Ай
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2023
Тиімді әріптестікті нығайту ТМД елдерінің басты бағыты – Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі. Үкімет басшысы Қазақстан интеграциялық байланыстарды тереңдету және оны жаңа практикалық мазмұнмен толықтыру үшін ТМД алаңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі көрсеткіші белгілі болды
ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Шавкаттың шеберлігіне таңғалдым - UFC басшысы
UFC басшысы Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол баспасөз мәслихатында Шавкат өзін әбден шатастырып жібергенін және оның шеберлігіне таңғалғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Желтоқсан, 2023
Ертең бірнеше өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер 18 желтоқсанда бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2023
Семейде «Жалғыз арша» халықаралық ән байқауы басталды
Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2023
Димаш Халықаралық кинофестивальде ән шырқады
16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестивалі шымылдығын түрді. Әлемдік киногерлер мен көрермендер үшін маңызды іс-шарада отандасымыз Димаш Құдайберген ән шырқады, деп жазады Egemen.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2023
2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,5 пайызбен несие беру тәртібін түсіндірді. Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Ынтымақтастықты нығайтуды талқылады
Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Афзал Хан және Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чоханмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 16 Желтоқсан, 2023
Францияның Гиме мұражайында қазақ өркениеті көрсетіледі
Францияға жұмыс сапары аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Гиме (Guimet) мұражайының президенті Янник Линтцпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Қарлы боран, көктайғақ салдарынан Жамбыл облысында жолдар жабылды
Жамбыл облысында қарлы боран, көктайғақ салдарынан жол көрінбей қалып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 163-тен 230-шақырымына дейінгі учаскесі (жаңа Қордай асуы), «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының Астана қаласы бағытындағы 125-шақырымы, Түркістан облысымен шекарада Шақпақ ауылы маңындағы Күйік асуы уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Қыстың көзі қырауда құлпынай өсірген шаруа
Түркістан облысында Ордабасылық шаруа жыл он екі ай құлпынай өсіріп отыр. Қыстың көзі қырауда да егін мен жиын-терімді тоқтатпайтын Мұхтар Әлеуханов қыста нарыққа шыққан көкөніс, жемістер «дәріленген» деген түсініктен арылатын кез жетті дейді. Себебі шаруа облыстағы жылыжай иелері кез келген жемісті қыста да өсіруге дағдыланғанын айтты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында жанармай құю бекетінде ірі өрт шықты
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю бекеттерінің бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 15 Желтоқсан, 2023
16 желтоқсанға дейін елімізде 13 жаңа мектеп ашылады
Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселелерін, сондай-ақ оқушылар орнының тапшылығын жүйелі шешу үшін жаңа білім беру нысандарын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023
«Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада Қарулы күштердің 2023 жылғы үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы «Әскер тарланы» байқауы әскери қызметшілерді жаңа кәсіби биіктерді игеруге ынталандыруға ықпал етіп келеді. Мамандарды іріктеу 24 номинация бойынша жүргізілгенін атап өту керек. Байқау жеңімпаздарын Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды: 5 мың адам құтқарылды
Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 14 Желтоқсан, 2023
«Айбоз» жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының қортындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Желтоқсан, 2023
Доллар арзандап, мұнай қымбаттады
Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 455,63 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 14 Желтоқсан, 2023
Рөлде ұйықтап кетпеуге көмектесетін көзілдірік. Алматылық оқушы өнертабысын көрсетті
Алматы облысының тұрғыны 15 жастағы Ернұр Тұрғанбай көлік жүргізушілеріне арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды. Эксперименттік өнертабыс рөлдегі адамның жай-күйін анықтап, ұйықтап кетпеуіне көмектеседі, деп жазады Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2023
Шайбалы хоккей: Қазақстан спортшылары көш бастады
Венгрияның бас шаһары Будапештте өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында 1А дивизионында Қазақстан жастар құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады. Жеделхатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеде жетінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды
Бүгін, 14 желтоқсанда Ақтөбе қаласында қайғылы жағдай болды. Анықталғандай, жетінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023
Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты
Биыл елдің солтүстік, орталық аймағында қараша қарсыз өтіп, ауа райы тосын мінез танытты. Синоптиктер өткен айды «тарихтағы ең жылы қараша» деп таңбалады. Ал желтоқсанда күн райы жиі құбылып тұр. Айдың алғашқы күндері жылы өтсе де, кейінгі он күндікте қыс күшіне мініп, аяз қысты. Мамандар алдағы қыстың екі айы қаңтар, ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Желтоқсан, 2023
Жедел жәрдем көлігіне «жедел жәрдем» керек болды. Астана маңында екі көлік соқтығысты
13 желтоқсан түні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысып қалды. Астанаға бағыт алған жедел жәрдем көлігінің ішінде 73 жастағы науқас болған, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 14 Желтоқсан, 2023
Ертең Астанада Тәшкенбай, Сабырхан, Шымбергенов рингке шығады
Ертең, 15 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Beeline Arena-да» отандық Олимпиада, әлем чемпиондарының қатысуымен тартысқа толы бокс кеші өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің айқасы кешкі сағат 19:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады
Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады, аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
14 желтоқсанда мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы тұрғындарды құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Саршұнақ аязда қалып қойған жолаушылар құтқарылды
Ел аумағында бірнеше күннен бері саршұнақ аяз көтеріліп, ақтүтек боран соғып тұр. Осыған байланысты бірқатар жолдар да уақытша жабылды. Десе де ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, айдалада қалып қойғандар да бар. Осы орайда төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Желтоқсан, 2023
Елімізде аяздың беті қашан қайтады?
Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аязды күндер қайта басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
7 баланың әкесі отбасымен Қонаевтың зиратын тазалап, өз қаржысына бәйге өткізіп жүр
Алматы қаласындағы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бейітін тазалап, қоршауын сырлап, бүтіндеп жүрген азаматтың өнегелі ісі әлеуметтік желіде тарады. Көпшіліктің ықыласына бөленген жанды іздеп тауып сұхбаттастық. Өзі жеті баланың әкесі екен. Қалдарбек Сраилов астындағы автокөлігін Дінмұхамед Қонаев атындағы аламан бәйгенің бас жүлдесіне тігіп, үй саламын деген жер учаскесін сатып, еркін күрестен турнир ұйымдастырыпты.