Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Бағдарламалар • 28 Қыркүйек, 2018

Газ саласын цифрландыру жоспарлары іске қосылуда

Елімізде Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың кешенді жоспарлары іске қосылуда. Бұл инновациялық жобаларды іс жүзіне асыруға еліміздегі «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы сияқты жетекші компаниялар да белсенді атсалысып келеді. 

Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

«Қорғас – Шығыс қақпасының» басымдықтары

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған, АЭА арнайы құқықтық режімі жұмыс істейтін, нақты шекаралары белгіленген (2011 жылғы 21 маусымдағы № 469-IV «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР заңы) Қазақстан аумағының бір бөлігі болып табылады. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Қытай, Орталық Азия, Орта Шығыс және Еуропаны байланыстыратын логистикалық хаб жасауға арналған стратегиялық объекті ретінде қарастырылады. 

Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

«Нұрлы жер»: Құжат қабылдау 3 қазаннан басталады

Астана қаласының тұрғындары үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 3 қазаннан басталады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2018

Оралда Ғайсағали Сейтақтың шығармашылық кеші өтті

Орал қаласында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ғайсағали Сейтақтың «Мен – Нарынның ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті. 

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2018

Анадолыға түскен Ай жарығы

Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Брексит: Бірқатар халықаралық банктер Лондоннан көшеді

«Брексит» себебінен қаржы әлеміндегі 630 жұмыс орны Ұлыбританиядан басқа мемлекеттерге көшірілген, деп хабарлайды Euronews.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанда қыз бала менингиттен көз жұмды

Айыртау ауданы, Кирилловка ауылының 18 жастағы тұрғыны  менингиттен қайтыс болды, деп хабарлады  қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Құшбасов.

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2018

Ғалия Бөкейқызы: «Оралхан ағамның ұстазы – Алтай, тақырыбы – адам еді»

Адам атты жұмырбасты жұмбақтың әр қилы әрекетінің астарында әртүрлі сыр жатады. Оның құпиясын кей жағдайда өзі де білмеуі, білудің де қажеті шамалы болуы мүмкін. Ал жазушы деген адам жанының инженері оны әрдайым білуге, білдіруге ұмтылумен келеді. Қаламгердің сол барыстағы түрлі әрекет дағдысы тағы бір сырдың, тағы бір құпияның қойнауына жетелей жөнеледі. Атақты Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызымен құрған әңгіме-дүкеніміз жазушы шығармашылығына айрықша әсер еткен жағдайлар, отбасы, өмірдегі кейіпкерлері жайында өрбіді. Мұны әйгілі жазушының шығармашылық лабораториясына тағы бір қырынан үңілу десек те болады. 

Футбол • 28 Қыркүйек, 2018

Футболдан EURO-2024 Германияда өтеді

Еуропа футбол ассоцияциялары одағы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізетін елді жариялады, деп хабарлайды Euronews.

Бағдарламалар • 28 Қыркүйек, 2018

Технологиялық серпілістің әлеуметтік кепілі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бес әлеуметтік бас­тамасын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іс жүзінде жүзеге асырудың сенімді платформасы деп айтуға негіз бар. Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде бұл ­бас­тамалар қазақстандық қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты драйвері болды.