ген
Тағайындау • 20 Қаңтар, 2024
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Болат Серікпайұлы Жармақов Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс активі жиналысында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Қаңтар, 2024
Дихандарға жеңілдетілген несие беріледі
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс, жиын-терім науқанына орай аграрларға берілетін несиені қаржыландыруды бастады. Бюджеттік кредит аясында 15 млрд теңге мөлшеріндегі несие берудің бірінші кезеңін «Аграрлық несие корпорация» АҚ жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Чемпиондар түні» нокаутпен құлаған Асланбектің ахуалы қалай? Мырзағали Айтжанов айтып берді
2023 жылдың 15 желтоқсанында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Астанада «Чемпиондар түнін» өткізді. Осы бәсекеде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалып, мексикалық қарсыласына есе жіберген еді. 71 келіде ел намысын қорғап жүрген боксшының сол жеңілістен кейінгі жағдайын бас бапкер Мырзағали Айтжанов Egemen.kz тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлына берген сұхбатында баяндап берді.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды
Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада Азия чемпионаты аяқталды. Шешуші күні мергендер тағы жүлделі болып, ел қоржынына 3 күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Қазақ әнін шырқап жүрген кәріс әншіге домбыра тарту етілді
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап жүрген әнші Сон Вон Сабпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
14 қаңтар – Қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн
120 жыл бұрын қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеев дүниеге келді. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Азия чемпионаты: Қоржын қос алтын, қос қола медальмен толықты
Қаңтардың 5-18 күндері аралығында Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатының кезекті күнінде 4 жүлде бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz @qaz_olympics баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Бұл күндері Индонезияның Жакарта қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. 18 қаңтарда түңлігі түсірілетін құрлық аламанында Париж жазғы Олимпиадасының лицензиясы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Жолдамаға кімдер таласатыны белгілі болды
12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді. Кувейт мемлекеті ұйымдастыратын құрлық чемпионатында Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөліске түседі.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024
Алматы мен Түргенде 2-3 балдық жер сілкінісі болды
Алматы мен қала маңындағы жер сілкінісін сейсмикалық станция тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
«Қарапайым адами бақыт тілеймін»: Димаш өнерлі інісін туған күнімен құттықтады
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында інісі Әбілмансұр Құдайбергенді туған күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2024
380 таңдаулы мергеннің қатысуымен лицензиялық Азия чемпионаты өтеді
Индонезия астанасы Джакартада қаңтар айының 5-18 күндері аралығында нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткеніндей, бұл – жаңа жылдағы алғашқы лицензиялық жарыс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2023
«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр
28 желтоқсанда мектеп басшылығы Талдықорған қалалық полиция бөлімін бірнеше айдан бері сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы хабардар еткен, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 26 Желтоқсан, 2023
Асхат Тағыберген бағындырған тарихи жетістік
Қызылорда футболының түлегі Асхат Тағыберген биыл жанкүйерлерді жарқын жетістіктерімен қуантты. Сондай тарихи оқиғалардың бірі оның Ұлттық құрама сапында Дания қақпасына соққан голының Еуропада үздік деп танылуы, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?
Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2023
Димаш Халықаралық кинофестивальде ән шырқады
16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестивалі шымылдығын түрді. Әлемдік киногерлер мен көрермендер үшін маңызды іс-шарада отандасымыз Димаш Құдайберген ән шырқады, деп жазады Egemen.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бокс • 15 Желтоқсан, 2023
Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды
Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Қарағанды металлургиялық комбинатының жаңа иесіне қатаң талап қойылады
Мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатын отандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілгенін, жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті екенін, содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Желтоқсан, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтіледі. Президент жаңа Жарлық туралы
Мемлекет басшысы «Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
«Amanat» отырысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының I отырысына қатысушылар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
«Қытайлар қызығып отыр»: Қазақстан Димаштың атын туристік жобаға пайдаланбақ
Елімізде Димаш Құдайберген атындағы жаңа туристік бағыт ашылады. Осы арқылы Қазақстанға әлем саяхатшыларын тарту көзделіп отыр. Бұл туралы Бейжіңде өтіп жатқан Ақтөбе облысының туристік әлеуетін таныстыру іс-шарасы кезінде белгілі болды. Бастама әсіресе қытайлықтардың ерекше қызығушылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2023
Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті
Әнші Димаш Құдайберген Қытай мифологиясындағы ұлы тұлға «Шын-нуң» туралы деректі фильмді дубляждады. Қытайлық БАҚ өкілдері деректі фильмді дубляждау жұмысына Димаш Құдайбергеннің арнайы шақыртылғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Елорда • 05 Желтоқсан, 2023
Елорда, көктайғақ: Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
Ауа райы нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) травматологиялық пункт қызметінің күшейтілген режимге көшкенін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 03 Желтоқсан, 2023
Димаш Құдайберген Будапештте концерт береді
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 2024 жылы, 4 мамыр күні Будапештте жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 01 Желтоқсан, 2023
Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды
УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голды анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Фольклорымызды заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет – сенатор
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңіру мәселесіне қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Автобусты басып алған лаңкестерге қарсы «Набат» операциясын басқарған қазақ
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары дүйім жұрттың назарын өзіне аударған «Набат» антитеррорлық операциясын кім басқарғанын білесіздер ме? Қаншама адамның өмірін қаруланған қылмыскерлердің бұғауынан арашалап қалған ержүрек сардар кім? Бұл сәтті аяқталған операция бүгінгі күнге дейін қарсы барлаудың отандық үлгісі ретінде жас офицерлер буынына оқытылып келеді. Осы және басқа да сауалымыздың жауабын іздеп біз әскер және қоғам қайраткері, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері генерал-майор Михаил Юсупович Дәуеновтың өмірімен жақынырақ таныса түссек.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Әсем Орынбай – әлем кубогінің жеңімпазы
Қатардың Доха қаласында нысана көздеуден әлем кубогі басталды. Жерлесіміз Әсем Орынбай стенд атудың скит бағдарламасының финалдық сайысында 51 ұпай жинап жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 22 Қараша, 2023
Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатынын айтты
Сан - Марино мен Словенияға қарсы ойында құрамада орны ойсырай білінген Асхат Тағыберген жасыл алаңға қашан оралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.