ер
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024
Бүркіт салу сайысының жеңімпазына автокөлік табысталды
Көшпелілер ойындары аясында «Құсбегілік» спорт түрі бойынша екі күн қатарынан өткен жарыс мәресіне жетті. Тартысты додада отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
«Ашық аспан-2024»: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Қазақстан мен Өзбекстан 10-14 қыркүйек аралығында «Ашық аспан-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
Құны 500 млн теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Жыл басынан бері СҚО прокуратурасы мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024
Теңге ілуден қоржынға тағы бір «алтын» түсті
Аталған ұлттық спорт түрі бойынша бұл – қоржынға түскен үшінші алтын, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтынан сержанттың денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жүр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
СҚО-да «ақылды камералар» іске қосылды
Петропавлда және Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында 11 қыркүйектен бастап іске қосылған «ақылды камералар» құрылғылары жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024
Ұшқыр бәйгеде үш жүлдені де ел жүйріктері еншіледі
2400 метр қашықтықта сөреге шыққан жүйріктер арасында жеңімпаздар анықталды. Бұл бәйгеде үш жүлде де Қазақстан қоржынына түсті, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының жабылу рәсімі көрермендерсіз өтеді
Бүгін Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Ұйымдастырушылар аталған іс-шараға көрермендер үшін билет сатылмайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024
АЭС салуға келісесіз бе: Зерттеу институты сауалнама жүргізді
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры 2024 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды көкпардың ақтық сынындағы жеңісімен құттықтады
Палата төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы көкпар ойынының финалына барды. Тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024
Halyk қайырымдылық қоры мұқтаж жандар үшін Астана әкімдігіне 400 пәтер берді
Halyk қайырымдылыққоры Астанадағы баспанаға мұқтаж отбасыларға арнап «Compass North» тұрғын үй кешенінен Астана әкімдігіне 400 жаңа пәтер берді. Бұл жоба қордың қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту және азаматтарға көмек көрсету жұмыстарының бір бөлігі ғана.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2024
Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды
13 және 14 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақ спортшысы теңге ілуден жеңімпаз атанды
5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен қазақ спортшысы Бекнұр Серіков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты қайда өтеді
5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні сағат 16:00-де Мәдениет және ақпарат минстрлігінің ұйымдастыруымен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 12 Қыркүйек, 2024
Бас Прокурордың орынбасары ел азаматтарына үндеу жолдады
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді. Осы орайда ҚР Бас Прокурорының орынбасары халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстан құрамасы ордо сайысында Чехиядан басым түсті
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2024
БҚО-да белгісіз біреу зейнеткерді тонап кеткен
Тонау оқиғасы осы айдың 10-ына қараған түні Бәйтерек ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2024
Ақтауда ет бағасын шарықтатқан сауда желісі айыппұл төледі
2024 жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін сөреде көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғары бағамен сату фактісі анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр
Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Тарихи сәт: Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды
Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының финалында Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2024
Бүгін қазақ киносының күні тойланып жатыр
Бүгін, 12 қыркүйек - қазақ киносының күні. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстандағы АЭС салу: Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс немесе экологиялық тәуекел
2024 жыл Қазақстан үшін энергетикалық болашақ тұрғысынан шешуші кезең болмақ. Елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024
Елімізде алғашқы ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді
Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты туннельдің ресми ашылуы бүгін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2024
Энергетикалық сусын ішіп, ауруханадан бір-ақ шыққан
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өзін жайсыз сезінген ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындары: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды
Туризм және спорт министрлігі көшпелілер ойындарында бүгінгі жарыс күнінде жүлдеге таласатын ұлттық құрама спортшыларының сайыс кестесін жария етті, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 12 Қыркүйек, 2024
Әлемдік беделді жарыстар: Қазақстан оқушылары жеңісі үшін қанша сыйақы алады
Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін 5,5 миллион теңгеден сыйақы алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Қыркүйек, 2024
СЭСО - биоқауіпсіздік бойынша Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана
Қазақстанда биоқауіпсіздік бойынша алғашқы референс-зертхана пайда болды. Бұл мәртебеге ҚР ПІБ Медорталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ие болды. Енді референс-зертхана өнімдердің қауіпсіздігін халықаралық деңгейде растау қызметін жеңілдете түсетіні анық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орын алды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Дәстүрлі садақ атудан екі отандасымыз жүлделі болды
Дәстүрлі садақ атудан «Жамбы» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.