Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Саясат • 28 Қыркүйек, 2018

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

Гаухар Бисарина ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

«Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында Сыр өңірінде жоғары оқу орындары түлектері үшін «Мемлекеттік қызмет мектебін» ашты.

Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Тараздық сәнгердің «Көктем-жаз – 2019» коллекциясы Миланда көрсетілді

Тараздық сәнгер Айдархан Қалиев әлемнің бірқатар мемлекетінде өзінің коллекцияларын көрсету арқылы халықаралық деңгейде танылды. Жуырда еліміздің атынан алғаш рет қатысқан белгілі сәнгердің «Көктем-жаз – 2019» атты маусымдық коллекциясы Италияның Милан қаласында өтіп жатқан «Milan Fashion Week» сән апталығының ресми бағдарламасында көрсетілді.

Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

Kogel жаңа топтамаларын ұсынды

Астанада алғаш рет Ресейдің сән индустриясының көш­басшылары озық топтамаларын ұсынды. Көпшіліктің сұранысына ие алдыңғы қатарлы дизайнер­лердің басын біріктірген Russian Fashion brands қос елдің жеңіл өнеркәсіп сала­сы­ның шағын және орта биз­неске арналған әлеуетін ке­ңінен таныстырды. 

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

«Жүрек жылуы» қайымдырылық акциясы ұйымдастырылды

Қызылорда қаласына 200 жыл толып жатыр. Осы мерейтой қарсаңында «Жүрек жылуы» қайымдырылық акциясы ұйымдастырылып аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

Алпыс жыл бұрынғы айтыс

1958 жылдың қоңыр күзі Қостанай өлкесіне зор қуанышын ала келген еді. Мәскеуде өткізілетін қазақ әде­биеті мен өнерінінің онкүндігі құрметіне облыс ақындарының ай­тысын өткіземіз деп жар­ғақ құлағы жас­тық­қа тимей жүрген жі­гіт­тердің біразы ертең бақ сынамақ.

Қоғам • 28 Қыркүйек, 2018

Меркіде еңбек жастарының республикалық форумы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Меркі ауданы, Меркі ауылындағы «Меркі» шипажайында еңбек жастарының республикалық форумы өтті.

Тарих • 28 Қыркүйек, 2018

«Отырар жәдігерлері» альбом-кітабы жарыққа шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жарыққа шыққан «Отырар жәдігерлері» альбом-кітабы Отырар өркениеті қалып­тастырған материалдық және рухани мәдениет жайлы сыр шертеді. 

Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

Ізгілік иіріміндегі із

Зейнеткерлікке шығып, бала-шағасы мен немерелерінің қызықты думанына мерейленер сәтінде бақилыққа аттанып кете барған сыйлас-сырлас адамы жайында үлкендердің: «Жан баласына жамандығы жоқ, жақсы адам еді» деп өмір-өзеннің асау өрімі туралы әр алуан әңгімені жібектей есіп отыратын толғақты шағы енді біздің де басымызға түсе бастағанын мынадай ауыр қазадан кейін еріксіз мойындауға мәжбүр болады екенсің. Күліп-ойнап күні кеше ғана арамызда жүрген адам бүгін жоқ. Қандай суық сөз!

Ауыл • 28 Қыркүйек, 2018

Сабыр Қасымов: «Отанды сүю – иманнан»

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында өңір ғалым­дарының, тарих­шыларының, өлке­тану­шыларының, зия­лы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысы қоғамдық өмірімізде орны айрықша, маңыздылығы басым, жаңа көз­қарастар мен талдауларды қажет ететін, мемлекет қолдауына зәру келелі тақырыпты қозғауымен ерекшеленді. Жұртшылықты бейжай қалдырмайтын толғақты мәселенің жан-жақты талқыланып, әрқилы ой-пікірлердің өріс алуына белгілі заңгер, қоғам қайраткері Сабыр ҚАСЫМОВ қозғау салды. Біздің «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының төрағасымен сұхбатымыз ел үшін сіңірген ерен еңбектері мен ерлік істері ұшан-теңіз тұлғаларды қадірлеу, қастерлеу, ұлықтау, есімдерін жаңғырту, есте қалдыру, жас ұрпаққа үлгі ету төңірегінде өрбіді.