е
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Алматыда шетелдік туристер көбіне қай жерлерге барады?
Алматы қаласында 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелдік туристер ең жиі барған нысандар анықталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл кезеңде туристер арасында ең жоғары сұранысқа ие орын – Shymbulak тау-шаңғы курорты. Оның үлесіне шетелдік туристер сапарының 30,62 пайызы тиесілі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Асу Алмабаев UFC-де ТОП-5 қатарына кіруі мүмкін
UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизионның үздік бестігіне енуі ықтимал. Бұл туралы MMACrossfire.com сайты жазды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Депутат: Құлыбаевтар бизнес-орталықты не сүріп тастауы керек, не университет балансына беруі керек
Алматыда Тимур Құлыбаевқа тиесілі компаниялар салған бизнес-орталықтың тағдыры қайтадан күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесіндегі ғимаратты сүру мәселесі көтерілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Чилидің жаңадан сайланған президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Президентке ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Жетісуда 32 спорт нысаны салынды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысының Лепсі ауылында жатақханасы бар жаңа көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Енді бұл кешенде Лепсі спорт мектебінің тәрбиеленушілері тұрақты түрде жаттығады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты іс-шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Атақты режиссерді өлтірді деген күдікпен оның ұлы ұсталды
Америкалық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы, продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 32 жастағы ұлы Ник Райнер ата-анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді
Әлем жұртшылығын әнімен тербеген, төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш еткен өнерпаздың бүгін туған күні. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 96 жасқа аяқ басты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Майға тәуелділік азаяды: Шығыс Қазақстандағы жаңа зауыттың ерекшелігі неде?
Өскеменде май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналатын ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауытының салтанатты ашылуы өтті. Зауыт өнімі жоғары сапалы болады әрі өндірістің экологиялық қауіпсіздігі сақталған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның ЖІӨ өсімі жыл басынан бері 6,4%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Электр энергия өндірісінің 7%-дан астамын жаңартылған энергия көздері қамтамасыз етті
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға жағдай жасап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік мерекесіне тарту: Жетісудың мәдениет мекемелері жаңа автокөліктермен толықты
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында өңірдің мәдениет саласын қолдауға бағытталған маңызды шара өтті. Талдықорған қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған салтанатты рәсімде жергілікті мәдениет мекемелеріне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды. Техниканы облыс әкімінің атынан оның орынбасары Диас Есдәулетов салтанатты түрде табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Абзал Әжіғалиев өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына аттанады
Шорт-тректен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев Milano Cortina – 2026 Қысқы Олимпиадасына аттанады. Тәжірибелі спортшы төртінші Олимпиадасына бар күш-жігерін салуға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Аяз, көктайғақ: Астананың бас травматологы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас штаттан тыс травматолог, басқарма маманы Алексей Солод қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және көшеде сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Энергетика министрі: Жылу желілерінің тозуы 25%-ға азайды
2025 жылға арналған Үкімет жұмысының қорытындыларын шығару аясында Astana Hub алаңында өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымында атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Қостанайда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды
Қостанайда өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон полициясы заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 15 Желтоқсан, 2025
Парижде «Қобыланды батыр» эпосы сахналанды
Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртістері Францияға гастрольдік сапармен барып, Парижде «Қобыланды батыр» қойылымын сахналады. Хореографиялық элементтермен, ерекше көз тартарлық костюмдермен, домбыра мен қобыздың дауысымен көркемделген қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов пен Франциядағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қойылымға арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
V Азия Пара ойындарында еліміз неше медаль еншіледі?
Жасөспірімдер арасында V Азия Пара ойындары Дубай (БАӘ) қаласында осы айдың 10-13 күндері өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинада президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Владимир Зеленский жақында Берлинде АҚШ және Еуропа елдерінің жетекшілерімен кездесетінін хабарлады. Кездесу бейбітшілік жоспарын талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Айым Тілепберген: Дәстүрлі садақ ату – дәлдік пен байсалдылық спорты
Еліміз дербестігін алғаннан кейін ұлттық спорт жаңа серпінмен дамығаны анық. Дәстүрлі садақ ату ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып, ұрпақ мақтанышына айналған өнер. Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мақтанышына айналған спорт саңлақтары туралы сөз етпекпіз. Соның бірі садақшы Айым Тілепберген. Ол спорттың бұл түрін алғашында жай хобби ретінде қарастырған болса, бүгінде ол осы бағыттың үздігі атанған, деп жазады Egemen.kz
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді
Футбол жанкүйерлері 2026 жылы Мексикада, АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына билеттердің тым қымбат болуына байланысты наразылық білдіріп, оларды сатып алмауға үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ақкенженов: Мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артты
2025 жылғы Үкімет қызметінің қорытындыларын шығару шеңберінде Astana Hub алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Павлодар соты еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша процесті аяқтады. Оған Ұлттық ұлан қызметкерлеріне күш қолданды деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 15 Желтоқсан, 2025
Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады?
Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға болатын Алматы облысының үздік 8 бағытын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл битум өндірісі 750 мың тоннаға дейін артты
2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік секторды жаңғырту қандай нәтиже берді?
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласында жалпы 5,8 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 3,9 миллионы немесе 67,2%-ы электронды түрде (соның ішінде 1,6 миллионы проактивті форматта), ал 1,9 миллионы немесе 32,8%-ы қағаз түрінде ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
Жер астында алып мұхит жасырынып жатуы мүмкін бе?
Жер мантиясының шамамен 660 шақырым тереңдігінде ғаламдық мұхиттардың жалпы көлемімен салыстыруға болатын колоссалды су қоры – «алып мұхит» болуы ықтимал. Қытай ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу осындай таңғаларлық тұжырым жасауға негіз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.