Соңғы жаңалықтар
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесті. Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Қарасай ауданындағы «Gulnar Baq» демалыс орталығында маусымның ең тартысты әрі әсерлі жарыстарының бірі – «Алматы облысының əкімі Кубогына арналған ересектер арасындағы командалық көкпар облыстық лигасының финалдық кезеңі» өтті. Шығыс және Батыс өңірлерінің ең мықты командалары жарыстың басты трофейі үшін шешуші кездесу барысында бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2025
12 жастағы оқушы экология туралы кітап шығарды
Қарағанды қаласының 12 жастағы тұрғыны экология тақырыбына арналған ертегілер сериясын шығарды. Бүгін бұл жинақ елордада таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
10 желтоқсан күні Нью-Делиде өткен ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының дәстүрлі киіз үйлері адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар Өзбекстанның ұсынысы бойынша қобызды жасау және орындау өнері де осы тізімге енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары балыққа қаншалықты құмар?
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 36,2 мың тонна тұщы, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Желтоқсан, 2025
Көлікті қыста қыздыру: заң қалай өзгереді?
«Жол жүру туралы» заңға енгізілетін кезекті түзетулер Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды. Құжатта халыққа қолайсыздық тудырған жағдайда, елді мекендерде жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы бар көліктерді белгіленген уақыттан ұзақ қоюға тыйым салу ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Үкіметі педагог даярлау ісіне бақылауды күшейтеді
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
Тарата айтар болсақ, Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар Өскеменде өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды. Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазы иттеріне арналған тұқымдық байқау ұйымдастырды. Іс-шараға 43 иттің иесі қатысуға өтінім берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімі Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша алғаш рет пікір білдірді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты алғаш рет пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы ерекше рөл атқарады
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумында айтты. Президенттің айтуынша, аталған темір жол арқылы жүк тасымалдау көлемі 2030 жылға қарай екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 11 Желтоқсан, 2025
Иран елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Иранның Solico Group компаниясы елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салатыны айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер дабыл қақты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімін кеңейту қажет пе?
Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Кәсіпкерлер палатасы (КП) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасына қатысты өз ұстанымын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзенде «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №25 жалпы білім беретін мектептің ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша ашылып отырған он екінші мектеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында заңсыз құрылысқа азаматтар 1 млрд теңгеден астам ақша салған
Абай облысында «Dala SK Construction» ЖШС мен оған қатысы бар бірнеше компанияның басшылығы үлестік құрылыс ретінде заңсыз ақша жинады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде
Алматы-2 теміржол бекетінде табиғи газдан улану дерегі тіркеліп, жедел жәрдем қызметі шұғыл түрде оқиға орнына жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 52 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жапа шеккендердің арасында екі бала бар, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Президент тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның шеңберінде 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. Ал 2-6 жас аралығындағылардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші 2025 жылы 95,9%-ға дейін жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады
Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы Өзбекстанның ең ірі жеке әуекомпаниясы Centrum Air-мен ынтымақтастықты бастады. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал – Ташкент бағытындағы тікелей рейстер 2026 жылдың 29 наурызынан бастап ұшады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Елордадағы Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды
Рудныйда жерасты құбырының жарылу салдарынан бірнеше ғимарат жылусыз қалды. «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның мәліметі бойынша, Комсомол даңғылының бойындағы 13-шағын ауданға жылу тарататын құбырдан диаметрі 219 мм болатын жарық сызаты табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, қалалық жедел медициналық көмектің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем бөлімшесіне Hyundai Staria маркалы бес жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова физика, химия және биологияның біріктірілмей, мектептерде жеке пән ретінде сақталатынын хабарлады. Бұл мәселе Алматыда өтіп жатқан Халықаралық жас ғалымдар конгресінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
ШҚО полицейлері мал ұрлығын ізін суытпай ашты
Заң күшейгенімен, мал ұрлығы тиылмай тұр. Жуықта Тарбағатай ауданында полицейлер мал ұрлау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран тарихынан ортақ деректер келтірді. Бұл қолжазбалардың көшірмелерін бүгін Иран делегациясы елімізге алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түнгі уақытта тыныштық бұзған 6 мыңнан астам павлодарлық анықталды
Павлодар облысында түнгі уақытта тыныштықты бұзған 6244 факті тіркелген. Бұл 2025 жылдың басынан бергі көрсеткіш. Айқай-шу шығарған тұрғындардың барлығы жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.