Руханият • 04 Сәуір, 2019
Орталық Азия таланттарды іздейді
Ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Got Talent шоуы енді Орталық Азия елдерінің қатысуымен өтпек. «Central Asia’s Got Talent» (Орталық Азия таланттарды іздейді) телевизиялық жобасына іріктеу басталды. Таланттар шоуына қатысамын деушілерге қандай да бір шектеу жоқ, еңкейген кәріден естияр балаға дейін бақ сынай алады.
Руханият • 03 Сәуір, 2019
«JańgyryQ» тыңдарманға жол тартады
Мағынасыздық пен фальштан шаршаған бүгінгі тыңдарманға тыныштық пен күй керек. Ал дәл осы екеуі «JańgyryQ»-та тоғысады. Өйткені олардың үнінен қазақтың жаны мен дәуір шындығы естіледі. Заманауи қазақ музыка кеңістігінде тыңнан жол салып жүрген есімі көпке мәлім жұлдыздар «JańgyryQ» атты жаңа жоба ұсынып отыр.
Өнер • 19 Қараша, 2018
Ғасырлар бойғы қалыптасқан ұлттық таным мен жаңашылдық синтезінің бүгінгі көрінісі Аза Шәденнің қылқаламынан өзгеше өрнек тапқан. Астанада өткен заманауи арт көрмелердің бірінде әуелі Азаның өзімен емес, тұманды Альбионды асып жеткен шығармашылығымен танысқан едік. Артынша суретшімен де тілдесуге асықтық. Жас суретшінің шығармашылығы несімен дара? Бейнелеу өнерінде оны не толғандырады?
Өнер • 17 Қазан, 2018
Дэнис Кин: Алматыдағы мозаикаларды сақтап қалғым келеді
Алматының көрікті көшелерімен біте қайнасып кеткен монументтік картиналарды жиыстырып, бас-аяғын мұқият түгендеп жүрген жалғыз адам бар. Ол – алматылық Дэнис Кин. Оның елдегі монументтік бейнелеу өнері саласының бүгінгі жай-жапсары, Monumental Almaty жобасының маңызы, болашақ жоспары жайындағы әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 23 Тамыз, 2018
Зәуре Батаева: Тапсырыс – әдебиетке жасалатын қиянат
Зәуре Батаева – аудармашы, жазушы және блогер. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті (ҚазҰПУ) мен Индиана университетінің (АҚШ) түлегі. «Мектеп», «Антрополог» повестері мен қысқа әңгімелері жарық көрген. Қазақ жазушыларының шығармаларын тікелей ағылшын тіліне аударуға атсалысып жүр. Бүгінде Бельгияда тұратын қаламгердің аударма ісі, жазушы мұраты туралы әңгімесін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2018
Сізді қазы сатады деп естідім, келісі қаншадан» деп WhatsApp желісінен хат жазып жібердім. Аздан соң байланысқа шыққан ол бармақ елі қазы 15 еуродан басталып, 20 еуроға дейін жететінін айтып жауап берді. Осылайша жөн сұраса келе, өзін Сағынғали Мамаев деп таныстырған жігітіміздің Бельгияда тұратынын, арасында қазы сатып, қосымша табыс табатынынан хабардар болдық. Қазір Брюссельде жұмысшыларға киім тігетін орталықта тапсырыстарды қабылдап, жеткізіп берумен айналысады. Қазы сатып байып кетпесе де, той-томалақ жасаған Еуропадағы қазақтар осы Сағынғалиға тапсырыс беріп, қазыны кертіп жеп отыр.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2018
Астанадағы атаулар. Ала-құлалықтан қайтсек арыламыз?
Еліміздің байтағына, мемлекеттің мақтанышына айналған Астананың тыныс-тіршілігіне қатысты кез келген түйткіл Елбасының назарынан тыс қалған емес. Мемлекет басшысы тіпті әрбір нысанның атауына да зор мән беретіні белгілі. Елорда төріндегі кейбір ғимараттардың эскизін сызып, халық көңілінен шыққан ұлттық нақыштағы атауларды да өзі қоюы – соның айғағы.
Кино • 16 Қаңтар, 2018
Көрермен аз деп қашанғы алдайды?
Атақты Pixar студиясының кезекті туындысы «Коконың құпиясы» анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалды дегенді естіп, жұмыстан шыға сала кешке қарай тайлы-тұяғымызбен кинотеатрға ағылғанымыз бар. «Бақсақ бақа екен» демекші, фильмнің қазақ тіліндегі сеанстары кешкі уақыттарда көрсетілмейтін болып шықты. Ал фильмнің орыс тіліндегі сеансы арасына сағат салып самсап тұр. Бұл өзге өңірлерді айтпаған күннің өзіндегі, мегаполис санатындағы Астана мен Алматы қалаларындағы жағдай. Осы орайда ел аумағында көрсетілетін фильмдердің прокат тілі жайында және қазақ тіліндегі фильмдердің кинотеатрлардағы көрсетіліміне байланысты көрермен наразылығы жыл өткен сайын үдеп келеді. Ал қазақ тіліне дубляждалған туындының кинотеатрларда кеңінен көрсетілмеуінің себебін әркім әрқилы түсіндіреді.