Соңғы жаңалықтар
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Газ өңдеу саласы қайтсе дамиды?
Каспий теңізінің жергілікті секторындағы «Қашаған» кенішінде мұнайдың 9–13 млрд баррель (1-2 млрд тонна) қоры бар. Мамандар теңіз тереңінен «қара алтынмен» бірге ілесе шығатын газдың мол қорын 1 трлн текше метрге жетуі мүмкін екенін алға тартады. Алайда «көгілдір отынды» өңдеу мәселесі әлі қолға алынған жоқ. Ал оны кешеуілдетпеудің маңызы айрықша болып отыр.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Көлік апаты сирек тіркелетін ел
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, күн сайын әлемде шамамен 3 мың адам жол-көлік оқиғаларынан көз жұмады. Басты себеп – сапасыз жол инфрақұрылымы, көлік тізгіндегендердің жауапсыздығы.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2025
Жас қаламгерлер һәм сенім серпілісі
Соңғы жылдарда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңдеп, ұлттың рухани дамуына серпін беретін жобалар жүзеге асырыла бастады. Сол бастамалардың ішіндегі «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы әдебиеттегі жаңа есімдердің танылуына зор мүмкіндік туғызып отыр.
Digital • 12 Желтоқсан, 2025
Ойын арқылы сөйлеуге жетелейтін қосымша
Бала тілінің кеш шығуы ата-ананы ғана емес, педагог пен логопедті де алаңдатады. «Уақыт өте келе өзі сөйлеп кетеді» деген жұбату сөз жиі айтылады. Бірақ кей жағдайда сөйлеудің кешеуілдеуі баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, эмоциялық күйіне, тіпті оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай сәтте ата-анаға қолжетімді, күнделікті қолдануға ыңғайлы қосымшаның маңызы зор. Осы сұранысқа жауап беруге бағытталған отандық стартаптың бірі – Айнұр Нұрәділ негізін қалаған «AR Sana» жобасы. Бұл – 1,5 мен 6 жас арасындағы балалардың сөйлеу дағдыларын жылдам әрі табиғи түрде дамытуға көмектесетін, логопедтермен бірге жасалған қолданба.
Талбесік • 12 Желтоқсан, 2025
Жолбарыс – сүрлеуінде, құлан – құладүзінде...
Елімізде реинтродукция бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Антропогендік я болмаса табиғи факторлардың әсерінен жойылып кеткен жан-жануар, аң-құс түрлерінің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Бұл іс-шаралардың негізінде экожүйелік байланыс нығайып, табиғи кешендердің тұрақтылығы артады.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Мегаполистің өндірістік қуаты қарқынды
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналған. Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде алынған өнім көлемі былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 16,5%-ға өскен. Кейінгі үш жылда өнеркәсіп саласында құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
30 мыңнан аса жұмыс орны құрылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат – тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру.
Сұхбат • 12 Желтоқсан, 2025
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
– Марат Алмасұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы ел өміріндегі маңызды кезең болды. Осы мерейтойдың басты мәні неде деп ойлайсыз?
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Педагог даярлау ісі байыпталды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті.
Тұлға • 12 Желтоқсан, 2025
Айтматов әлемі туралы бірер сөз
12 желтоқсан – қырғыз тарихының жаңа дәуірі басталған күн. Ұлан-ғайыр ақыл иесі Айтматов уақытқа, шексіздікке, өз дәуіріне сыймайтын ерекше ойлау формасымен өмір есігін ашты. Қаламгердің туындылары ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ақиқат пен ардың ұлы керуені іспетті. Оның сөзінің, ойының жолы мәңгілік.
Жануарлар • 12 Желтоқсан, 2025
Ресей БАҚ-тарында Новосібір облысының елімізбен шектесетін жерінде жүздеген еліктің қырылғаны туралы ақпарат тарады. Түз тағылары көлдерде қатқан жалтыр мұздан тайғанақтап, бері өте алмай тұрып қалған.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Ауызсу жеткізудің ілкімді жобалары
Маңғыстау өңірінде ауызсу мәселесін шешуге қатысты түрлі жоба қауырт қолға алынып, жүйелі атқарылып жатыр. Жерасты суларын пайдалану, ащы суды тұшыту, су тұшытатын зауыттар салу – осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі.
Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025
Балық шаруашылығының бәсі қандай?
Кейінгі жылдары елімізде балық шаруашылығы нақты құрылымдық өзгерістер кезеңіне енді. Бұрын тек табиғи балық шаруашылығына сүйенген нарық қазір біртіндеп акваөсіруге ауысып, өңдеу қуатын күшейте бастаған.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды
Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік акция өтті. Астана қаласы прокуратурасы, қала әкімдігі, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
«Қазақ тілі» қоғамының қорытынды жиыны
Елордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтіп, басшысы Рауан Кенжеханұлы осы жылға арналған іс-қимыл жоспары аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Құрылтайға Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Парламент депутаттары, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары, Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары мен делегаттар қатысты.
Ғалам ғажаптары • 12 Желтоқсан, 2025
Мұғалімдер 4 күн жұмыс істейді
Шотландия мұғалімдерге төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізбек. Бұл – жай эксперимент емес, ұстаздардың жүктемесін азайтып, мамандықтың беделін арттыруға бағытталған қадам.
Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2025
Әдеби мерейтойлар аясында зерделі еңбектер жазылып, оқырманмен қауышып жатады. Осы орайда биылғы хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген жазушы Болат Жүнісбековтің «Күнге асығу. Абай – Заманай сыры» роман-новелласын атап өте аламыз.
Ғалам ғажаптары • 12 Желтоқсан, 2025
Қытай әлемдегі алғашқы атоммен жүретін контейнер тасымалдаушы кеме жасауды жоспарлап отыр. Балама энергия көздеріне көшу өзекті болып тұрған шақта, Цзяннань кеме жасау зауыты ядро энергиясын пайдаланатын жаңа өнімдерінің үлгісін таныстырды.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Мархабат мақамдары – Ташкент төрінде
Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнегімен, мәністі мақамымен соны соқпақ қалдырған классик жазушы, көркемсөздің көшбасшысы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай биыл айтулы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жыл бойы өткен жақсы бастама күні кеше Ташкентте де жалғасын тапты. Өзбекстан Жазушылар одағында «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының лауреаты атанған саңлақ қаламгердің өзбек тілінде жарық көрген «Ким ошди савдоси» атты жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Театр • 12 Желтоқсан, 2025
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің «Шаңырақ» театры «Халық театры» мәртебесін алды.
Талбесік • 12 Желтоқсан, 2025
Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құс пен аңның, өсімдіктің, сүтқоректілердің түр-түрі бар. Ал жақында осындағы дрон камерасына сирек кездесетін әрі сырт көзге көп көрінбейтін жабайы мысықтың бірі түсті. Бұл – мәлін (қамыс мысығы).
Жәдігер • 12 Желтоқсан, 2025
Тасмола шеберлері жасаған қанжар
Ертіс бойындағы музейлерде қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың тұрмысы мен соғыс өнеріне қатысты көне жәдігерлер баршылық. Соның бірі – Тасмола мәдениетіне қатысты қару-жарақ түрлері.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
«Абайға құрмет» еңселі ғимараттармен ерекшеленеді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Абайға құрмет» республикалық акциясын өткізу бойынша кеңес өткізді. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылды әрі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылды.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Шағын дүкеннің Тәуелсіздікке шашуы
Астанадағы «Әзірет» азық-түлік дүкені (Шәмші Қалдаяқов көшесі, 44 үй) Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендіріліп, жұрт назарын аударды. Сауда орнының иесі Темірхан Сапаров дүкен ішін көк түсті шарлар мен мемлекеттік Тумен көмкеріп, ұлттық мерекеге деген құрметін өзгеше білдірген.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Халық қаһарманын мерейтойымен құттықтады
Парламент Сенатында Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жасына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елге сіңірген еселі еңбегі үшін Президенттің Құрмет грамотасы табыс етілді. Оны Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде тапсырды.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Корея «Alatau Smart City» жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 11 Желтоқсан, 2025
Қос компания арасындағы уағдаластық
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Этносаралық келісім мәселелері талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді.
Саясат • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ашхабад қаласына барды
Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.