Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
325 материал табылды

Театр • 13 Қыркүйек, 2023

«Абай» трагедиясымен ашылады

Астанаға күз келді. Қоңыр күзбен бірге елорда театрлары да жаңа маусымының шымылдығын түруге қызу дайындық үстінде. Бас қаланың басты өнер ордаларының бірі – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXXIII театр маусымының шымылдығын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады.

Әдебиет • 15 Тамыз, 2023

Қарама-қарсылық құбылысы

Адам және оның тағ­дыры – Орал­хан Бөкей шығармашылығының басты лейтмотиві. Ол жазу әлеміне «мал, мал­шы, өндіріс, жұ­мыс­шы» деп күбірлеп, сыбырлап келген жоқ, бар даусымен ай­қай­лап «Адам!» деп кел­ді. Адам, Адамның тағдыры дейтін үлкен гуманистік мұрат­тар­ға ұмтылды. Жазу­шы­­ның алғашқы шығар­маларының бірі – «Мұз­тау» повесінен (1974) бастап соңғы жа­рық көрген «Атау кере» романына (1989) дейінгі аралықтағы қай туындысында да кейіпкерлер – «адам орманда» адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген пенделер.

Сұхбат • 11 Тамыз, 2023

Кеңес Жұмабеков: Ұлылық өлшемі – қарапайымдылық

Бұл актерді кезінде Әзірбайжан Мәмбетов маңдайынан сипап, Нұрмұхан Жантөрин жақын тартқан. Әнуар Молдабеков арқасынан қағып, ағалық қамқорлығын аямаған. Ал Ебіней Бөкетов, Жайық Бектұров сынды тұлғалардан алған тәлімі өз алдына бір үлкен мектеп. Жастайынан жақсылардың шарапатын көрген әртістің сахнада көптің бірі болуы мүмкін де емес еді. Ұлылар салған ұлағатты жолдың қасиетін ерте түсінген өнер иесі 90 жылдық тарихы бар «Арқаның ақ сарайы» атанған С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 55 жыл табан аудармай еңбек етіп, бүгінде өнердің тұғырлы тұлғасына айналды. Қарағандының маңдайға басқан қара шаңырағы – Сәкен театрының ардагер әртісі, театр тарланы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, саналы ғұмырын сахнаға арнаған саңлақ актер Кеңес Жұмабековтің театр туралы толғанар толғамдары да өнеріндей өнегелі, тағдырындай тағылымды.

Мәдениет • 10 Тамыз, 2023

Қарағанды театрының тартуы

«Астана Опера» сахнасында үш күн бойы үздік туындыларын көрсетуге асық Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұжымы 11-13 тамыз аралығында елордалық көрермендерге қызықты спектакльдерін тарту етеді.

Өнер • 03 Тамыз, 2023

Ұлттық бидің Словениядағы салтанаты

Жақында оныншы мерейтойлық маусымын сәтті қоры­тындылаған «Астана Опера» театрының әлем бойынша турлары әлі де жалғасып жатыр. Өткен аптада Словенияда өткен 71-інші жазғы Любляна фестивалі аясында мазмұнды гастрольдік бағдарламасын тарту етіп, табысты өнер көрсетіп қайтқан театрдың балет труппасы шетелдік көрермендерін теңдессіз талантымен тәнті етті. Әлемдік балет жұлдызы, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова құрған гастрольдік бағдарлама екі күннің ішінде Крижанке жазғы сахнасында 10 мыңға жуық көрермен жинады.

Театр • 31 Шілде, 2023

Театр фестивальдеріне түбегейлі төңкеріс қажет: Еркін Жуасбек

Театр әлемі – сырттай сұлу көрінгенімен, ішіне үңілген сайын қатталған мәселе мен түйіні шешілмеген түйткілі мол сала және әрдайым түрлі пікірталас пен қызу талқыға арқау болып жататын шым-шытырық қайшылықтар алаңы. Актерлік өнер мен режиссура, драматургия мен талғам һәм сахнадағы түрлі тәжірибе – мұның барлығы әсерлі әңгіменің негізіне айналар тартымды тақырыптар. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург, театр сыншысы, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбектің айтары мол. Өнерді өз ішінен танитын тұлға театр туралы толғамдарын ортаға салды.

Қоғам • 10 Шілде, 2023

Kitap Fest – кемелденуге қадам

Жаңа ғасырдың адамзатқа сыйлаған игілігінің бірі заманауи техниканың озық жетістіктері деп марқайсақ та, сол табысты шектен тыс асыра пайдалану адамды өзінен өзін алыстатып жатқанын да мойындауға тиіспіз. Себебі бар назары гаджетке бұғауланған бүгінгінің адамының құндылығы да, құндылыққа деген көзқарасы да түбегейлі өзгерген. Сондайда сырласқа сусаған жаныңды кітаптан іздеуің де қалыпты жайт. Ұлы Толстойдың: «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деген ойы қалай қалтқысыз айтылған дейсің дәл осындай көңіл күй үстінде тұрып. Ал өткен демалыста өткен Kitap Fest халықаралық кітап жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы адамның кітап оқу мен ішкі рухани кемелденуге деген құлшынысын ешқандай жарқ-жұрқ техниканың алмастыра алмайтынын тағы бір мәрте мойындатқандай.

Театр • 10 Шілде, 2023

Өнер шаңырақтарының сыйы

Өнері бар ұлт – өміршең ұлт десек, елордамыздың ширек ғасырдағы жеткен жетістігі мен бағындырған белесінің дені негізінен ұлттық өнерімен баянды. Арқа төрінде бой көтерген алып астананың ажарын ашып тұрған еңселі ғимараттар тек архитектураның озық үлгісі ғана емес, ұлттық рух пен қазақы қалыптың қазыналы ордасындай.

Театр • 04 Шілде, 2023

Россини туындысы – Астана сахнасында

Өткен жұмада «Астана Опера» сахнасында ұлы композитор Джоаккино Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» туындысы алғаш рет елордалық көрермен назарына ұсынылды. Заманауи сараптауда қойылған опера жауһары «ОПЕРАЛИЯ-2023» халықаралық фестивалі бағдарламасының сәнін кіргізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар талғампаз театрсүйер қауым үшін де естен кетпес ерекше жаңалық болғаны рас.

Театр • 03 Шілде, 2023

Түркістаннан жеткен тарту

Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Арқа төрінде апта бойы салтанат құрады. Елордамыздың 25 жылдық мерейтойы һәм Түркістан облысының құрылғанына ­5 жыл ­толуына орай ұйымдастырылған гастрольдік сапарында еліміздегі ең жас театр таңдаулы спектакльдерін бас шаһардың талғампаз көрермендеріне тарту етеді.