Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қоғам • 07 Тамыз, 2018

Ынтымақтастықтың берік көпірі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр жылдағы жолдауларында сыртқы саясатқа арнайы тоқталып, көрші елдермен, әсіресе Орталық Азия­дағы мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Сондай көршілес, бауырлас Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі – Өзбекстан. Екі елдің халқы ғасырлар бойы араласып жатқаннан кейін, тарихи тамырымыздың байланысы да тереңде, сондықтан қазіргідей жаһандық даму кезінде де ықпалдастықты күшейте түсуіміз орынды. 

07 Тамыз, 2018

Халықаралық сарапшылар зерттеуінің нәтижесі жарияланды

Халықаралық сарапшылар адамзаттың жаһандық сын-тегеуріндер күн тәртібін қабылдауына арналған GCS 2018 Research: Mapping The Global Challenges Agenda Астана форумының маңызды зерттеуін аяқтады. Талдау нысаны бес кластер: экономика, геосаясат, технологиялар, экология және әлеуметтік қауіп-қатер бойынша топтастырылған әлемдік дамудың 90 негізгі сын-тегеуріні болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Саясат • 07 Тамыз, 2018

Қазақстан – АҚШ:Экономикалық әріптестіктің жаңа белесі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференциясына қатысу үшін Вашингтонға барғанын осыған дейін хабарлағанбыз. Сапар аясында Қ.Әбдірахманов жетекші америкалық компаниялар мен корпорациялардың басшыларымен кездесулер өткізіп, ол кездесуге АҚШ Сауда министрлігі және АҚШ Сауда өкілі кеңсесінің өкілдері де қатысты. Аталған кездесуді Қазақстан елшілігі Халық­аралық Бизнесті Дамыту жөніндегі америкалық Кеңесімен (BCIU) бірлесіп ұйымдастырды.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2018

Маңғыстау облысында жаңа жатақхана пайдалануға берілді

Тұрғындардың, бюджет саласы қызметкерлерінің баспанамен қамтылуы – мемлекеттік мәселе. Сондықтан атал­ған мәселені жіті назарында ұста­ған мемлекет басшысы халыққа арна­ған әр Жолдауында, бағдарламалық мақа­ла­ларында бұл жайында арнайы тоқталып, құзырлы орындарға қажетті тапсырма-міндеттерді жүктеп келеді. Сондай-ақ арнайы мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2018

Қызылорда тәжірибесі өзге облыстарға таратылады

«Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын» бақылау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Кеңес төрағасы бастаған делегация аймақтағы әлеуметтік және өнеркәсіптік объектілердің жұмысымен танысып, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бо­йынша кездесуге қатысты.

Қаржы • 07 Тамыз, 2018

Теңге бағамына қандай фактор әсер етті?

Америка Федералды резервтік жүйесі экономиканы тұрақ­тандыру саясатын қатаңдатуға кірісті. Бұл өзгеріс бірқатар елдің ұлттық валютасының ішінара құлдырауына алып келді. Қазақстан да бұдан қалыс қалған жоқ.

07 Тамыз, 2018

Елімізде білім бәйгесінің жүйріктері белгілі болды

Кеше еліміздің білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия жұмысы қортындыланып, грант иегерлері анықталды. Биылғы ерекшелік, конкурс нәтижесі Астана уақыты бойынша 10.00-де электронды нұсқада жарияланды. Жұрт грант иегерлерінің есімімен еліміздің бас басылымдары «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы танысты.

Медицина • 07 Тамыз, 2018

Көлік жүргізушілерін даярлаудағы кілтипан

Жол бойындағы жантүршігерлік апаттың күн өткен сайын көбейіп келе жатқандығы қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Әр апаттың артында қаншама қайғы-қасірет, адам тағдыры бар. Бейресми деректерге сүйенсек республика бойынша жыл сайын жүз мың тұрғынға шаққанда, 3 мың адам жол апатының салдарынан өмірден өтеді екен. 17 мыңға жуық адам апат салдарынан мүгедек болып қалады. Елімізде жол-көлік оқиғасының кесірінен 30 мыңға жуық адам ажал құшқан.

Қазақстан • 07 Тамыз, 2018

Елбасы жарлығымен Павлодар облысындағы аудан атаулары өзгерді

 Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 06 Тамыз, 2018

Түркістан облысындағы зорланған балаға қатысты қылмыстық іс жабылды

Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған баланың зорлануы туралы іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап. «Бас прокуратураның тергеу тобы Түркістан облысы Абай ауылындағы жас балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету бойынша қылмыстық істің тергеу амалдарын аяқтады. Әділдікті анықтау үшін іс бойынша медициналық, психо-психиатриялық, биологиялық, молекулярлық-геномдық және басқа да қажетті сот сараптамалары жүргізілді», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Яндекс.Метрика