е
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Өмірзақ Шөкеев жоғалып кеткен туристерге қатысты бірқатар тапсырма жүктеді
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалуына байланысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Мамыр, 2021
Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды
Каспийде өткен «Бекіре» операциясы кезінде 190 браконьер қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Шарын шатқалында сел жүретіндігі неліктен ескертілмеді?
Шарын шатқалында лай-сел көшкіні жүретіндігі туралы неліктен алдын ала ескерту жасалмады? Бұл сұраққа ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Мамыр, 2021
Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады
Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Мамыр, 2021
Өскемен қаласындағы саябақта терек мамығы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2021
«Түркістан-Бішкек» халықаралық рейсі іске қосылады
Бүгін, яғни 31 мамырда «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Павлодарлық фермерлер 5 мың тоннадан астам тауар экспорттады
Павлодарлық фермерлер шетелге сүт және ет өнімдерін, артемия цисталары мен жұмыртқаларды экспорттайды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2021
Инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі
Қазақстанда Call-center арқылы инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Мамыр, 2021
«Джиро д’Италия» додасы аяқталды
Үш аптаға созылған велошабандоздар арасындағы ең белді жарыстардың бірі – «Джиро д’Италия» көпкүндігі кеше өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2021
Инвестициялар бойынша жоспардың орындалуы жыл сайын бағаланатын болады
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі және тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 5 жылдық нысаналы көрсеткіштер белгіленген. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларына инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу бойынша міндеттер қойылған. Бұдан басқа, жыл сайынғы негізде оларға қол жеткізу және инвестициялар жөніндегі жоспарды орындау бойынша өңірлер рейтингі жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Елімізде кәмелеттік жасты төмендету ұсынылды
Қазақстанда кәмелеттік жасты 18-ден 16-ға дейін төмендету қажет. Бұл зорлыққа ұшыраған жеткіншектердің тиісті медициналық қызметке жүгінуіне мүмкіндік бермек. Дағдарыс орталықтарының одағы бүгін осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Мамыр, 2021
Хоккейден Қазақстан Норвегиямен кездеседі
Бүгін хоккейден Қазақстан командасы Ригадағы әлем чемпионаты аясында топтағы соңғы кездесуін өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Петропавлда 8 адамды түтіннен құтқарған ұландық марапатталды
Адам өмірін құтқарудағы экстрималды жағдайда көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен аға лейтенант Доскен Есжанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
COVID-19: Темекі түтіні иммунитетті әлсіретеді
Жыл сайын, 1988 жылдан бері 31 мамырда Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 31 Мамыр, 2021
«Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэті Токио Олимпиадасының Амбассадоры атанды
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдап, Лондонда өткен дəстүрлі Golden Time Talent халықаралық фестивалінде жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Мамыр, 2021
«Жасыл ел» 1500-ден астам қарағандылықты жұмыспен қамтиды
Биыл «Жасыл ел» жобасы аясында 1500-ден астам қарағандылықты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 31 Мамыр, 2021
Теннисшілердің «Ролан Гаррос» турнирі басталды
Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың бірі – «Ролан Гаррос» басталды. Жүлде қоры 34 367 216 евроны құрайтын турнирде Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Жалған вакцина төлқұжатын жасағандар жазаға тартылады
Жалған төлқұжатты саудалағандар үшін де, сатып алғандар үшін де айыппұл салынып, тіпті бас бостандықтан айырылу жазасы да қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Алматыда көліктер соқтығысып, адамдар ауруханаға жеткізілді
Қалалық полиция департамантінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 30 мамыр кешкі сағат 19:40 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 31 Мамыр, 2021
Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді
Латвияда шайбалы хоккейден әлем біріншілігі қыза түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Мамыр, 2021
Түркістан облысында жоғалған екі туристі іздеу жалғасуда
Құтқару жасақтары 7 тәулік қатарынан мобильді топтарға бөлініп, шатқалдарды аралаумен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Таиландта Украина елшісінің мәйіті табылды
Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Ақтөбелік әйелін құтқарамын деп суға батып кетті
Елек өзенінің жағасына тынығуға барып, суға батып бара жатқан әйелін құтқарамақ болған күйеуі суға кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 31 Мамыр, 2021
«Бәйтерек» холдингі басшысының орынбасары тағайындалды
Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Мамыр, 2021
Қазақстандық велошабандоз Ресейде күміс жүлдеге ие болды
Қазақстандық велошабандоз Артём Захаров Санкт-Петербор Гран-приі кезінде күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Мамыр, 2021
Қырымбек Көшербаев бастаған комиссия мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссия мүшелерімен бірге «Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) мұражай-мемориалдық кешенінің еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Мамыр, 2021
Танымал актер ұшақ апатынан қайтыс болды
«Тарзан: Шытырман оқиға» телехикаясында Тарзан рөлін ойнаған американдық актер Джозеф Лара Теннессидегі ұшақ апаты кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті Tennessean газеті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Жыл басынан бері 152,3 мың отбасы әлеуметтік көмек алды
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты
Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Қарулы топ 200-ге жуық оқушыны ұрлап кетті
Нигерияның Нигер штатында қарулы топ 200-ге жуық мектеп оқушысын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.