Ар
Оқиға • 05 Шілде, 2024
Арыстағы әскери бөлімде 3 адам қайтыс болды
Бүгін Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Депутат Павлодар облысының құтқарушы, өрт сөндірушілерімен кездесті
Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында облыстың өрт сөндіру бөлімшелері мен жедел-құтқару жасағына барды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Шілде, 2024
Олимпиадаға баратын боксшы қыздардың дайындығы қалай
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңында соңғы жаттығу жиынын өткізіп, дайындықтарын пысықтайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Ақмола облысында зейнеткер 1690 теңге қарызы үшін жарықсыз қалған
Ақмола облысының егде жастағы тұрғыны үйде электр қуатынсыз қалғанына шағымданған. Зейнеткердің 1 690 теңге көлемінде берешегі бар екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
«Тоғызқұмалақ» ойынының атауы өзгермейтін болды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутатының «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынының атауын өзгертуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Қарағандыда жас кәсіпкерлерге грант табысталды
Бүгін өз ісін ашуға және дамытуға 10 қарағандылық жас кәсіпкер Қарағанды қаласы әкімінің грантына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Шілде, 2024
«Азия балалары»: Кураш күресінен қоржынға 4 медаль түсті
«Азия балалары» ойындарында кураш күресінен Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Шілде, 2024
Қарағанды облысында 7 жасар бала полицияға арызданған
Қарағанды облысының жеті жасар тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Бала велосипедін ұрлап кеткенін айтып, оны тауып беруін сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Шілде, 2024
Астана күнінде дрондар шоуы өтеді
6 шілде күні сағат 18:00-де Астанадағы EXPO аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерттен кейін елорда тұрғындары мен қонақтары дрондар шоуын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Шілде, 2024
18 жастан асқан азаматтарды оңалту ісі өзекті - депутат
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумова облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен облыстық мектеп-интернатқа барды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Шілде, 2024
Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 05 Шілде, 2024
Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Арменияда ұсталды
Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Шілде, 2024
Тәртіп сақшысын соққыға жыққан экс-полковникке қатысты үкім шықты
Павлодарда полицеймен төбелескен запастағы экс-полковник екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында прокурор зардап шеккен тәртіп сақшысының жамбас аймағынан жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен қыз іздестіріліп жатыр
Ақпаратты «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Шілде, 2024
Қытайлық компания елімізде ағынды суларды тазарту қондырғыларын орнатуға ниетті
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компания өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті, жараланғандар бар
Оқиға қаладағы Керемет саябағында 2-шілде күні болған. Мәлім болғандай, әуелі әткеншектің шынжыры үзіліп, бес бала құлап түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2024
Азияның өркендеуіне ШЫҰ-ға мүше елдердің ықпалы зор - Президент
Мемлекет басшысы Азияның экономикалық тұрғыдан өркендеуіне көбіне ШЫҰ-ға мүше елдердің ықпалы зор екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан кейін саммит «ШЫҰ плюс» форматында жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2024
Жайық жағалауын қапшықтардан тазалау жұмыстары басталды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Жайық жағалауын санитарлық тазалау мәселесі жөнінде жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Шілде, 2024
Шетелдіктер асырап алған тағы бір қазақ туған анасымен кездесті
Канадада 17 жылдан бері тұрып келе жатқан Маңғыстаудың тумасы Райан Жандос туған анасымен кездесу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Шілде, 2024
Үкіметте жемшөп өндірісін дамыту мәселесі талқыланды
Биыл жемшөп дақылдарына арналған егіс алқабы 3,4 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 314 мың гектарға артық. Десе де өңірлерде жемшөп сапасын жақсарту және егіншілік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар уақыт күттірмейді. Аталған мәселелер Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 04 Шілде, 2024
Париж Олимпиадасына теннистен еліміздің 5 спортшысы қатысады
Төрт жылдықтың басты спорт додасында теннистен ел намысын қорғайтын отандастарымыздың тізімі жария етілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2024
Қарақұрт шаққан: Атырау облысында қырылған түйе саны 63-ке жетті
Атырау облысында қарақұрт шаққаннан қырылған малдың саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Шілде, 2024
«Заңгер» журналының бас редакторы көз жұмды
«Заңгер» журналының бас редакторы қызметін атқарған Майя Асқарқызы Ағыбаева 81 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қайғылы хабарды Zakon.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы «Шанхай ондығына» кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар бағыттарды атады
Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 04 Шілде, 2024
Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 04 Шілде, 2024
Fix Price «Астана» халықаралық қаржы орталығына көшті
Fix Price Group PLC компаниясы Кипрден «Астана» халықаралық қаржы орталығына қайта тіркелді. Редомициляция, дәлірек айтқанда, көшу процесі – компанияның бүкіл бизнес-құрылымымен, компанияның қолданыстағы шарттарымен және міндеттемелерімен заңды тұлға мәртебесін сақтай отырып, юрисдикциясын өзгертуін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Беларусь Республикасы Ұйымның толыққанды мүшесі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2024
Жолдама иегері Милад Карими Францияда топ жарды
Францияның Труа қаласында спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 04 Шілде, 2024
Садақ атудан Астанада халықаралық турнир өтті
Маусымның 27-сі – шілденің 2-сі күндері елорда төрінде садақ атудан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.