Рон
Әлем • 03 Тамыз, 2020
Әлемде қауіпті індет жұқтырғандар саны 18 млн-нан асты
3 тамызда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 18 019 472, өлім саны - 688 369, айыққандар саны - 10 649 111 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 02 Тамыз, 2020
ДДҰ пандемияның ендігі беталысы туралы айтты
ДДҰ мамандары қауіптің ең жоғары деңгейіне әлі жетпегенімізді айтып жатыр. Ұйымның аймақтық директоры Ханс Клуге бұған дейін Еуропада коронавирустың өршуіне байланысты жастарды, әсіресе олардың арасында, жұқтырудың көптеген жағдайлары үшін айыптауға болатынын айтқан. Оның пікірінше, өсу жастардың әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтағысы келмеуіне байланысты болуы мүмкін, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 02 Тамыз, 2020
Канада жұртына да COVID-19 біраз салмақ салды. Елдің Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметіне қарағанда 116,5 мың ауру жұқтыру тіркелген, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 02 Тамыз, 2020
Қазақстанда 61 839 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1014 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 02 Тамыз, 2020
COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері шықты
Қазақстан Республикасында COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Тамыз, 2020
Елордалық жедел жәрдемге қоңыраулар саны 10 есе азайды
Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 01 Тамыз, 2020
COVID-19: Құрсауланған қара құрлық
Африканың ОАР, Нигерия, Гана, Алжир, Кения, Камерун, Кот-д'Ивуар, Эфиопия мемлекеттері COVID-19 тырнағын қатты сезінуде, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 01 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 1308 адам коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1308 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 01 Тамыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты
Қазақстанда өткен тәулікте 1289 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 581 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Жүректің зақымдануы COVID-19-бен ауырған барлық адамда кездеседі
Ғалымдардың назары енді COVID-19-бен ауырып, жазылып шыққандардың оңалту кезіндегі жағдайына ауа бастады. "Жақында жарияланған екі зерттеуде COVID-19 инфекциясынан айыққан адамдарда ұзақ уақыт жүректің асқынуы мүмкін екендігі айтылды", деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.Ru дайындаған зерттеулерге сілтеме жасап.
Медицина • 30 Шілде, 2020
Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді
Бас санитарлық мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 30 Шілде, 2020
COVID-19: Франциядағы сақтық шаралары
Франция Денсаулық сақтау бас басқарамасының деректері бойынша елде SARS-CoV-2 жұқтырғандар саны артуда деп жазады "Le Figaro" және "REGNUM".
Медицина • 30 Шілде, 2020
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтуде
COVID - 19 коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтуде. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус • 30 Шілде, 2020
COVID-19: Ұжымдық иммунитет пайда бола ма?
Адамзат баласы таяу мезгілде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетке ие болады деген пікірге ДДСҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарлама директоры Майкл Райан күмән келтірді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Коронавирустан емделіп жатқан науқастарға тағы 3 дәрі тегін беріледі
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
COVID-19 жұқтырған 113 медицина қызметкері біржолғы төлем алды
28 шілде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша COVID-19-бен күреске тартылған 113 медицина қызметкеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 28 Шілде, 2020
Қазақстандықтар Дубайға келерде коронавирус сынамасын екі рет тапсырады
Дубайға саяхаттағысы келетін қазақстандықтардың коронавирустық диагнозға қатысты теріс сертификаты болуы және әуежайға келгеннен кейін мұрын жағындысын тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 28 Шілде, 2020
Жапонияда дезинфекция жасайтын роботтар таныстырылды
Жапонияның теміржол компаниясы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған роботтардың бірнеше нұсқасын көпшіліктің назарына ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайлары 29%-ға төмендеді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары қаралды. Еліміз бойынша ағымдағы жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндап берді, - деп хабарлады Egemen.kz
Үкімет • 28 Шілде, 2020
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электронды сауданы дамыту мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов коронавирус бойынша елордадағы ахуалды баяндады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақтың едәуір азайғанын мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 28 Шілде, 2020
Қазақстанда 55 мыңға жуық науқас коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1833 адам коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 27 Шілде, 2020
Адамзат коронавирусты жеңе ала ма?
Батыс сарапшылары осыған дейін коронавирусты адамзаттың тұрмыс-салтына өзгеріс енгізген ғасыр дертіне балаған болатын. Миннесота университетінің ғалымдары да осы пікірді растап отыр. Демек, біздің де осы қағидаға бейімделуден өзге амалымыз жоқ сияқты. Күн сайын, сағат сайын көзжақсыларымызды жалмап бара жатқан дертті ауыздықтайтын кілт қолымызда әзірге жоқ. Ғалымдардың пайымдауынша, SARS-CoV-2 коронавирусы ешқашан толықтай жеңілмейді, вакцина адам ағзасына бейімделетін және қарапайым суық вирустары сияқты таралатын COVID-19 патогенінің таралуын шектей алады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 27 Шілде, 2020
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Сейсенбі күні, 28 шілдеде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Наурыздан маусымға дейін 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді
Наурыз айынан маусым айына дейін Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді. Осы мақсатта МӘСҚ ауруханаларға 9 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Бұл туралы МӘСҚ басшысы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді
Қазақстанда COVID-19 шалдыққандарға үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді. Өңірлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада құрылды, олардың 1 693-і ауылдарда қызмет етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Премьер-Министрдің орынбасары дәріханалардағы дәрі қорын бақылады
Сыр өңіріндегі жұмыс сапары аясында вице-премьер аймақтағы дәріханалардың дәрі қорына қатысты қабылданған шаралармен танысып, дәріханалар желісінің жұмыс жасау барысын бақылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2020
Ішкі мәдениеттің жоқтығынан коронавирусты асқындырып алдық – Айдос Жұқанұлы
Елімізде болған дәрі-дәрмек тапшылығына әкімдер емес, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапсыздығы себеп болды дейді белгілі журналист Айдос Жұқанұлы. Оның пікірінше, вирустың ел арасында жаппай таралуына халықтың жауапсыздығы да себеп. Бұл туралы ол "Nur Otan" партиясы жақтастарының zoom-конференциясында мәлімдеді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Шымкентте пневмониямен ауырған науқастардың 80 пайызы жазылып шықты
Шымкент қаласында пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы емделіп шықты. Мәселен, жыл басынан бері пневмония ауруына шалдыққан 12595 науқас тіркелген болса, қазірде оның 10263 науқасы емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Шілде, 2020
Бразилияда бір тәулікте 60 мыңға жуық адам індет жұқтырды
Бразилияда бір тәулікте COVID - 19 жұқтырған 59 961 науқас тіркелді. Жалпы елде қауіпті індет жұқтырғандар саны 2 287 475 адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz