Хоккей • 27 Қыркүйек, 2018
Астананың «Барысы» «Витязь» командасымен болған ойында жеңіске жетті
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында елорданың «Барысы» Подольскіде Мәскеу облысының «Витязь» командасымен күш сынасты.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2018
Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбын тереңнен талқылауға арналған әлемдік деңгейдегі өте керемет алаң болды. Онда біздің Жапония да бұл саладағы өзінің айтулы жетістіктерін әлем назарына паш етуге мүмкіндік алды. Ең бастысы, осы көрме арқылы көптеген жапон тұрғындары Қазақстанның тартымдылығымен талайды тамсандырған астанасымен танысты. Елдер арасындағы ымыралы ынтымақтастық арта түсті. Осы ретте жылы қабылдаулары үшін Қазақ еліне ерекше алғыс айтқым келеді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Әлемдік нарықта алтын саудасы қызып тұр
Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде алтын қоры бойынша 15-орынға табан тіреп, алтынға малынған елдерді басып озды. Таяуда Ұлттық банк алтын құймаларды жаппай сатып алудың себептерін түсіндіріп, әлемнің назары неліктен алтынға ауып отырғанын айтып берді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Астана Банкі лицензиясынан айырылды
Таяуда Ұлттық банк басқармасының «Астана Банкі» акционерлік қоғамын банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімі жарияланды. Ерте ме, кеш пе, оқиға осылай аяқталатынын ел сезіп отырды деуге болатын шығар. Себебі Астана Банкінің депозит қабылдауына және банктен есепшот ашуына мамыр айында-ақ тыйым салынған болатын. Миллиондаған қаражатын қайтара алмай сабылған салымшылардың дау-дамайы содан бері толастаған емес.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Бастауыш ұйымдарға баса мән беріледі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары арнайы сапармен Қостанай облысына барды. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев партияның «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ» аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Парламент • 27 Қыркүйек, 2018
Маңызды заң жобалары мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен болған палатаның кезекті жалпы отырысында қол қойылған бірқатар халықаралық хаттама мен келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобалары талқыланып, мақұлданды.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Өңірдегі тұрақтылық – тәуелсіздікті нығайтудағы маңызды алғышарт
28 қыркүйек күні Тәжікстан астанасы Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммиті өтеді. Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан президенттері, Түрікменстанның вице-премьері қатысады деп жоспарланып отыр. Арадағы қалыптасқан байланыстарды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірегей алаңда өзара саяси ықпалдастық, мәдени-гуманитарлық салаға қатысты ынтымақтастық, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2018
Аққанатпен досымдай сырласамын - Айшолпан
Қазақ – қыраннан қырағылық пен еркіндікті, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Сол асыл қасиеттің барлығын біз байөлкелік 17 жастағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының бойынан тапқандай болдық. Жаһанданудың жаңалығы шартарапты шарлап, әлем жаппай жаңашылдыққа ұмтылғанда, өзінің дәстүрі мен салтына, ұлттық құндылықтарына деген риясыз құрметіне қылау түсірмей, керісінше қазаққа тән қасиетімен Алаш атын жер дүниеге мәшһүр етті. Бүгінде қолына қыранын қондырып, тұлпарын тақымдаған қазақ қызының бейнесі шартарапты шарлап кетті. Айшолпанды қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтерген «қанатты қыз» десек бек жарасымды. Бүркітін баптап, қыз баласына таңсықтау осы бір қызық та қиын кәсіпті серік еткен арумен әңгімеміз саятшылық өнердің қыр-сыры аясынан өрбіді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
«Kazakh Tourism»: маңызды миссия арқалаған компания
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанда туризмді дамытуға ерекше маңыз беріп, осы бағытта Үкіметке нақты міндеттер жүктегені белгілі. Бұл орайда, Қазақстанның туристік орталық ретіндегі халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру, ұлттық туристік брендті қалыптастыру және басқару, осы салаға инвестиция тарту арқылы отандық туризмді дамыту сынды маңызды миссияны табысты жүзеге асырып келе жатқан ұйым – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ.