Руханият • 20 Наурыз, 2020
«Наурыз-думан» әні қалай туды?
«Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда». Осы бір рухты да салтанатты әннің Наурыз мейрамының бойтұмарына айналып үлгергені қашан. Әнмен бірге қазақтың жүрегі қатар соғып тұрғандай. Әннің бағы – Мұқағали Мақатаевтай ақиық ақынның кестелі сөзіне Талғат Сарыбаевтай кәсіби композитордың сырлы сазы үндесіп, оны Роза Рымбаевадай талантты әншінің орындауы. Міне, осы шығармашылық үштік одақ «Наурыз –думанға» ғаламат тағдыр сыйлады.
Кино • 20 Наурыз, 2020
Наурыз айы ұлттық кинематографиямыз үшін табысты басталды. Отандық жас режиссер Рамазан Қалиолланың қысқаметрлі «Домбыра» фильмі осы айда қос бірдей халықаралық фестивальға жолдама алды.
Таным • 06 Наурыз, 2020
«Өлгені Төлегеннің рас болса, Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?..». Фильмдегі сай-сүйегіңді сырқыратар Жібектің осы бір жоқтауын жүректі пенде жайбарақат тыңдай алмаса керек. Ал өнерде ғана емес, өмірде де қос аққудай жарасып қатар жүзген қос ғашықтың сыңары қапияда мәңгілікке бағыт бұрса, егізі егілмей қайтсін?! Әлі есте, осыдан жыл бұрын театрда тұсауы кесілген «Қыз Жібек» спектакліне жалғыз келген Жібек – Меруерт Өтекешованың дәл осы жоқтау айтылатын сахнада жанарын шылаған жасты тыя алмай, толқығанын көргенде біз де еріксіз мұңайғанбыз. Мәңгілік адал махаббат жырда ғана емес, өмірде де болатындығына шын иланғанбыз. Сондай саф сезімнің пешенеге бұйыруын іштей тілек еткенбіз. Бұл жолы да қазақтың Қыз Жібегі атанған Меруерт Өтекешовамен жүздесіп, тілдесіп отырып актрисаның мөлдір жанарына тұна қалған тұңғиықтан адал жарға деген шексіз сағыныштың ізін көрдік. Қыз Жібек Төлегенін сағыныпты...
Абай • 28 Ақпан, 2020
Назарбаев Университетте Халықаралық түркі академиясы және аталған жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының қолдауымен қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай оқулары» байқауы өтті.
Сұхбат • 21 Ақпан, 2020
Ержан Нұрымбет: Әртіс әлемі жұмбақ болуы керек
Кей актерлер болады, сахнаға жалқы сәт шығып, жарқырап жүректе жатталатын. Шағын эпизодтық рөлінің өзі басты кейіпкерлермен бәсекеге түсіп, бәсі биікте салтанат құратын. Олар ойнамайды, кейіпкерімен өмір сүреді. Тұлғасы тұтасымен өнердің өзіне айналып кетеді. Сахна мен экран бірдей сүйетін ондай талант санаулы. Замандас сахнагерлер арасындағы сол аздың алды – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Ержан НҰРЫМБЕТ десек, артық айтқандығымыз емес.
Өнер • 19 Ақпан, 2020
Елордада Театр жылы басталды. Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен биыл бас шаһар ресми түрде театр қаласы болып жарияланды. Осыған орай Жастар театрының «Ақжелкен» мәжіліс залында сахна саласы мамандарының қатысуымен «Театр диалогы» клубының тұсаукесері өтті.
Өнер • 18 Ақпан, 2020
«Бетховен» биледі, «Моцарт» ән салды...
Моцарт пен Бетховен! Әуеніне әлем тамсанған қайраткерлерді музыкасынан бөліп қарау әсте мүмкін емес. Тұлға табиғатындағы тереңдіктің сырын ұғыну үшін де рояль пернесі төгер маңғаз музыкаға мың қайтара мойын бұрып, көңіл қоярымыз хақ. Олай дейтініміз, Моцарт та, Бетховен де музыкадан бөлініп, дербес қарастырылмайтын егіз ұғым, егіз тағдырлар... Елорда халқы үшін демалыс күндері рухани мазмұнға бай болды. Бас қаланың қос бірдей театры сахнасында классикалық музыканың майталмандары мұрасы салтанат құрды. «Астана Опера» театры бекзат өнер көрермендері назарына неміс хореографы Раймондо Ребектің «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетін ұсынса, Жастар театры төрінде француз композиторлары Жан-Пьер Пило мен Оливье Шультездің «Моцарт» мюзиклі мереке сыйлады.
Руханият • 06 Ақпан, 2020
Сахна қараңғылығын төбеден себезгілей құйылған жарық сейілтті. Ақын өлеңдерін кезектесе оқып ортаға шыққан актерлер көрерменін ә дегеннен өзіне елітіп ала жөнелді. Себебі залдағы әр адамға бұл шумақтар әрі аса таныс, әрі сондай жақын еді...
Абай • 05 Ақпан, 2020
Жыл басынан басталған қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ұйымдастырылып жатқан сан алуан бағыттағы тағылымды шаралар легі әсте толастамақ емес. Керісінше, ақын мұрасын терең зерделеуге бастайтын өнегелі, өрісті істер өзінің мазмұндық мәнімен руханият қоржынына мол олжа салуда. Соның бірі – «Құнанбай» кітабы.
Сұхбат • 24 Қаңтар, 2020
Құрмаш Маханов: Зиялы өнер тойда тумайды
Әнші Құрмаш Махановты әуезді әндері арқылы ел жақсы біледі. Эстрадалық музыканың есті орындаушысы ретінде көкірегі ояу көрермен көңіліне берік бекіген өнер иесін, рас, соңғы уақытта әншілер бас қосар дулы орта, концерттерден көп көрмей кеттік. Сөйтсек, дабыра-дабылдан алшақ кетіп, үнсіз ғана өнер тудырудан жаны рахаттанып, көңілі шабыт алатын талғампаз жан «Анаға арнау» атты жеке концертіне қызу дайындық үстінде екен. Уақытының тығыздығына қарамастан, қонағына төр ұсынған әнші өнер жайлы ойын ортаға салды.