Кәсіпқой бокс • 26 Шілде, 2018
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов 8 тамызда жекпе-жекке шығады
8 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Hollywood Fight Nights» деп аталатын бокс кеші өтеді. Бокс кешінде жартылай ауыр салмақта күш сынасып жүрген Қазақстанның танымал кәсіпқой былғары қолғап шебері Әли Ахмедов шаршы алаңға шығады.
Қазақстан • 26 Шілде, 2018
Қазақстан • 26 Шілде, 2018
Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына келді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнер • 26 Шілде, 2018
Екібастұз қаласына қарасты Қаражар ауылы маңындағы Әулиекөлдің жағасында әйгілі әнші-композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы аталып өтті. Той үстінде тұлғаны есте қалдыруды көздейтін ұғымды ұсыныстар да айтылды. Облыс әкімі Болат Бақауов Естайдың есімін музыка мектебіне беру жөніндегі ұсыныс облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралатынын айтты. Облыс орталығында ақынға ескерткіш орнатылады. Қалалық тарихи-өлкетану музейінде арнайы зал ашылды.
Тарих • 26 Шілде, 2018
Сыр бойында орналасқан көне қалалардың бірі – Сығанақ. Оның 2000 жылдық тарихы бар. XІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық одағы осында тұрған. «Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан-байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан» деп жазады академик Әлкей Марғұлан. Олардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Қала базарында күн сайын 500 түйе сатылып отырған. Бұл қалаға Арқадан (Дешті Қыпшақ), Хажы – Тархан (Астрахань) жағынан көп дүние келетін, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болған.
Өнер • 26 Шілде, 2018
Солтүстік Қазақстанда актер Асылболат Смағұловтың жеке көрмесі өтті
Бейнелеу өнер мұражайында қойылған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері Асылболат Смағұловтың «Туған жер» атты жеке көрмесін қызықтаушылар қатары қалың болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов қатысты.
Тарих • 26 Шілде, 2018
Тарихи ескерткіштер елімізді танытады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі жаһандану заманында Қазақстан халқының санасын жаңа биікке көтеру, ынтымақ-бірлігін арттыру, патриотизмді нығайту, салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен бірегей ұлттық кодымызды сақтау сияқты маңызды басымдықтар қарастырылған.
Аймақтар • 26 Шілде, 2018
Студенттер емханасы сапалы қызмет көрсетеді
Кез келген елдің басты байлығы – адам. Дені сау ұлт қана мықты мемлекет құра алады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2018
Болат Бақауов облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді
Жарты жылдық қорытынды бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты дамуда. Облыс әкімінің айтуынша, жалпы өңірдегі өнім өндіру көлемі 3,3 пайызға артқан. Биыл өнім көлемін 2,5 триллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.
Қазақстан • 26 Шілде, 2018
Былайғы жұрт шіліңгір шілденің ыстығында ши қалпақ киіп, салқын көлеңке іздеп кеткенде, шақырайған күн астында еңкейіп еңбек етіп жүрген шаруалардың барын естен шығармауымыз керек.