Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды
«Great Sky» компаниясы Бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко Centralasianow басылымына берген сұхбатында «ASPAN» жобасы туралы айтты. Жоба аясында еліміздегі 4 кәсіпорында оқ-дәрілердің негізгі компоненттері өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025
Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?
Соңғы жылдары балалар тісін жалпы анестезиямен емдеу жиілеп, ата-аналарды севоранның қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Мамандар бұл препарат баланың психикасын қорғайтынын және қорқыныш сезімін сейілтетінін айтады. Осы орайда Egemen.kz тілшісі білікті мамандардан севоранның қолданылуы, артықшылықтары мен мүмкін қауіптері жөнінде толық ақпарат алды.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Иран президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді азаматтарға 1414 арқылы SMS-код жіберілмейді
Қазақстанда мемлекеттік сервистерге кіру үшін бұрын пайдаланылған 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтар толық тоқтатылды. Енді азаматтардың деректерін қорғау күшейтіліп, жүйелерге тек қауіпсіз балама тәсілдер арқылы кіруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облыстық департаменті биыл облыс көлемінде 62 кәсіпорынға мониторинг жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 58 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстанда 10 айда 61 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған
Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы өңірде дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлықтың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Теміртауда «Таксидегі QUIZ» қызметі іске қосылды
Теміртауда тегін такси жүре бастады. Жолаушы жол ақысын төлемейді. Есесіне жүргізушінің қазақ тілінде қойған сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды
Ақтауда алғаш рет қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы мен Иран Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Жақында әлеуметтік желілердегі пабликтерде «ҰБТ енді болмайды» деген ақпарат тарады. Біз мұның анық-қанығын білу үшін жауапты ұйымға, министрдің өзіне хабарластық. Ғылым және жоғары білім министрлігі бізге берген жауабында бұл тестілеудің отандық университеттерге түсу, грант конкурсына қатысу функциясын атқара беретінін хабарлады.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 300 бала білім алатын музыкалық мектеп ашылды
Бүгін Ордабасы ауданында 300 оқушыға арналған музыка өнері мектебінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мектеп мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды Ақорда резиденциясында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстанда жаңа жолайрық пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан – «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында, Подстепное ауылы тұсында салынған екі деңгейлі жолайрық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Балқаш көлі маңындағы жер телімі мемлекетке қайтарылды
Өңірлік туристік кластерді дамыту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті (ЖРБД) Балқаш көлі жағалауы маңына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Павлодарлық кәсіпкерді өлтіріп, көрші елге қашып кеткен күдікті Қазақстанға әкелінді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалып, оған қылмыстық кодекстің сәйкес баптары бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Аз қамтылған отбасылар коммуналдық төлем бойынша өтемақыны қалай алады?
Қазақстанда әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған тұрғын үй көмегі жүйесі ұзақ жылдар бойы халыққа демеу болып келеді. Бұл механизм ең мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді тек алу немесе жалға алу деңгейінде ғана емес, коммуналдық қызметтерге, жылу мен суға жұмсалатын шығынның бір бөлігін өтеп, отбасының қаржылық жүктемесін азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік жылдары бізге өткен сабақтарды ой елегінен өткізіп, бүгінгі өмірдегі өзгерістерді саралауға негіз береді. Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының жаңа зерттеулері қазақстандықтардың реформаларды күнделікті тұрмысқа, отбасы мен балаға бағытталған нақты қадамдар арқылы қабылдайтынын айқындап отыр, деп жазады Egemen.kz институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды
Арал ауданындағы Тоқабай, Ерімбетжаға елді мекендеріне ауыз су желісі жеткізілді. Осыған дейін суды тасып ішіп отырған қос елді мекен халқы нысандардың ашылу салтанатына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті
10 желтоқсан күні кешке сағат 17.15-те Қарағанды облысы Мойынты – Шығанақ учаскесінде оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Машинист шұғыл тежелуді қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк • 11 Желтоқсан, 2025
S&P: Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды
2025 жылғы 5 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекелдің даму үрдісін оң бағалады. Бұл өзгеріс соңғы бірнеше жылдағы реттеу мен қадағалаудың күшеюімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында бас дәрігер мемсатып алу арқылы алаяқтық әрекетке барған
Қаржылық мониторинг агентігінің (ҚМА) аталған өңір бойынша департаменті медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Желтоқсан, 2025
Өлім жазасы қайтарылмайды: Қырғызстан соты президент ұсынысын қабылдамады
Қырғызстан Конституциялық соты балаларға қарсы ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазасын қолдану мүмкіндігін беретін конституциялық түзету енгізу туралы президенттің бастамасын қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Көрме • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада Берік Әлібайдың «Желісі үзілмеген жалғастық» көрмесі ашылды
Астанадағы Президенттік орталықта танымал зергер, суретші, реставратор, коллекционер Берік Әлібайдың көрмесі ашылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында көрермен назарына ұсынылған көрмеге күмістен жасалған 250-ден астам бірегей әшекей бұйымдар мен киімдер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: Жамбыл өңірін сумен қамтуға 15 млрд теңге бөлінді
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірде сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 11 Желтоқсан, 2025
11 желтоқсандағы доллар бағамы жарияланды
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Желтоқсан, 2025
Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді
Қазақстан әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге және қорғау шаралары туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты жаһандық акциясына қосылды, деп жазады Egemen.kz.