Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Спорт • 10 Қыркүйек, 2018

Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі

Паралимпиадалық пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Күйіков БҰҰ мінберінен сөз сөйледі

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін алғаш рет жоғары деңгейдегі ресми пленарлық отырыс форматында атап өтті. Оған қазақстандық суретші, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков арнайы қонақ ретінде қатысты.

Әлем • 10 Қыркүйек, 2018

Санкция: мылтықсыз майдан

Сыртқы әлеммен байланыс орнатуда көпвекторлы сая­сатты темірқазық ет­кен Қа­зақстан АҚШ және Ре­сей елдерімен тығыз ынты­мақ­тастықта. Қазіргі таңда аталған шет мемлекет­тердің өзара қарым-қа­ты­настары саласында орын алып отырған саяси-экономикалық кикілжіңдер мен түрлі деңгейдегі дау-дамайлар еліміздің олардың әрқайсысымен орнатқан екіжақты байланыстарына салқынын тигізе қойған жоқ.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Қазақстан-қытай: Экономикалық байланысты екшеген бизнес-форум

Биыл Қытайдағы «Бір белдеу – бір жол» бастамасының жүзеге асып отырғанына тура 5 жыл толды. Осыған орай, Астанада Қазақстан мен Қытай ара­сындағы тауар айналымын арт­ты­ру­­­ға бағыт­тал­ған бизнес-форум өтті. Шығыс­тағы көршіміздің деле­гация­сын Қытай коммерция ми­нистрі­нің орынбасары Жэнь Хун Бин бастап келді. Алдымен форум қатысушылары­ның назарына Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Респуб­ликасының төр­ағасы Си Цзиньпин жолдаған бейне­құт­тықтау ұсынылып, онда Қазақстан мен Қытай арасын­дағы сауда-экономикалық қа­рым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.

Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

Ауылда тігілген аяқ киімге сұраныс артып келеді

Алдымызда қыс келе жатыр. Жылы киім алудың қар­баласы да жақын. Әсіре­се ақ қар, көк мұзға лайық, жайлы аяқ киім таң­дау­дың жөні бөлек. Дәл осы мақсатпен дүкен сөре­сін, базар қоймасын жаға­лаған жұртқа аз-кем құлақ­қағыс қылып қойсақ деп едік...

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Жақында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында өткен брифингте айтылды. 

Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

Арқаның қысы аяуды білмейді

Көкшетаулықтар Сарыарқаның сақылдаған сары аязына үйренген. Әйтсе де, әр жыл сайын мысықтабандап жететін қыс хабары «Мәді келе жатырдан» кем естілмейді.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Диқандар дамыл таппайтын маусым

Еліміздің астықты аймақтарының бірі Ақмола облысында күзгі жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыз айында басталған орақ науқаны қыркүйек айының ішінде аяқталып, шаруалар астықты қамбаға құйып үлгереді деген үміт бар. Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен бір топ журналистер облыстың астықты өңірлерінің бірі Целиноград ауданына барып, орақ науқанының барысымен танысып қайтты.