Дзюдо
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Дзюдошылар Австриядағы маңызды гран-при турнирінде жүлдесіз қалды
Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі мәресіне жетті. Ел спортшыларының қоржыны бұл сында бос қалды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Наурыз, 2024
Әбиба Әбужақынованы алтынға жеткізбеді
Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде дзюдошы Әбиба Әбужақынова финалда сүрініп қалды. Басты жүлдеге бір табан қалғанда алтынды ресейлік спортшы жұлып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
«Қарсыластың мойнын қайырған». Елдос Сметов Grand Slam турнирінен шеттетілді
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде отандасымыз, олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар спортшыға жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге рұқсат бермеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Әлемдік Гран-при турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды
Австрияның Линц қаласында наурыздың 8-10 күндері дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне баратын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
European Open турнирі: Дзюдошыларға екі медаль тағылды
Варшава (Польша) қаласында дзюдодан ақпанның 24-25 күндері өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде спортшыларымыз 2 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Жуырда дзюдодан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен Grand Slam додасында 48 кг салмақта белдескен Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Енді 1-3 наурыз аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Grand Slam турнирі өтеді. Рейтингтік ұпай үлестірілетін додада үштікке ену – Париж Олимпиадасының жолдамасына қарыс қадам жақындай түсу деген сөз. Бакудегі бәсекеде ерлер мен қыздар құрамасынан жалғыз өзі жүлде алған Әбибаны әңгімеге тарттық.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды
Пара дзюдодан Германияның Гейдельберг қаласында өткен Grand Prix турнирінде еліміздің балуандары бес медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2024
Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді
Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік Grand Slam додасы басталды. Сайыстың бірінші күні ел қоржынына қола медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2024
Дзюдо: Бакуге кімдердің баратыны белгілі болды
Әзербайжан астанасында 16-18 ақпан күндері үлкен дулыға санаты саналатын Grand Slam Baku турнирі өтеді. Балуандардың әлемдік рейтингтегі ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін додаға еліміздің ерлер және қыздар құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Grand Slam турнирі: қазақтың дзюдошылары жасақталды
Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасы және әйелдер құрамасы жасақталды. 1-3 наурызда өтетін турнирге қатысатын дзюдошылардың тізімі бірер күн бұрын Olympic.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды
Францияның бас шаһары Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысында Ұлттық құрама дзюдошысы Нұрлыхан Шархан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
«Елдосқа ерекше көңіл бөлінді». Бас бапкер балуандардың бабын айтты
2-4 ақпан күндері Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Еліміздің құрамасы айтулы додаға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қаңтар, 2024
Ертең Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан гран-при додасы басталады. Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін рейтингтік ұпай берілетін додаға таңдаулы спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz. Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды
Додаға қатысатын ел дзюдошыларының аты-жөндері @sportqazaq телеграм парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2024
Қазақ дзюдошыларынан Гран-при турниріне кімдер қатысады?
Дзюдодан Гран-при турниріне қатысатын ерлер құрамы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz sportqazaq баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
Менің тағдырымды алты баламның басына бермесе деп тілеймін – әлем чемпионы
Елімізде пара дзюдо кенже дамыған спорттың бірі. Алғаш рет жазғы Азия пара ойындарына балуандарымыз осы спорттан 2018 жылы қатысып, күміс, қола медаль олжалады. 2014 жылдан бастап ресми қолға алынған пара дзюдодан бізге бұйырған табыс та қомақты. Қазақстанда пара дзюдо спортынан тегеурінді балуанның бірі – Ерғали Шәмей. Пара дзюдо дуына қосылған тоғыз жылдың ішінде Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды, жазғы Азия пара ойындарында жеңіске жетті. Әзірге бұйырмай тұрғаны – Паралимпиаданың алтыны. Жуырда Жапонияның Токио қаласында пара дзюдодан өткен Grand Slam додасында Ерғали Шәмей қола медаль иеленді. Токио шаһарынан келген сәтінде Астанадағы үйіне емес, бірден Түркістанға оқу-жаттығу жиынына тартқан балуанмен тілдестік.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2023
Дзюдодан Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова «Бірінші бол» YouTube арнасына сұхбат беріп, өзінің спорт саласында өзін «сатып алғысы келгендердің» де бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
Ақмарал Науатбек Grand-Prix турнирінің чемпионы атанды
Жапонияның Токио қаласында пара дзюдодан өткен IBSA Judo Tokyo Grand-Prix 2023 турнирінде жерлесіміз Ақмарал Науатбек чемпион атанды деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
Қарағандыда туған Әзербайжан спортшысы Grand Slam турнирінде чемпион болды
Жапонияның астанасы Токио қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтті. Елімізден барған спортшылар жылжабар аламанның іріктеуінен аса алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Grand Slam: Әр салмақта қос спортшы қатысады
Бүгін Жапонияның Токио қаласында Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. Еліміздің ерлер құрамасында әр салмақта екі балуан қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2023
Азия чемпионатынан 11 медаль. Жастар айбат танытты
Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Еліміздің жастар құрамасы құрлық додасынан ерлер 4 алтын, 1 күміс, 1 қола, ал қыздар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Азия чемпионаты: Еншімізде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар
Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Құрлық додасының алғашқы сайыс күні еліміздің жас балуандары толайым табысқа жетіп, 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қараша, 2023
Дзюдо: Қай облыстың көрсеткіші төмен?
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері анықталды. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 450-ден астам балуан бағын сынады. Келесі жылы ғаламдық додаларда белдесуге түсетін ұлттық құрама мүшелері осы біріншіліктің нәтижесіне қарай толыға түседі.
Спорт • 14 Қараша, 2023
133 мың адам дзюдомен шұғылданатын елде Олимпиада чемпионы шыққан жоқ
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құраманың сапына алынатын жастар үшін мықтылығын дәлелдейтін дода бұл. Себебі бапкерлер келесі жылы маңызды додаларға кімдерді қосатынын осы ішкі біріншіліктің нәтижесіне қарай нақтылайды.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада дзюдодан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл турнирде 17 өңір және 3 қаладан 463 спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Қараша, 2023
Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
12-15 қараша аралығында Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қазан, 2023
Қазақ балуандарына 2 күміс, 3 қола медаль бұйырды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия Пара ойындарында балуандарымыз 5 медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындары: Екінші күннің нәтижесі
Қытай шаһары Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола, барлығы 6 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: Дзюдошылар үш қола алды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан парадзюдошылары қоржынға үш қола жүлде салды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.