Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 21 Шілде, 2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

Облыс өңіріндегі су айдындарында соңғы күндері үш адам суға кетті. Қайғылы жағдайдың орын алу себебі бірден түсінікті болған, олардың барлығы да рұқсат етілмеген, құтқару құралдарымен жабдықталмаған  жерлерде шомылған. Ажал құшқандардың біреуі жасөспірім, екіншісі биыл ғана мектеп бітірген жігіт, үшіншісі ересек адам. Биыл жаз кеш шықса да, шілде айы басталғалы суда ажал құшқан жағдайлар жиілеп кетті.

Технология • 21 Шілде, 2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

Енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 21 Шілде, 2018

Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті

Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Семинарға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы   Ислам Әбішев, ҚР Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, «Қазсушар» РМК және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Аймақтар • 21 Шілде, 2018

Қостанайда Дениспен қоштасу рәсімі өтті

Әлемге белгілі спортшы, олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанда  мәнерлеп сырғанаудың іргесін қалаған Денис Теннің трагедиялық өлімі қостанайлықтардың да қабырғасын қайыстырды. Қолына ақ түсті шар, гүл ұстаған қала тұрғындары Тобыл өзенінің жағсындағы «Шағала» саябағына қарай ағылды. Өзен жағасында бұзақылардың қолынан қапияда қаза болып, аққан жұлдыздай арамыздан кетіп қалған Денисті еске алып, онымен қоштасты.

Аймақтар • 21 Шілде, 2018

Қостанайда Ұлы Отан соғысының ғасыр жасаған ардагері ұлықталды

Бүгінде  арамызда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары өте сиреп кеткені белгілі. Көптеген елді мекендерде соғыс ардагерлері бірлі-жарым ғана немесе тіпті қалған да жоқ. Қостанай қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері және Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің зейнеткері, ішкі істер қызметінің майоры Михаил Степанович Кондратенко ақсақал 100 жасқа толды.

Үкімет • 21 Шілде, 2018

Денсаулық сақтау министрлігі алты айдың жұмысын қорытындылады

Елімізде медициналық көмекке көңілі толмайтындар көп. Жалпы, денсаулық сақтау саласының жұмысына сын жиі айтылады. Әрине, ауықымы кең, әрі әлеуетпен тікелей жұмыс істейтін бірден-бір әлеуметтік сала аясында «әңгіме» де көп болатыны рас. Бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны» тағы бар. Былайынша, мемлекет тарапынан қолдау  көп, қаржы бөлініп жатыр, қолға алынған бағдарламалар да баршылық. Десек те, жұмыс неге мардымсыз? Қызмет сапасы неге халықты қанағаттардырмай жүр. Міне, осындай сауалдарға қарапайым жұртшылық қана емес, Денсаулық сақтау министрлігі мамандары да «бас қатыра» бастады. Оны министрліктің биылғы алты айдын жұмыс қорытындыларына арналған алқалы жиынында да байқадық. 

Қазақстан • 21 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты.

Қысқы спорт • 20 Шілде, 2018

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

Тас түскен жеріне ауыр. Өлімнің қай сəтте жетерін білу мүмкін емес. 19 шілде күні, сағат 15:00 шамасында мəнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның лайықты спорт шебері Денис Юрьевич Тен 25 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Үкімет • 20 Шілде, 2018

Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Берік Сақбайұлы Арын Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметінен босатылып, Қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет • 20 Шілде, 2018

Үкімет басшысы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Яндекс.Метрика