Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды
ҚР Ұлттық банкі «Астана банкін» банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018
Жауқазын жырларымен оқырмандарын елең еткізіп, болашағынан үлкен үміт күттірген ақын, журналист Назгүл Өтенованың есімі өңірде жан-жақты ұлықталып келеді. Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бастамасымен былтыр «Тілім жатыр тамырынан қырқылып, Жанарымда жасым содан тұр тұнып.Туған жұртым қалмасын деп іркіліп, Жан жүрегім жүр ғой менің жыртылып» деген орамды ойлар, сергек сезімдер, кестелі тілдер молынан кездесетін өлеңдер, публицистикалық мақалалар топтастырылған жинақ жарық көрді. Ол білім алған М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде «Тіл–қазына» жобасы аясында дәрісхана ашылды. Өмірі мен шығармашылығы сыныптан тыс оқу сабағына енгізілді. Енді, міне екі мүшел жасында қырмызы гүлдей мезгілсіз солған жерлесіміздің құрметіне ұйымдастырылған жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетіп, қорытындысы жария етілді.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Тоғыз тонна есірткі тәркіленді
Шымкент қаласында орналасқан Халықаралық штаб бірнеше елдің құқық қорғау органдарының өзара бірлескен әрекеттерін үйлестіру арқылы ауқымды операцияны жүзеге асырды. Атап айтсақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің есірткіге қарсы күрес бөлімшелері, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен халықаралық «Канал – Красный бархан» есірткіге қарсы операция өз мәресіне жетті.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсеновамен кездесу өтті. Кездесуді елімізге еңбегі сіңген әртіс, профессор Кенжеғали Мыржықбай жүргізді.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018
Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды
Соңғы жылдары «Отбасы күні» мерекесі кеңінен аталып өтеді. Қостанайда қазірдің өзінде мерекеге байланысты шаралар басталып кетті. «Үйдегі береке» акциясында әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары туралы айтылды. Онда адамдарға заңнамалық кеңестер берілді, тұрғындарды қалалық ішкі істер басқармасының және Дағдарыс орталықтарының сенім телефондарынан хабардар етті.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысты
Еліміздің мәдениеті мен қасиетті орындарымен танысу үшін Астанаға әлемнің үздік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері келді. Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған апталық баспасөз туры барысында журналистер Астана, Алматы мен Түркістан қалаларын аралады.
Тарих • 19 Қыркүйек, 2018
Руханият • 19 Қыркүйек, 2018
Өмір деген ағып жатқан өзен ғой, оның арнасын әркім әртүрлі қасиетімен, біреу бойындағы өнерімен, Құдай берген дарынымен, инабатты мәдениетімен, кісілік және кішілік адамгершілігімен, тағы біреу қайтпас, қайсар, айнымас мінезімен толықтырады. Біз бүгін әңгіме еткелі отырған Әкімқожа Садыров ағамыздың өмірдегі жолы бүгінгі ұрпақтың есінде осы соңғы, қайтпас та айнымас мінезімен қалуға тиіс сияқты.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018
«Герцептин» тапшылығы алаңдатады
Алматы қаласында сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 5426 әйел тұрады. Бұл көрсеткіш өткен 8 айдың ішінде 5 процентке ұлғайған. Сол себепті қатерлі аурудың бірден-бір емі саналатын «Герцептин» дәрілік препаратына сұраныс көбейе түсті. Сондықтан тиісті орындардан оған қаржы бөлудің талап етілуі орынды.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Бұрынғыдай емес, қазіргі жас аналардың денсаулығында өздері байқай бермейтін кінәрат көптеп кездеседі. Бұл қоршаған орта мен күнделікті ұстанатын өмір салтына және тұрмыс деңгейіне байланысты туындайды. Сондықтан жүктілік кезінде йогамен айналысу дені сау бала көтеруге және тууға жақсы көмектесетіні туралы тәжірибемізді бөлісуді жөн санадық.