сыйлық
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне қазақы тазының екі күшігін сыйлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстар 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
2024 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2023
Президент балақайларға жаңажылдық сыйлықтар жіберді
Дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Биыл мемлекет басшысының атына жазған арнайы хаттарға Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жауап жазып, сыйлық үлестірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
Астана қаласының оқушысы Президенттен ерекше сый алды
Астана қаласының оқушысы Кемел Жүсіпов өзінің туған күнінде Президентке хат жазды. Хатында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолтаңбасы жазылған «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйлыққа алғысы келетінін, сондай-ақ Президентті көргісі келетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр «Дарын» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
«Нобель сыйлығының лауреаттары алған». Димаш халықаралық марапатқа ие болды
Әнші, Қазақстанның халық артисі Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2023
ҚФФ президенті Магомед Адиевке көлік сыйлады
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін табыстады. Жаттықтырушы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
«Жеңгең ұстап жүрсе, ренжіме». Телефон қолданбайтын академикке кәсіпкер сыйлық жасады
«Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Ұлттық ғылым Академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев осы күнге дейін ұялы телефон ұстамайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Димашқа Қазақстанның халық әртісі атағы берілетіні 1999 жылы айтылған (видео)
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның халық әртісі атағын алған әйгілі әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында еліміздің айтулы мерекесі Республика күнімен құттықтап, архивтік бейнежазба жариялады.
Президент • 24 Қазан, 2023
Мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді
Марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Қазан, 2023
Республика күні құрметіне қобызшы қыз көкте қалықтап күй тартты
Қобызшы қазақ қызы Ләйлә Тәжібаева Республика күніне ерекше сыйлық жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2023
Исламбек Салжанов Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты
Астанада өтіп жатқан VI Nobel Fest халықаралық фестивалі аясында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов әлемге әйгілі авто-дизайнер Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты. Картина авторы – Қазақстан суретшісі Ерлан Айтуаров, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2023
Асхат Тағыберген «Ференц Пушкаш» сыйлығынан үміткер
Футболдың халықаралық федерациясы (FIFA) үздік гол соққан футболшыға берілетін «Ференц Пушкаш» сыйлығына үміткерлер арасына Асхат Тағыбергенді де қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. 48 үміткердің арасынан 12 үздік әр номинация бойынша марапатталды. Баспа, радио, интернет журналистика саласы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқауға 450 материал ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 01 Қыркүйек, 2023
Алматылық шенеуніктер 18 млн теңгеге сыйлық сатып алмақ болған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 18,4 миллион теңгеге сатып алғысы келген сыйлық жиынтығына қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Шілде, 2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл бұл ұлттық бәйгеге 7 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 02 Маусым, 2023
Жас жазушылар мен ақындарға Президенттің арнайы сыйлығы беріледі
Елімізде алғаш рет жас жазушылар мен ақындарға Президенттің арнайы сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Мамыр, 2023
Атақты шахматшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа не сыйлады?
Атақты шахматшылар Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь, сондай-ақ ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық табыс етті. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Сәуір, 2023
Қазақстанда ғалымдарға арналған жаңа сыйлықтар тағайындалады
Ашық НҚА порталында Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Наурыз, 2023
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Анна Захарова Қасым-Жомарт Кемелұлына Наурыз есімді күшікті сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2023
Қазақстан Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды
Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022
«Самұрық-Қазына» 800-ден астам балаға жаңажылдық сыйлық табыстады
Астана мен Алматыда «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері жаңа жылды онкологиялық орталықта қарсы алатын балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 18 Қараша, 2022
Жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы сыйлық жарияланды
Қазақстанда жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы президенттік әдеби сыйлық жарияланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қазан, 2022
Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Қазан, 2022
UMAI: Үздік өнер қайраткерлері ақшалай сыйлыққа ие болады
UMAI Ұлттық сыйлығының лауреаттары 23 желтоқсанда белгілі болады. Қазір конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр. Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлері жобаға қатысу шарттары мен жүлде қоры туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2022
UMAI ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев UMAI ұлттық сыйлығына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғаны жөнінде хабарлады. Жүлде қорының мөлшері 54 млн теңгені құрайды, барлығы 4 бағыт бойынша 19 номинация қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 16 Тамыз, 2022
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2022
Қазалыда Ғ.Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы тапсырылды
Халықаралық жастар күні мерекесіне орай Қазалыда Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.