Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Күрес • 10 Қыркүйек, 2018

Дидар ХАМЗА, Азия ойындарының жеңімпазы: Жеңіске жететініме өзім де сенген жоқпын

Азия ойындарында дзюдодан басты үміткерлердің бірі Елдос Сметов қабырғасын сындырып алғаннан кейін, бас жүлдеден күдер үзе бастағанбыз. Дегенмен Дидар Хамза финалға шығып, үміт оты қайта тұтанды. Тіпті азулы ирандық балуанды жеңіп, көптен күткен алтынды еліне сыйлады. 

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Қазақ журналистері шеберлік сабақтарын өткізеді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды. Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шебердік сабақтары мен тренингтер өткізеді.

Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

Қияда қалықтаған соқыр қыран

Жақында жұмыс сапарымен Үржар ауданының Қарақол ауылына жол түскен еді. Кезінде Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Семейде жарық көрген «Абай» журналының қаржылай демеушісі, «Сарыарқа» газетінің шығарушы редакторы болған, Алашорда үкіметінің атынан Сталинмен Қазақ автономиясы жөнінде келіссөз жүргізген Алаш ардақтысы Халел Ғаббасовтың немере інісі Берікбол Баязитовты іздеп барған едім. Ақсақалдың жасы 80-ге қараса да, қимылы ширақ, жүрісі сергек екен. Бәрінен де мені таңғалдырғаны, қарияның жадысы, ел арасында ауыздан-ауызға тараған ескілікті әңгімелерді ұмытпай есте сақтауы.  

Өнер • 10 Қыркүйек, 2018

Ерлан ТҰЯҚОВ, суретші-сценограф: Өнер деген жүректің ісі

Тыныштықты, құпиялықты сүйетін кәсіп иелері болады. Олар – сахнаның сұлулығын, эстетикасын, керек десеңіз тұтастай атмосферасын түзуші мамандар. Ізденіс барысында іштей буырқанады, толқиды, тасиды. Бірақ жасаған жұмысының нәтижесін көп талқысына ұсынар сәтте өзі елеусіз ғана шымылдықтың арғы бетінде қалғанды ұнатады. Қойылымға келген көрермен де спектакль сыйлаған ғаламат әсерді тек режиссер мен актердің еңбегіне балап, сценографтың маңдай тері сол сұлулықтың тасасына жасырынып, сахна сыртынан тылсым тіл қатады. Алайда біздің бүгінгі кейіпкеріміз өзінің көпшілік үшін түсініксіздеу, жұмбақ мамандығына шексіз ғашық. Кәсібі секілді өзі де құпия болып қалғысы келеді. «Сценограф болу сонысымен қызық қой» деп жымия тіл қатар сахна суретшісі ес білгелі тағдырын театрмен тоғыстырыпты. 18 жасынан бас­тап сахнаның осы бір ерекше әлемін бағындыруды мақсат тұтқан маманның бүгінде өз саласында жеткен жетістіктері аз емес. Италия, Түркия сынды өнері өркениет биігіне көтерілген елдермен бірлесе шығармашылық жұмыстар атқарып, қазақ өнерінің абыройын шет мемлекеттерде лайықты деңгейде асқақтатып жүр. Сондықтан да болса керек, Ерлан Тұяқовты бірлесе өнер тудыруға шақырушы режиссерлер өте көп. Еліміздің маңдайалды театрларының барлығында дерлік Ерланның жұмыстары өзіндік ерекше қолтаңбасында көрерменімен қауышып, көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Суретшімен біздің бүгінгі кездесуіміз де дәл сондай буырқанған шығармашылық жұмыс процесі үстінде өрбіді. Кезекті жаңа қойылымға дайындықты бастап кеткен маманның әңгімесінің әлқиссасы да осы тақырып аясынан тарқатылды.  

Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

Мейірім құсы ұя салған «Меркі»

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Бала тәрбиесіне ата-ана да жауапты

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе отырып биылғы қыркүйек-қазан айларында еліміздің мектептерінде «ХХІ ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізеді.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Жедел жәрдем жұмысын жетілдіруді көздейді

Астанада 5-7 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңірі мен литвалық командалардың қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

Суицидке соқтыратын жағдайды ерте анықтау маңызды

10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде суицидтен жылына 800 мың адам көз жұмады. Бұл дегеніңіз әрбір 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетеді. Біздің елде де бұл проблема өткір мәселелердің қатарында, әсіресе жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші жоғары болып тұр. 

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Келін