Өнер • 06 Тамыз, 2018
Көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласы күннен күнге құлпырып келеді. Мұның өзі жаз айларында көлге алыс-жақыннан ағылып келетін туристер тасқынын арттыруға игі ықпалын тигізері сөзсіз.
Білім • 06 Тамыз, 2018
Өнер • 06 Тамыз, 2018
Көздерінен күлімдеп күн көрінген
Облыс орталығындағы Достық үйі еліміздегі халықтар достығын насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып жатады. Соның арасында суретшілер мен фотосуретшілердің шығармаларынан көрмелерді де жиі өткізеді. Әзербайжан халқының «Бірлік» этномәдени бірлестігі осылардың барлығына белсенді қатысады.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2018
Әне-міне дегенше оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Жаз мезгілінің екі айы зымырап өте шықты. Әсіресе бұл мезгілдің мектеп оқушылары үшін қызықты болатыны сөзсіз. Жаз бойы тыныққан балалар жаңа оқу жылында да білім бәсекесіне дайын болады. Сапалы білім алып, оны кәдеге жаратуға ұмтылады.
Өнер • 06 Тамыз, 2018
Астанаға Дәбей ақсақал келген. Ақын, жазушы Ырысбек Дәбейдің әкесін Алматыда бір-екі рет көріп, әңгімесін тыңдағанмын. Ескінің адамы ғой, Алтайдың аңызын, қисса-дастандарды жадынан өшірмей сақтап келе жатқан қарттың әңгіме айту мәнері де көпке ұқсамайды. Біз ұйып тыңдаймыз. Тыңдаушысын тапқан атамыз, өзі де ақынжанды кісі, шабыттанып кетеді.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2018
Әл-ауқат қорының әлеуеті артты
Биылғы алғашқы жарты жылдықтың қорытындысында «Самұрық-Қазына» холдингінің негізгі қызметінен түскен кіріс 3,339 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 процентке артық. Сонымен қатар операциялық қызмет бойынша жоспар 78 процентке орындалып, табыс көлемі 428 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2018
Ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Сушма Свараджбен кездесті.
Өнер • 06 Тамыз, 2018
Ол суреттердің тақырыбын табиғаттан іздеді. Алайда қазақтың қара топырағын дүр сілкіндірген ядролық сынақтың салдары оның болашаққа деген үмітіне қаяу түсірді. Өмірге келген өзі сияқты мүгедек балалардың сұр-сиқы, кескін-келбетіне қарап, мына әлемге лағынет айтты. Екі қолсыз өмірге келгеніне қарамастан, айналып-толғанып өсірген әкесі Телтайдың, анасы Рымжанның мейірімінің арқасында үміттің құланиек құла таңдарының көкжиегі көрінді...
Кино • 06 Тамыз, 2018
Көркем фильмге жетелейтін төте жол
Кинематографиядағы аса күрделі жанрлардың бірінен саналатын қысқаметрлі фильмдер «Қазақфильм» киностудиясының қорында көп болмаса да, жиырма жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда бүгінгі өндіріс көш ілгері өркендегенін көрсетіп отыр. Кеңестік кезеңде көрермен ертелі-кеш «Көлеңкесін қуған шал» деген жалғыз телефильмді көруге мәжбүр болатын, ал қазір «Қазақфильм» жылына екі-үш фильм дайындай алатын мүмкіндікке ие. Биылғы жыл бұған дейінгі межені тіпті көтеріп тастады, мемлекеттің ең басты киностудиясынан бес бірдей қысқа метрлі фильм жарық көрді. Осыған байланысты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық бірлестігі Алматы қаласының «Арман» кинотеатрында 2017 жылы түсірілген қысқаметрлі фильмдердің арнайы көрсетілімін ұйымдастырып, тұсауын кесті.
Білім • 06 Тамыз, 2018
Озат оқушылар – озық білім ордасында
Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында көлік саласындағы республикалық конкурстың финалдық іріктеуі өтті.