Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қоғам • 06 Қараша, 2018

Ағза донорының маңызы зор

Ресми дерекке сүйенсек, елімізде үш мыңдай адам бүйрек трансплантациясына мұқтаж болса, бауыр трансплантациясын қажет ететін пациенттердің саны мыңға жуықтайды. Қазақстанда жылына 1 млн адамға бір ғана донор табылады екен. Оның көбі туыстық донор. Астанада «Академиялық медициналық орталық. Трансформацияның сын-тегеуріндері және даму перспективалары» тақырыбымен өт­кен халықаралық конференцияға қатысқан ақ халаттылар қазақ­стандықтардың мәйіттік донорға көп келісім бермейтінін айтады. Яғни, Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында жыл басынан бері жасалған 36 бүйрек трансплантациясының жетеуі ғана мәйіттік донорды пайдаланған.

Саясат • 06 Қараша, 2018

Алпауыт елдердің мүдделері тоғысқан «Бір белдеу, бір жол» аясындағы әріптестіктен аларымыз аз болмау керек

Жапонияның үкімет басшысы С.Абэнің жақында өткен Қытайға сапары барысында 26 қазанда Бейжіңде «Қытай мен Жапонияның үшінші елдер нарықтарындағы ынтымақтастығы» атты бірлескен бизнес-форум өтті.

Медицина • 06 Қараша, 2018

Балабақшада бұра тарту болмайды

Руханият • 06 Қараша, 2018

Ұлтымыздың ұлы жеңісі

1727 жылы Бұлантыда бастал­ған же­ңіс Аңырақайда аяқталды. Бұл ұлтымыз­дың тағдырын шешкен ұлы жеңісі еді. Бабаларымыздың ғажайып ерлігі ұлтымыз­ды, елдігімізді сақтап қалды. Егемен ел, тәуел­сіз мемлекет болуымыздың негізін қа­ла­ды. Жастар, келер ұрпақ мұны білуге тиіс.   

06 Қараша, 2018

Береке деген осы!

Арқалық қаласындағы «Элеватор Агрофуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларына жалақыны қазан айынан бастап көтерді. Бұрын айына 32-33 мың теңге алып жүрген жұмысшылардың қолына осы айда 42,700 теңге тиеді. Соның бірі – элеватор жұмысшысы Дәурен Ержанов.

Ақтөбе • 06 Қараша, 2018

«Жас барыстың» алғашқы адымы

Ауыл • 06 Қараша, 2018

Мемлекет пен жекеменшік арасындағы нәтижелі байланыс

Мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестік байланыс нығайған сайын нәтижелі жұмыстар саны да артып келеді. Әсіресе аймақтардағы екі жақты қарым-қатынастың жемісін ел көріп отыр.  

Ауыл • 06 Қараша, 2018

Кәріз жүйесі кәрі құрлыққа Ұлы Даладан барған ба?

Көне тарих тереңіне бүгінгі күннің кемерінен көз жүгірткен сайын қызық пен құпияға толы дерекке қанығасың. Және осы құнды дәйектердің астарында Ұлы Дала төсінде атойлап өткен бабаларымыздың ізі жатқанына сүйсінесің. Тіптен тереңдей бастағанда, қазіргі әлем өркениетінің бастауында тұрған тұрмыс пен тіршілік нышандарының сипатын табасың. Діттеп келгенде біз көшпенділер тарихына қатысты деректерге әлі де толықтай қанық емес екенбіз деген тұжырымға тоқтайсың...

Руханият • 06 Қараша, 2018

«Шаһид кешті Шоқаның...»

Барлығы Дулат Исабеков пен Әнуар Әлімжановтың әңгімесінен басталды. Д.Исабеков «Алаш айнасы» сайты жасаған сауалнамаға (Шоқанның өлімі жайлы): «Кезінде Әнекең қазақтан тұңғыш рет Америкаға барып, әл-Фараби жайлы дәріс оқып келген. Сонда бір әңгімелескенімізде: «Сол кездегі архивтерден әл-Фараби жайлы деректер іздеп отырып, 1875 жылғы газеттен Шоқанның өлімі жайлы қазанама кезіктірдім», деді. Ал Шоқан, біздіңше, 1865 жылы қайтыс болған. Әлгі қазанамада: «Жақында орыс география қоғамының мүшесі, әйгілі саяхатшы, орыс офицері Шоқан Уәлиханов қайтыс болды», деп беріліпті. Әнекең: «Бір жыл кешігіп берілсе, жарайды, ал қалайша бұл он жылдан кейін жарияланады? Соған қатты таңғалдым», деді», деп жауап берді. Бірақ жазушы қандай газетке жарияланғаны туралы есіне түсіре алмапты. Мұны Шоқан өлімінің бір нұсқасы деп қабылдаңыз. Бұдан бөлек бірнеше нұсқасы бар. Әуелі ресми нұсқаға тоқтала кетсек.