ектеп
Білім • 17 Қаңтар, 2026
Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
Қазақстанда жекеменшік мектептердің қызметіне қойылатын талаптар қайта қаралады. Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласында өткен жекеменшік білім беру ұйымдарының құрылтайшылары мен директорларымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда жекеменшік мектептердің мәселелері талқыланды
Алматы қаласында жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері саладағы ағымдағы жағдайына арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
9 жылда 138 жаңа мектеп: Астананың білім кеңістігі қалай өзгереді?
Астанада білім беру инфрақұрылымын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Қаңтар, 2026
Елордада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн режимде оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Аяз күшейді: Қостанай облысында бірқатар мектеп қашықтан оқиды
Бүгін Қостанай облысында қатты аязға байланысты бірқатар мектеп қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Енді мектеп директорлары екі оқу жылына тағайындалуы мүмкін
Мектеп директорының қызметі шексіз болмауы тиіс. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарын басқаруда нақты мерзім мен нәтижеге негізделген талап қажет екенін айтып, директорларды 2 оқу жылына тағайындау тетігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Қаңтар, 2026
2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды
Сәрсенбі, 14 қаңтар күні Қостанай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Ақтөбе қаласының Жаңақоныс-2 тұрғын үй алабында 600 оқушыға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тығыз қоныстанған аумақ тұрғындары көптен күткен білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 12 Қаңтар, 2026
Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді
Ертіс-Баян өңірінде 23 білім беру мекемесін жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар колледжінің жатақхана ғимаратын қайта жаңғырту көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Қаңтар, 2026
Алматыдағы мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткені рас па?
Алматы қаласы білім басқармасының басшылығы мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткені туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Келешек мектептерін басқару моделі ретінде айқындалды. Аталған жұмыс шеңберінде қаңтар айының 5-8 күндері аралығында еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері базасында ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру курстары мен мастер кластар ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2026
Елімізде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік саладағы алаяқтық пен негізсіз қаржыландыру мәселесін қатаң сынға алды. Үкімет басшысы Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау үшін бір апта уақыт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қаңтар, 2026
Педагогтардың 82%-ы қазіргі қоғамда ұстаз еңбегінің бағаланатынына сенімді
Таразда Мәжіліс депутаттары Гүлдара Нұрым, Мұқаш Ескендіров және Әбутәліп Мұтали Мәншүк Мәметова атындағы №27 орта мектептің жаңа корпусының құрылысымен танысты. Жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында 1732 мұғалімнің жалақы қарызы толық өтелді
Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы білім бөлімі жергілікті педагогтердің еңбекақысын уақытында төлемеген. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті
2025-2027 жылдары Батыс Қазақстан облысында 86 мектепті күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Биыл соның алтауы жөнделді. Жақында Қазталов ауданындағы Қараөзен мектеп-лицейі ғимараты жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімі беріледі
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кездесуде Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Берік Уәли халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне стипендия тағайындады
«Дарындыға дархан жол» жобасы аясында облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесуде халықаралық және республикалық олимпиадалардың, зияткерлік жарыстардың, шығармашылық конкурстардың, чемпионаттардың 61 жеңімпазы мен жүлдегері бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ
Мектеп тапшылығы – еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі. Мектеп салу қарқыны бала санының өсу қарқынына ілесе алмай келеді. Бұл туралы Президент айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты, деп жазады Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент New Generation School Astana ғимаратына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент мемлекет-жеке меншік серіктестігін жетілдіруді тапсырды
Президент, әсіресе жеке мектептерді дамытуға айрықша назар аударған жөн екенін алға тартты, деп хабарлайды Ақорда.
Білім • 24 Желтоқсан, 2025
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Желіде «Kundelik» жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпарат желдей есті. Ата-аналар мен ұстаздарды алаңдатқан бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тексеріс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Атырауда 400-ге жуық оқушы үйінен білім алады
Мұнайлы шаһардың білім ордаларында ерекше қажеттілігі бар оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Алдағы үш жылда Қызылорда облысындағы 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Өңірдегі 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, 9 мектепті қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.