ойын
Спорт • 25 Желтоқсан, 2023
Министр спорт саласының майталмандарын марапаттады
Бүгін Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты марапаттау іс-шарасы өтіп, ел абыройын асқақтатқан спортшылар, спортқа елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиаданың және биылғы әлемдік біріншіліктер мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 09 Желтоқсан, 2023
Робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионат өтеді
Желтоқсанның 11-12 күндері «Атакент» көрме орталығында Tech Cup Almaty робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту ведомствосына сілтеме жасап.
Бокс • 08 Желтоқсан, 2023
Азия ойындарына қатысқан боксшы допинг дауына ілікті
Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсеткен отандық боксшы Ертуған Зейнуллинге қола медаль берілуі мүмкін. Өйткені ширек финалда Ертуған Зейнуллинді жеңіп кеткен монғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийн допинг дауына ілікті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Көшпенділер ойынына дайындық талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті. Басқосуда келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
ҚМА Қазақстандағы онлайн казинолардың тізімін жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Оқушылар торуылдап жүр. Депутат лотерея терминалдарын тасымалдауға тыйым салуды талап етті
Лотерея терминалдары да казиноның, құмар ойынның бір түрі. Мектептен 15-20 метр қашықтықтағы дүкен кіре берістеріндегі жасыл-сары түсті ойын автоматтары оқушыларды құмар ойынға құмартумен қатар, түрлі қылмысқа итермелейді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев біздің елде өндірілмейтін ойын автоматтарын импорттауға тыйым салып, барлық терминалдарды тексеруді талап етті, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 22 Қараша, 2023
Германияда оқып жатқан қазақ қызы әлемдік кинотуындыға қалай түскенін айтты
Қазақстандық Диана Рүстемова «Аштық ойындары: жыландар мен сайраған құстар балладасы» приквелінде қосымша рөлді сомдады. Ол түсірілімнің қалай өткені туралы Liter.kz тілшісіне сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі
Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2023
«Қыз қууда талай жігітті қамшымен сабадым». Шабандоз қыз асау түйені қалай үйреткенін айтты
Аружан Амангелдіқызы шабандоз, атбегі, көкпаршы. Қыз қууға қатысып, жамбы атумен танылған бойжеткеннің түйеге мініп жамбы атуды меңгергені көпшілікті сүйсінтті. Жоғары оқу орнының 2-курс студенті бос уақытын қыдыруға емес, атқа мініп, ұлттық ойынымызды ұлықтауға арнағанды жөн көреді.
Спорт • 06 Қараша, 2023
Астаналық команда республикалық турнирде топ жарды
Павлодар қаласында волейболдан 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2023
V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті
Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2023
Президентке Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 31 Қазан, 2023
Кім кінәлі екенін айту қиын: министр Азиаданың нәтижесі туралы айтты
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысы туралы журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қазан, 2023
Электрмен қамту жүйесі қала бойынша қалпына келтірілді
Төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қазан, 2023
Қазақстан Азия Пара ойындарында нешінші орын алғаны белгілі болды
Қазақстан Ханчжоу-2022 IV Азия Пара ойындарын аяқтады. Байрақты бәсекеде 131 атлетіміз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 «алтын», 12 «күміс» және 21 «қола» медальмен командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарыста спортышларымыз 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Қазақстандағы ірі телерадиоарналар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты
Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты «Хабар» Агенттігінің телеарналарында және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында ойын-сауық жобалары көрсетілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындарының жеңімпаздары елге оралды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында дзюдодан алғаш рет алтын алған спортшыларымызды әуежайдан туған-туыстары, жанкүйерлері мен Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Велоспортшылар қола жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасының пара велоспортшылары Азия пара ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары келесі жылы Астанада өтеді
Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcында додалы жарыстың спорттық, мәдени бағдарламалары, ресми логотипі мен ұрансөзі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты
Қазақстан спортшысы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындары: Бүгін спортшыларымыз қандай жарыстарға қатысады?
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы IV Азия пара ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы қатысатын жарыс кестесі мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындары: Екінші күннің нәтижесі
Қытай шаһары Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола, барлығы 6 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: Дзюдошылар үш қола алды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан парадзюдошылары қоржынға үш қола жүлде салды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындары: Қоржынға алғашқы «алтын» түсті
Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Қытайдың Ханчжоу шаһарындағы Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: Қоржынға алғашқы күміс түсті
Ханчжоудағы (Қытай) Азия Пара ойындарында қоржынға алғашқы күміс түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2023
IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті
Ханчжоудың «Үлкен Лотос» олимпияда стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 15 Қазан, 2023
Қызылжар төрінде өткен фестиваль
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалі 9-қазан күні Петропавл қаласында бастау алып, 14 қазанда мәресіне жетті.
Спорт • 13 Қазан, 2023
Қазақ спортшылары IV Азия Пара ойындарына аттанады
Алматы қаласында Ұлттық құрама команданы IV Азия Пара ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Байрақты бәсеке қазан айының 22-28 күндері аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.