бірлік
Тәуелсіздік • 04 Желтоқсан, 2021
Шавкат Мирзиёев: Әлішер Науаи мен Абай Құнанбайұлы дәріптеген достық – ортақ байлығымыз
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздіктің отыз жылдық белесінде Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізгенін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақтылы қабылдаған ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламалар мен өзге де өміршең жобалар өз жемісін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2021
Беларусь елі алғаш рет Ұлттық бірлік күнін атап өтуде
Беларусь Президенті Александр Лукашенко беларустарды Ұлттық бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Шілде, 2021
«Еділдің бойына ел қондырсам» деп кеткен баһадүр Махамбеттің арманы Есілдің бойында орындалған секілді. Ел қонды, елорда бой көтерді. Жұртымыздың жұмыр жүрегі, бүтін бір мемлекеттің астанасы – бүгінде Қазақстан деп аталатын қарашаңырақтың алтын қазығы, Азаттықтың айнасы, еркіндіктің еңселі нышаны іспетті. Осында этномәдени орталықтар келісімнің керегесін керіп, дінаралық татулық бейбітшіліктің талбесігін тербетіп тұр.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2021
Қарағандыда Қазақстан халқының бірлігі күні қайырымдылық акциясы өтті
Қарағанды облыстық Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күні онлайн режимде дөңгелек үстел өтті. Барлық өңірден этнобірлестіктер байланысқа шықты. Ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары мен белсенділері жерлестерін мерекемен құттықтап, игі істер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Сәуір, 2021
Елордада Қазақстан халқының Бірлігі күні қалай өтеді?
Биыл Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралардың бәрі онлайн форматта және санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 29 Сәуір, 2021
1 мамырда әлемнің он алты елі онлайн бас қосады
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермен қауым, оның ішінде Бразилия, Аргентина, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор сондай-ақ Ресей, Польша, Белгия, Сингапур, Швеция мен Австралияда тұратын отандастарымыз Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аясында «Астана Опера» театрының спектаклін бір мезетте тамашалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Бәрімізге белгілі, биыл қастерлі де қасиетті тәуелсіздігімізге отыз жыл толады. Жыл аяғына дейін республика көлемінде ұйымдастырылатын үлкенді-кішілі сан алуан саяси-әлеуметтік, мәдени шаралардың барлығы да осы тәуелсіздік деген ұлағатты да ұлы ұғымның мәртебесін биікке көтеріп, ұрпақ санасына берік орнықтыруға үлесін қосса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
«Бірлік ЖШС» сауда-логистика орталығы сәуірде жұмысын бастайды
Қала әкімі М.Әйтенов Шымкент-Ташкент тас жолының бойындағы «Бірлік ЖШС» сауда-логистика орталығында болды. Қазіргі таңда ЖШС-і тарапынан инвестиция тартылып, сауда-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2020
Босағасы берік отбасы – қуатты армия тірегі
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет басшыларының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды. Қызметті қорытындылауға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қараша, 2020
Елбасы халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылданатынын айтты
Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елбасы • 07 Қазан, 2020
Тұңғыш Президент ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.