Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

Қазақстандық «ҚАЗБАТ» бітім­герлік батальоны Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Каролина штатына қарасты «МакКрейди» полигонында басталған «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда. Аталған іс-шараға биыл бес мем­лекеттің бітімгерлері жиналды. 

Қоғам • 15 Тамыз, 2018

Нарынқолдағы застава

Нарынқол – тарихи оқиғаларға бай өлке. Сонымен бірге талай тамаша талант иелері өмірге келген жер де. Ал тамылжыған табиғаты ше?! Қойнауындағы қазба байлықтары... Сөз ретіне қарай бұл өңірдің тағы бір ерекшелігін де атап айта кеткен жөн. Ол осы Аспантау аймағының мемлекеттік шекара шебінде тұрғандығында. Иә, солай. Өзіміз сөз еткелі отырған өлке тәуелсіз Қазақ елінің Қытаймен, сосын Қырғызстанмен арадағы жер межесін айқындайтын оңтүстік шығыстағы шеткі нүктесі.

Білім • 15 Тамыз, 2018

Заң кінәлі ме, балл кінәлі ме?

Таяуда Алматыдағы Туризм жəне спорт академиясының алдында грантқа өт­пей қалған талапкерлердің ата-аналары­ мен жаттықтырушылары жиналып, Білім және ғылым министрлігі өзгерткен бапқа наразылық білдірді. Олар спорттық жетістіктері өз алдына, жоғары жинаған балдарына қарамастан оқуға түсе алмағандықтарына реніш білдір­ген. 

Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда 48 полиция қызметкері баспаналы болды

Тұрғын үй мәселесі  облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтың жеке бақылауында тұр.

Білім • 15 Тамыз, 2018

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

Ғылыми-техникалық үдерістер қарқынды дамыған кезеңде еліміздің білім саласына ауқымды міндеттер жүктелуде. Осы орайда «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруға байланысты әрі жаһандық экономика жағдайында ғылымның тілін ағылшын тілінде игерудің маңызы зор екендігін уақыт дәлелдеп отыр. 

Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Алматы облысында жаңадан салынған 9 мектеп оқушыларға есік ашады

Биыл Алматы облысында жаңадан салынған 9 мектеп оқушыларға есік ашпақшы. Бұл өңірдегі апат жағдайында жұмыс істеп тұрған және үш ауысымда білім беретін оқу орындарының санын азайтады. 

Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

Тамыз айының алғашқы күндерінде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республика облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары білім басқармаларының басшыларымен өткізілген семинар алдағы тамыз кеңесінде қаралатын мәселелерге тың серпін беретіні сөзсіз. 

Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

Саналы мемлекеттік саясат­тың негізін жоғары сапалы ақ­парат пен қоғамның қатысуы қ­ұрай­ды. Ақпараттық технология кезеңінің басталуымен мем­лекетті өзекті кеңістікті ақпаратты қолданусыз тиімді басқару мүмкін емес. Кеңістіктік мәліметтер эко­номикалық, әлеуметтік және эко­логиялық сипаттағы кешен­ді мін­деттерді шешу үшін кеңі­нен қолданылуда. Кеңістікті мәлі­мет­термен жылдам алмасудың жаңа мүмкіндіктері, оған ыңғайлы және қарапайым қолжетімділік сапалы шешімдер мен тиімді әрекеттер қабылдауды қамтамасыз етеді. 

15 Тамыз, 2018

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

Таяуда «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Соколовка топтық су құбыры жаңғыртылып, Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті.

Қаржы • 15 Тамыз, 2018

Дәурен ҚАРАБАЕВ: Артықшылықты акцияларды кері сатып алу – акция ұстаушылар үшін де, компания үшін де тартымды нұсқа

Жуырда артық­шылық беріл­ген акцияларды сатып алу туралы хабарлаған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен ҚАРАБАЕВ аталған процедураның қалай жүзеге асатынын бас басылымға берген сұхбатында егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Яндекс.Метрика