Күні
Елорда • 06 Шілде, 2022
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Биыл елордамызға 24 жыл. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны 4 есе өсті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Елорда • 05 Шілде, 2022
БҚО-да Астана күні атап өтіледі
Батыс Қазақстан облысында Елорда күніне орай түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қауланова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Астана күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Биыл Нұр-Сұлтанда қала күніне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Шілде, 2022
Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Шілде айында қазақстандықтар әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса 1 күн демалатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Маусым, 2022
Елордада қала күні қалай тойланады
Биыл еліміздің бас қаласы өзінің 24 жылдығын тойлайды. Қала күніне орай мәдениет, спорт мекемелері, қаланың шығармашылық ұжымдары көңілді, мерекелік бағдарлама дайындауда, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Маусым, 2022
Елордада Халықаралық Олимпиада күні аталып өтті
Маусым айының ортасында Ұлттық Олимпиада комитетінің мұрындық болуымен Қазақстан аймақтарында басталған Халықаралық Олимпиада күнінің эстафетасы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон саябағында мерекелік спорт мерекесімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2022
Қазақстан полициясына – 30 жыл
Отыз жыл бұрын ішкі істер органдары туралы заң қабылданған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Маусым, 2022
Елордада Олимпиада күніне орай спорт фестивалі өтеді
23 маусым күні сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Триатлон саябағында Халықаралық Олимпиада күніне арналған спорттық мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2022
Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2022
Бүгін – Халықаралық архив күні
Бұл кәсіби мерекені дүние жүзіндегі тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін мамандар атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2022
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту аясында республика бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
«Тілектер ағашы» балалардың тілегін орындайды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындау мақсатында «Тілектер ағашы» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
Балалар жылы аясындағы іс-шараларға 48,3 млрд теңге бөлінген
«Балалар жылы» аясындағы іс-шараларға 48,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жазды.
Елорда • 01 Маусым, 2022
Елордада Білім-паркі, креативті білім және технологиялар орталықтары ашылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында балалардың шығармашылығы мен білімін дамытуға арналған бірнеше орталық ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 01 Маусым, 2022
Президент «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады
Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың «Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Маусым, 2022
Оралда балаларға арналған фестиваль өтті
Орал қаласында «Балалар жылы» және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты фестиваль өтті. Тұңғыш Президент алаңында өткен мерекелік іс-шараға 1500-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Маусым, 2022
Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2022
Балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
1 маусым күні Алматы оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Акция бір күнге арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Мамыр, 2022
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды
Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2022
Бүгін Қарағанды облысында соғыс ардагері жүз жасқа толды
Жеңіс күні Қарағанды облысының Осакаровка кентінде ҰОС ардагері Николай Медведев 100 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ардагерді ауыл тұрғындары, аудан әкімі Нүркен Көбжанов ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Ресейдің Қазақстандағы елшісі генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл қойды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Алтай Көлгінов ҰОС ардагерлерін жеңіс күнімен құттықтады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2022
Түркістан облысында 21 соғыс майдангері тұрады
Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден, ал соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 100 мың теңгеге дейін бірреттік көмек беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Президент Әкімшілігінің басшылығы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылық құрамы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2022
Президент бірқатар мемлекет басшыларын Жеңіс күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Сенат Спикері Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысты
Елордада Жеңіс күніне арналған іс-шаралар легі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қоюымен басталды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев та қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Мәжіліс Төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Мамыр, 2022
ҚР Премьер-Министрі Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.