Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік нысандар құрылысының басым бағыттарын атап өтті.

Әлем • 12 Қараша, 2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

Биыл қазіргі Түркия республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 80 жыл толып отыр. Түгел түркінің атасы атанған қайраткерді бүкіл әлем болып еске алды. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

Өскемен рухани жаңғыра бастағандай. Бүгін қалалық әкімдікте шаһар көшелерінің атауын өзгерту бойынша өткен қоғамдық тыңдауда облыс орталығындағы 16 көшенің (төртеуіне жаңа атау беру) атауын өзгерту мәселесі қаралды. Ең әуелі атаусыз 4 көшеге атау беру жайы қаралып, ол көшелерге Жақия Шәйжүнісов, Лев Гумилев, Армандастар және Мейірім атаулары ұсынылды.

Кино • 12 Қараша, 2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

Трансильванияның тарихи орталығы, Румынияның Клуж-Напока қаласында «Рухани жаңғыру» –  «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы шеңберінде қазақ  киносының екінші фестивалі өтті. Мәдени іс-шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстанның Румыниядағы елшілігі мен Клуж-Напока қаласының құрметті консулдығымен бірлесіп  ұйымдастырып отыр.

Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірдің он мыңнан астам тұрғынының еңбек ақысы көтерілетін болады.

Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

Қайырымдылық кешінен түскен 2 миллионға жуық қаражат «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне табысталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлем • 12 Қараша, 2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

2018 жылдың 8 қарашасында Халықаралық сауда палатасының жанындағы Төрелік трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» (бұдан әрі – «Талапкер») түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы берген барлық талаптарын қабылдамау бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлем • 12 Қараша, 2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

19 қараша күні Англия астанасы - Лондонда өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне ақтөбелік оқушы қыз қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

9 қарашада Ыстамбұл қаласында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев пен «Отандастар» Қоры Президенті Нұртай Әбіқаев Түркия және Еуропадағы шетелдік қазақ ұйымдарының Мансұр Тәйжі, Якуп Жан, Фазыл Топлу, Әбдуақап Қара сияқты белді әрі белсенді басшыларымен кездесу өткізді. Шара қазақстандық делегацияның Түркия Республикасына іссапары аясында орын алды.

Аймақтар • 12 Қараша, 2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясының Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы барысында меморандумға қол қойды. Екі ел басшылары қатысқан шара Петропавлда өтті.