Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018

«Eni» Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясының өкілдерін қабылдады. Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады: газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамыту.

Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2018

Сөз қуаты мен қасиеті Еуразия қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық әдеби форумда талқыланды

Тарихқа көз жүгіртсек, дәл осындай ау­қым­ды форум 1973 жылдан бері алғаш рет, араға 45 жыл салып елордамыз – Астана қала­сын­да өтіп отыр. Бұл шараны Қазақстан Жазу­шылар одағы Астананың 20 жыл­дық мерей­тойына орай Пре­зидент Әкімшілігі және Мәдениет және спорт минис­трлігінің қол­дауы­мен «Рухани жаңғыру» бағ­­дарламасы аясында ұйым­дастырды.

Бизнес • 21 Қыркүйек, 2018

Ауыл шаруашылығы секторын дамытатын 8 шара

Ауыл шаруашылығымен қысы-жазы еңбектенуден қажы­майтын бейнетқор қауым айналысатыны мәлім. Табиғатымыз­дың қатал мінезін ескерсек, бұл саланы дамыту ешқашан оңай болмаған. 

Бизнес • 21 Қыркүйек, 2018

Өнімді несиелеу

Биыл көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терін науқаны үшін 2 мың­ға жуық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер жалпы сомасы 60 млрд теңгеге қаржыландырылды, бұл оларға 3,2 млн га жерді өңдеуге мүм­кіндік берді.

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі Түркістан облысы Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атанды. 

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

Астанада Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

Қостанайлықтар Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктант жазды. Облыстық әкімдіктің «Қоғамдық келісім» мекемесінде елу адам партаға отырды. Олардың арасында студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік тілге деген құрметі жоғары, өзінің тілді қаншалықты меңгергенін, білімін тексеріп көргісі келген жұртшылық өкілдері келді. Диктант жазушылардың ең алдыңғы жағында бүлдіршіндей бала отырды. Қостанай қаласындағы №7 орыс орта мектебінің 4 сыныбында оқитан Талғат Латыпов жалпықазақстандық ашық диктант жазылатынын интернет желісінен көргеннен кейін, оған қатысуға бел байлапты. 

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

Облыс  орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік  университетте  Гиннестің рекордтар кітабына 9-11 сынып аралығында 6 алтын, бір күміс және бір қола медальмен ең титулды оқушы ретінде енген, қазіргі күні Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті.