Ет
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
«Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады
Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Ақпан, 2024
Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылады
БАӘ-мен үкіметаралық келісім аясында еліміздің мемлекеттік қызметшілері көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Ақпан, 2024
Полиция 6 миллион теңге жымқырған күдіктіні ұстады
Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Көкшетау полицейлері тұғындарды өрттен құтқарды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректерін кім таратқанын анықтады
Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті әлеуметтік желіде университетте оқитын студент қыздардың жеке, медициналық деректерінің таралып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2024
Әлемдік Гран-при жарысы: Параспортшылар үш медаль жеңіп алды
БАӘ-нің бас қаласы Дубайда пара жеңіл атлетикадан «Fazza» әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары 2 күміс пен 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты атанды
Бүгін Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
«Өзіне оқ атқан». Көкшетауда 1-курс кадеті көз жұмды
Кеше Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс кадеті көз жұмды. Оқыс оқиға болғанын Қорғаныс министрлігі де растады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды
Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанда Саха республикасының мәдени күндері өтеді
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАвтоЖол» қызметкері міндетін атқару кезінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға 10 ақпан күні Самара-Шымкент тас жолының 1285 шақырымында болған. Қызылорда қаласындағы «ҚазАвтоЖол» филиалының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Ақпан, 2024
Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді
Бүгін Үкімет құрамындағы жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 13 Ақпан, 2024
Жаңақорғанда білім беру саласының қызметкерлері сотталды
7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау фактілері бойынша айып тағылған тарапты жауапкершілікке тартуды қатаңдату керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді тапсырды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2024
Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды
Маңғыстау облысында үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткендер табылды. Туыстары жоғалған адамдардың 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі тұрғындардан келіп түскен шағымдар негізінде LGBTQ+ сайтын тексеріп, мониторинг барысында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады Egemen.kz KazFace.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2024
Қазақстанның бірқатар облысында қалың қар жауады
Синоптиктер 12 ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2024
Елена Рыбакина айтулы додада жеңіске жетті
Әлемнің 5-ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірлігінде өткен WTA-500 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
Мектеп оқушысы ата-анасына қазақ тілін үйретіп жүр
Әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілінің қазақ тілінде еркін сөйлеген видеосы тарады. Мектеп оқушысы қысқы каникул кезінде ата-аанасына қазақ тілін үйретіп жүргенін мақтанышпен айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 10 Ақпан, 2024
Ахмет Байтұрсынұлы: Сөздің ең ұлысы – тарих!
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов ойларын ұсындық.
Тағайындау • 10 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысының Күзет қызметі бастығы тағайындалды
Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.