Қаржы • 20 Қыркүйек, 2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

146 реткөрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үйге арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен «7-20-25» халыққа жеңілдетілген несие беру бағдарламасының іске қосылуына байланысты тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияның өсімі байқалып отыр. 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 702 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ол өткен жылдағы деңгейден 31%-ға артық. Биыл 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112%-ға артып отырғанын айтты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

«Республика бойынша барлығы 67 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 27 мыңға жуық жеке үй бар. Жоспар жыл соңына дейін толық көлемде орындалатын болады (жоспар 12,1 млн. ш. м). Айта кететін бір жайт, бұрын жеке тұрғын үй салу құрылысы басым болса, қазір көпқабатты үйлердің көлемі артты»,-деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жыл сайын сатып алу құқығынсыз арендалық 3 мың пәтер салынады.

 «Бағдарламада 2 жыл ішінде барлығы 6182 арендалық пәтерді (331,0 мың ш. м) пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жылдың 8 айындағы 922 пәтерді (49,6 мың. ш. м) қосқанда бүгінгі күні 3542 пәтер салынды (196,2 мың ш. м). Әлеуметтік тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау төлем ақысы шамамен 100 теңгені құрайды», - деп атап өтті министр.

2 жылға жуық уақытта әкімдікте кезекте тұрған азаматтар (тұрақты табыстары бар мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер) мен Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі салымшылары үшін биылғы 8 айда тапсырылған 1970 пәтерді қосқанда 18,5 мың кредиттік пәтер пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылдан бастап жыл сайын 40 мың учаскеге инфрақұрылым желілерін тартуды жоспарланып отыр. 14 облыс орталығында бір шаршы метрінің құны 120 мың теңгені құрайтын бірыңғай сәулеттік стильде пилоттық жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

«Баспана» ипотекалық ұйымының дерегі бойынша, бағдарлама іске қосылғаннан бергі 2 айда халықтан қатысушы-банктерге ипотека алуға 2562 өтініш түскен. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 20,0 млрд. теңгеге 1695 ипотекалық қарыз беру қолдау тапты.  Қалған өтініштер екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Ұқсас жаңалықтар