е
Бокс • 15 Желтоқсан, 2025
Аида Әбікеева әйелдер арасындағы 2025 жылдың үздік боксшысы атанды
Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Аида Әбікеева әйелдер арасындағы үздік боксшы аталымымен марапатталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысындағы ірі химиялық кешеннің экономика үшін маңызы қандай?
Аталған өңірдің Сарысу ауданында ұлттық маңызы бар стратегиялық жобаның құрылысына дайындық кезеңі жүргізіліп жатыр. Бұл минералдық тыңайтқыштарды өндіретін Қазақстандағы ірі химиялық кешен болмақ. Қуаты жылына 1 миллион тонна өнім өндіруді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтылды
Бүгін Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің елді мекендерді газбен қамту жөніндегі тапсырмаларын орындау нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астана мәслихатының депутаты тексерілмеген ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады
Қалалық мәслихат депутаты Талғат Ерғалиев Instagram парақшасында жазба жариялап, бұған дейін айтқан ақпаратының дұрыс емес екенін мойындаған. Ол елордадағы қылмыс деңгейі жоғары деген бұрынғы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
CaspiBitum зауытында битум өндірісі 750 мың тоннаға дейін артты
2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 15 Желтоқсан, 2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы спектакль сахналанды
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы: Даланың ұлы. Өң мен түс…» атты музыкалық-драмалық спектакль алғаш рет көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» сапында ойнайды
«Қайрат» командасының қақпашысы Александр Заруцкий Қазақстанның 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» клубымен 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
15 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық болады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстан облысында боранда ауыл тұрғыны қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсан күндері болған қолайсыз ауа райы салдарынан 63 елді мекен электр жарығынсыз қалып, бірнеше адам жоғалып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада мектеп ішінен алғашқы мамандандырылған дзюдо залы ашылды
Астанада №45 мектепте дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жобаны мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт ведомствосының мәліметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматының айырбастау пунктілеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Желтоқсан, 2025
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 14 Желтоқсан, 2025
Отандық дәрігер «ғылыми Оскар» сыйлығын жеңіп алды
Көз дәрігері Мұхит Құлмағанбетовтің Entoptica стартапы Гонконг пен Азиядағы беделді технологиялық марапаттардың бірі – Гонконг Ақпараттық және Коммуникациялық Технологиялар (ICT) сыйлығында әлемдік деңгейде мойындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 14 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында қолайсыз ауа райының салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысы өтті
Атырау облысы әкімінің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, қолайсыз ауа райының салдарын жою және аймақтың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 14 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге медициналық көмекті күшейтті
Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және пневмония жағдайларының өсуі аясында жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қосымша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Желтоқсан, 2025
Қосшыда жасанды интеллектісі бар 1,5 мың камера іске қосылды
Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz сайты Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай?
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Атырауда 40 бригада электр желілерін қалпына келтіріп жатыр
«Атырау Жарық» ЖШС басшысы Мейірбек Ғұбашевтің мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында бірнеше учаскеде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылған. Бұған ауа райының күрт бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады
Мерекеге байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады, хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Атырау облысында кешеден бері ауа райы күрт өзгеріп, қатты желдің салдарынан дауыл күшейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді
Қазақстанның ерлер құрамасы Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда жаңа «Білім-инновация» лицейі ашылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл білім беру саласын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, 300 оқушыға арналған жаңа «Білім-инновация» лицейінің құрылысы 2026 жылы толық аяқталып, ел игілігіне берілмек, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ТЖД-ның техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Желтоқсан, 2025
Жалындап келіп жарқырап жүрген өнерпаз
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстанның Қазақ сазды драма театры бүгінгі таңда облыстың тамаша мәдениет ошағы болып отыр. Өзі де тамаша, ұжымы да тамаша орда халықаралық және республикалық өнер сайыстарының жүлдегері болып келеді. Жуырда ғана Түркістанда болған театрлар арасындағы фестивальда С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» көрсетіп, бас жүлдені алып келді деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта сиыр етінің экспортына квота енгізу не үшін керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2025
Үкіметте азық-түлік бағаcын тұрақтандыру мәселесі қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Желтоқсан, 2025
Шымкентте медициналық қызмет көрсетуде 245 мыңнан астам кемшілік анықталды
Шымкентте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының сарапшылары биылғы 9 айдағы медициналық қызметтің сапасына мониторинг жасап, қорытындысын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды
Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде қаза тапқан «Қазақстан темір жолы» АҚ төрт қызметкерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.