ас
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2023
Иранмен ынтымақтастық арта түспек
Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2023
Астанада аялдама ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті
3 желтоқсан күні қатты жел салдарынан Астанадағы Абылай хан көшесі бойындағы аялдама егде жастағы ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті. Ер адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 04 Желтоқсан, 2023
Елордада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатқанын, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар екенін елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталды
4 желтоқсанда Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
«Дәрігерлер тексермей антибиотик салған». Қарағандыда ер адам қайтыс болды
Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Науқастың қаза болу себебі, дәрігерлердің алдын ала оның ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салғаны. 8 қарашада ауруханада болған қайғылы оқиғаны жергілікті облыстық клиникалық аурухана хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
3 алтын, 5 қола: Қыздар мінез танытты
Арменияның Ереван қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің қыздар құрамасы толайым табысқа жетіп, 3 алтын, 5 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2023
Кеңседе мас күйде төбелес шығарған қызметкер жазаланды
Астана қалалық «102» арнасына әкімшілік ғимаратта масаң күйдегі ер адам жанжал шығарып жатыр деген хабар келіп түскен. Кеңседе төбелес шығарған азамат бұрынғы қызметкер екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2023
Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК ертең, 4 желтоқсан күні елдің 15 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2023
Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды
Жергілікті полиция Түркістан облысында ойнап жүріп жоғалып кеткен баланың мәйіті септиктен табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 03 Желтоқсан, 2023
Қазақстан құрамасы қола жүлде қанжығалады
Нидерландының Леуварденде қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Осы сайыста құрама қыздары қола қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
Қатты жел, көктайғақ. Астана-Щучинск бағытында көлік қозғалысы шектелді
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты Астана-Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2023
Бүгін Қызылжарда үлкен мереке. «Береке» шағын ауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 600 отбасы баспанаға ие болды.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2023
Өзге елдің ұшақтары Қазақстан әуежайларына шектеусіз қонбақ
Қазақстанның әуе тасымалы нарығын нығайту мақсатында Көлік министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен тізе қосып «Ашық аспан» режимін жетілдіруді қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сүйеніп.
Футбол • 01 Желтоқсан, 2023
Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды
УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голды анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 01 Желтоқсан, 2023
Білім саласының қызметкерлері 2 млрд теңге жымқырды
Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 млрд теңгеден астам сома жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Екібастұзда жаңа зауыт салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2023
Президент Dubai Expo City көрме орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Елордада қыстың алғашқы күнінде елу жол апаты тіркелді
Елордалық полиция қызметкерлері жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Астанада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Қыстың алғашқы күні Астанаға қар түсті
Елордада қыс мезгілінің басталуы және қардың мол жаууымен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Фольклорымызды заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет – сенатор
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңіру мәселесіне қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Жаңа жылу қуаты іске қосылды: Астананы жылыту жұмысы қалай жүріп жатыр?
Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Қараша, 2023
Мектептерде діни әдебиеттерді оқытуға тыйым салынуы мүмкін
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Депутат ұсынылған заң нормаларының ішінде мектептерде діни әдебиеттерді оқыту мәселесіне тыйым салу жайы да көтерілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 30 Қараша, 2023
Бүгін «Астана» өз алаңында «Динамоны» қабылдайды
Бүгін футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады. Онда 8 топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2023
Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өзгермеген
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы күшінде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Қалдықтарды кәдеге асырудың бағдарламасы қажет – сенатор
Сенатор Сұлтанбек Дүйсембинов депутаттық сауалында қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу мәселелерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 30 Қараша, 2023
Хостел мекенжай бойынша заңсыз орналасқан - Алматы әкімдігі
Алматыда хостел аумағында болған өртке қатысты Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасының мәліметі бойынша ғимарат иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Астана қаласы тұрғындары үшін желтоқсанның 17-19 күндері аралығында «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады. Елорда әкімдігі бұл туралы ресми сайтында хабарлады.
Ауа райы • 30 Қараша, 2023
Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанадағы жаңа көпір көлік кептелісін қанша пайызға азайтты?
Елорда тұрғындары Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір арқылы жиі қатынайды. Бұл көпір көшелердегі кептелісті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала даңғылындағы көпір тиісінше 15%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.