздың бірі әрі бірегейі ретінде жаңа елорда­мыз – Астананың Арқа төсін­де сән-салтанатымен бой көтер­генін мақтанышпен айтамыз. 

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2018

Алпамыс Шәрімов: Қайырымдылық жасау үшін бай болу қажет емес

Бүгін Астана қайырымдылық Гранд балының дебютанттары Қарттар үйінде қайырымдылық концертін өткізді.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

  Облыс әкімдігінің хабарынша, алда келе жатқан  ел мерекелеріне орай өңірдегі өндіріс орындары жылды табыспен аяқтап, көрсеткіштерін еселеуде.