Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
375 материал табылды

Өнер • 18 Ақпан, 2020

«Бетховен» биледі, «Моцарт» ән салды...

Моцарт пен Бетховен! Әуеніне әлем тамсанған қайраткерлерді  музыкасынан бөліп қарау әсте мүмкін емес. Тұлға табиғатындағы тереңдіктің сырын ұғыну үшін де рояль пернесі төгер маңғаз музыкаға мың қайтара мойын бұрып, көңіл қоярымыз хақ. Олай дейтініміз, Моцарт та, Бетховен де музыкадан бөлініп, дербес қарастырылмайтын егіз ұғым, егіз тағдырлар... Елорда халқы үшін демалыс күндері рухани мазмұнға бай болды. Бас қаланың қос бірдей театры сахнасында классикалық музыканың майталмандары мұрасы салтанат құрды. «Астана Опера» театры бекзат өнер көрермендері назарына неміс хореографы Раймондо Ребектің «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетін ұсынса, Жастар театры төрінде француз композиторлары Жан-Пьер Пило мен Оливье Шультездің «Моцарт» мюзиклі мереке сыйлады.   

Руханият • 06 Ақпан, 2020

Өнермен өрілген өлең-өмір

Сахна қараңғылығын төбеден себезгілей құйылған жарық сейілтті. Ақын өлеңдерін кезектесе оқып ортаға шыққан актерлер көрерменін ә дегеннен өзіне елітіп ала жөнелді. Себебі залдағы әр адамға бұл шумақтар әрі аса таныс, әрі сондай жақын еді...

Абай • 05 Ақпан, 2020

«Құнанбай» – құнды кітап

Жыл басынан басталған қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ұйымдастырылып жатқан сан алуан бағыттағы тағылымды шаралар легі әсте толастамақ емес. Керісінше, ақын мұрасын терең зерделеуге бастайтын өнегелі, өрісті істер өзінің мазмұндық мәнімен руханият қоржынына мол олжа салуда. Соның бірі – «Құнанбай» кітабы.

Сұхбат • 24 Қаңтар, 2020

Құрмаш Маханов: Зиялы өнер тойда тумайды

Әнші Құрмаш Маханов­ты әуезді әндері арқылы ел жақсы біледі. Эстра­далық музыканың есті орындаушысы ретінде көкірегі ояу көрер­мен көңіліне берік бекіген өнер иесін, рас, соңғы уа­қытта әншілер бас қосар дулы орта, концерттерден көп көрмей кеттік. Сөйтсек, дабыра-дабылдан алшақ кетіп, үнсіз ғана өнер тудырудан жа­ны рахаттанып, көңілі шабыт алатын талғампаз жан «Анаға арнау» ат­ты жеке концертіне қызу дайындық үстінде екен. Уақытының тығыз­ды­ғына қарамастан, қона­ғына төр ұсынған әнші өнер жайлы ойын ортаға салды.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2020

Абай тойы басталды

Күллі қазаққа ортақ алқалы той Арқа төріндегі Алаш астанасы­нан бастау алды. «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театрында өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты салтанатты кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Ғарифолла Есім: Абайдың тойы – ойдың тойы

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын біз не үшін жалпыұлттық деңгейде тойлағалы отырмыз? Оның себебі неде? Бұл әншейін той тойлау емес, ойлану, қазіргі жағдайымызға парасат биігінен көз тігу деп білемін.

Сұхбат • 31 Желтоқсан, 2019

Рауан Кенжеханұлы: Дамыған елдер, озық қоғамдар ең әуелі мазмұнымен алда

– Рауан Кенжеханұлы, «100 жаңа оқулық» жобасының бүгін­ге д­ейін жет­­кен жетістігі һәм бол­а­шаққа жос­пар­­ланған бағ­да­ры турасында айтып өтсеңіз. Соңғы бір жылда нақты қандай жұ­­мыс­­тар атқарылды?

Руханият • 26 Желтоқсан, 2019

Ой биігіндегі Отарбаев әлемі

Біз ұшақтан түскенде Атырау аспаны әлдеқашан түнеріп алған екен. Күннің көзі сәл күлімдесе, жылап жіберуге дайын тұрғандай. Біздің де көңіл алай-дүлей... Кекіл шашын төбесіне көтере жинап, «Айналайын, келдің бе?» деп жүзіне мейірім тұнған мәрт қалпымен қашанда құшақ жая қарсы алар аяулы ағаның енді ешқашан алдымыздан аңқылдап шықпайтынына ақыл сенгенімен, жүрек сенбейтіндей... Талай мәрте фестиваль төрінде жүздесіп, аузынан айналайынын естіп үйреніп қалғандықтан болар, бұл жолғы өзі атындағы фестивальдың қаламгердің өзінсіз өтетіндігін ойлағаннан-ақ Атырау аспанының күйі бізге тым-тым таныс болып бара жатқандай...

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Сібірдің сыңғыр үні – елорда көрермендерін тәнті етті

Қыраулы қыс мезгілімен бірге елордаға Сібірдің сыңғыр үні де қатар жетті. Д.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театры Қазақстанға жасаған алғашқы гастрольдік сапарын «Астана Опера» театры төрінде абыроймен өткізді. Шығармашылық ұжымның тамаша тартуы – А.Бородиннің «Князь Игорь» операсы мен А.Глазуновтың «Раймонда» балетін астаналық көрермен зор қошеметпен қарсы алды.

Руханият • 09 Желтоқсан, 2019

Сайрайды бұлбұл...

Астана кеші бүгін тіпті ерекше құлпырып кеткендей. Көше бойына қаздай тізіле бой түзген самаладай жарқыраған түнгі қала шамдары да шаһар көркіне көрік үстеп, айрықша сыршылдық сыйлап тұр. Арқаның аязына қарамастан, шоқ-шоқ гүлін қолтықтай «Астана Опера» театрына қарай ағылған жұрттың қарасында шек жоқ. Иә, бүгін айтулы күн, тарихи сәт. Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова 90 жылдық мерейтойын атап өтеді мұнда.