и
Президент • 23 Маусым, 2020
Азаматтардың заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының заңды талаптарының орындалуы Мемлекеттік қызметшілерге байланысты екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлады primeminister.kz.
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?
Симптомсыз вирус тасымалдаушыларға қалай бақылау жүргізілетіні туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Коронавирусты емдеуде гидроксихлорохин қалай пайдаланылады?
Науқас үшін қауіп-қатер мен пайданы ескере отырып, ол 5 күн бойы пайдаланылады. Бұл туралы ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева айтты, - деп жазады Egemen.kz
Технология • 23 Маусым, 2020
Жапондық суперкомпьютер TOR-500 есебінде топ жарды
Жапондық Fugaku суперкомпьютері TOR-500 халықаралық сарапшылар тобының есебінде бірінші орынды алды. Бұл туралы Киодо агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады
Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 18 мыңнан асты
Коронавирус инфекциясының ауру белгілері байқалатын тағы 499 адам тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Маусым, 2020
Футболдан Испания Ла Лигасында 30-тур ойындарынан кейін турнир кестесінде көшбасшы өзгерді. Турдың орталық матчында Мадридтің «Реалы» сырт алаңда «Реал Сосьедад» командасын жеңіп, бірінші орындағы «Барселонаны» қуып жетті.
Елорда • 22 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары қабылданды
Елордада COVID-19 таралу қаупін азайту мақсатында бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Сербиялық "Red Star"-дың бес футболшысы коронавирус жұқтырды
Сербиялық "Red Star" Белград командасының бес футболшысы коронавирус диагнозына оң нәтиже берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбеюде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, №2 облыстық ауруханада 200-ге жуық науқас емделіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 4 күнде 32 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сауд Арабиясы қалыпты режімге көшті
Сауд Арабиясы жалпыұлттық коменданттық сағатты алып тастады, бірақ басқа да шектеулер жалғасады деп мәлімдейді. Бұл туралы BBC News агентігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 22 Маусым, 2020
Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 541-ге жетті
Бүгінде Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Маусым, 2020
Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасында бұған дейін жүйке жүйесі дертіне ешбір операция жасалмайтын. Мұндай дертке душар болған балалар әдетте жолдамамен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарға жіберілетін, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы жұмысына бейне шолу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
"Бек Эйр" әуе компаниясының пайдаланушы сертификаты кері қайтарылды
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты
Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Атырауда КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев өмірден озды
Саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған білікті ұстаз Құсиын Айтқалиев биыл 90 жасқа толар еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкентте санитарлық нормаларды сақтамаған 7 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Әбдіманап Төлебаевтың Қаулыларының орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданынан құрылған мониторингтік топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ресей Балқаштағы РЛС-ті қолданудан бас тартты
Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Балқаш радиоларын ракеталық шабуылдың ескерту жүйесіндегі қолдану туралы келісімін денонсациялау туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда үш азамат заңсыз аң аулаған
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.