Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

186 реткөрсетілді

Қостанайлықтар Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктант жазды. Облыстық әкімдіктің «Қоғамдық келісім» мекемесінде елу адам партаға отырды. Олардың арасында студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік тілге деген құрметі жоғары, өзінің тілді қаншалықты меңгергенін, білімін тексеріп көргісі келген жұртшылық өкілдері келді. Диктант жазушылардың ең алдыңғы жағында бүлдіршіндей бала отырды. Қостанай қаласындағы №7 орыс орта мектебінің 4 сыныбында оқитан Талғат Латыпов жалпықазақстандық ашық диктант жазылатынын интернет желісінен көргеннен кейін, оған қатысуға бел байлапты. 

«Интернет желісінен көргеннен кейін-ақ Талғаттың оған қатысамын деген ынтасы арта түсті. Өзі мектепте қазақ тілінен жақсы оқиды, туыстарымыз да, көршілеріміз де қазақтар. Ұлым қазақ тілінде еркін сөйлеуді армандайды. Татарлар қазақ тілін, қазақтар татар тілін еркін түсінеді, егер ынта болса қазақ тілін неге меңгермеске? Мен ұлымның бастамасын толықтай қолдап, ертіп келдім» дейді Талғаттың анасы Гүлнар Латыпова.

Диктант жазуға қатысушыларды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина құттықтады. Диктантты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі практикалық лингвистика кафедрасының оқытушысы Ақжан Алтыбаева оқыды. Айналасы бір сағаттың ішінде ашық диктантты жазып болды. Арнайы бекітілген тексеру комиссиясының мүшелері диктант жұмысын тексерді. Төрт кісі диктантты еш қатесіз жазып шықты.

«Ең алдымен қазақ тіліндегі ашық диктантқа қатысудың өзі тілге, мемлекеттік рәмізге деген құрмет деп білемін. Қазақстанда тұрған әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуі олар үшін мақтаныш болуы тиіс. Алдағы жылдары өтетін ашық диктантқа қатысуға бүгінгі кіп-кішкентай Талғат секілді әркім өзі тілек білдіріп келсе нұр үстіне нұр болар еді» дейді тексеру комиссияның төрайымы Бэла Есенғазина.

Облыс бойынша ашық диктантқа он мыңнан аса адам қатысты. Белсенділік танытқандарға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының алғыс хаты тапсырылды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

           

        

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Кеше

ҰБТ тапсырушыларға кеңес (видео)

Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

Футбол • 18 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар