сұхбат
Кино • 24 Желтоқсан, 2021
Бауыржан Шөкенов: Кино бизнесте ұсақ-түйек болмайды
Бұған дейін айтып өткеніміздей, 6-9 желтоқсан аралығында қазақстандық кинематографистер «Мәскеу халықаралық кино нарығы мен Ресей кинобизнесі» форумына қатысып қайтты. «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы делегациясының басшысы, Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов сапар нәтижесі туралы ойымен бөлісті.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021
Елбасының сұхбаты аясында кітап шығады
Жақын күндерде Елбасының «Штрихи к портрету» документалдық жобасына берген сұхбаты аясында кітап шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 15 Желтоқсан, 2021
Елбасы егемен елдің еңсесін тіктеді
Ел үшін еркіндікке қол жеткізу қаншалықты маңызды болса, сол еркіндікті, тәуелсіздікті уыста ұстап қалу мәселесі де соншалықты маңызды. Өткен үш онжылдыққа бұрылып қараған сайын осындай ойда қаламыз. Ең бастысы, бостандықтың бозала таңы бозарып атқан тұста ұлттық қауіпсіздігімізді, тұтастығымызды қамтамасыз етуде барынша еңбек еткен тұлғалар болды. Бұл ретте біз әр жылдары жауапты қызметтерді атқарып, Қазақстанның қалыптасу кезеңінде тер төккен аптал азамат Сәт Тоқпақбаевпен әңгімелескен болатынбыз.
Саясат • 05 Желтоқсан, 2021
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге берген «Жарқын болашақты бірге құрамыз» тақырыбындағы сұхбаты «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттеріне жарияланғаннан кейін көрші елдің ақпарат агенттіктері мен ресми сайттары еліміздің бас басылымында жарияланған сұхбат туралы ақпараттар тарата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 30 Қараша, 2021
CNPC корпорациясы Қазақстанда: 24 жылдық бірлескен жұмыс
Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан кейін екі апта өткен соң, 2022 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан тағы бір маңызды мерейтойды – Қытаймен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеді. Көршілес держава алғашқылардың бірі болып азаттығымызды мойындады, міне, содан бері екіжақты достық қарым-қатынас жыл өткен сайын нығайып келеді. Ал Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (China National Petroleum Corporation – CNPC) Қазақстанның ең ірі стратегиялық серіктестерінің біріне айналып, келесі жылы біздің елдегі қызметінің 25 жылдығын атап өтпек. Осыған орай, бүгін Қазақстандағы CNPC кеңсесінің басшысы Ли Юнхун көпжылдық жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың қорытындысы туралы айтып береді.
Сұхбат • 17 Қараша, 2021
«Архив қорының 3 пайызы «құпия» белгісімен жабық тұр»
Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толды. Бұл айтулы мерейтой ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өткенге үңілсек, құжатсыз архив, архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды. Бұл – аксиома. Сол себептен де егемендігіміздің құжаттық негізі болып саналатын қасиетті қара шаңырақтың ғасырлық мерейтойы – ел тарихындағы айтулы оқиға. Осы орайда Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебаймен әңгімелесуді жөн көрдік.
Сұхбат • 17 Қараша, 2021
Құқықтық ақпаратты қалыптастырудың қазақстандық үлгісі
Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, елімізде қарқынды қызмет атқарып жатқан құқықтық институттардың бірі – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті. Оның құрылу тарихы мен еліміздегі құқықтық реформаға ықпалы туралы осы Комитеттің төрағасы Сәбит Нұрлыбаймен сұхбаттасқан едік.
Руханият • 11 Қараша, 2021
Тарихи қисынсыз шындық та болмайды
Өмірдің өзін, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды ақ қағаз бетінде сөйлетіп, оқырманға ой айтатын жазушылар қауымы ұлт руханияты үшін алтын көпір рөлін атқарып келеді. Олардың әр шығармасы өмірдің жолын, кешегісі мен бүгінін сипаттап бере алады. Жақында ғана «Бопай ханым» атты тарихи романы жарық көрген жазушы Мәди АЙЫМБЕТОВ бізге берген сұхбатында әдебиет туралы көзқарасын, шығармаларындағы кейіпкерлер образын кеңінен сөз етті.
Сұхбат • 21 Қазан, 2021
Қайрат Келімбетов: Мемлекет мәселені естиді, көреді және шешеді
Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық жобаларды енгізу керектігін айтқан болатын. Содан бері Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, мемлекеттік органдар өз саласы бойынша тиісті Ұлттық жобаларды дайындады. 2021 жылдың 13 қазанында Мемлекет басшысы ұлттық жобалар тізімін бекітті. Жаңадан дайындалған Ұлттық жобалармен толығырақ танысу үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасы Қайрат Келімбетовты сөзге тартқан едік.
Сұхбат • 24 Қыркүйек, 2021
«Қазақстан - біздің маңызды серіктесіміз» - Чжан Цинго, СЕО Huawei Technologies Kazakhstan
Ақпараттық-коммуникациялық индустрияның, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы әлемді цифрлық трансформацияға жетелейді. Бұл өзгерістен Қазақстан құр қалмайды. Өйткені біз 5G технологиясын іске қосу қарсаңында тұрмыз. Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжан Цинго жаңа буын желісінің қандай екенін және 5G іске қосылғаннан кейін әлем қалай өзгеретіні жайлы айтты.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Тау суының тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда, сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге кәсіби жыршы, термеші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен себеп болды. Рухани шөліркеген ұлтты әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Сұхбат • 08 Қыркүйек, 2021
Талғат Мұсабаев: Ғарыш саласы – елді дамытатын заманауи сала
Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымызды сөз еткенде Қазақстанның ғарышты игеру бағытындағы ірі қадамдарын айтпай өте алмаймыз. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, тікелей қолдауымен жүзеге асырылған игі істердің тұтас тарихы қалыптасты деуге болады. Әсіресе Елбасының қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа аттануына кеңінен жол ашқан еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Сол азаматтарымыздың бірі – қазақтан шыққан екінші ғарышкер, Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаевпен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында әңгімелескен едік.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2021
Д.Абаев скептиктердің сөзіне пікір білдірді
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог-2» бағдарламасында Қазақстандағы жалақыны көтеру туралы скептиктердің айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Нелсон Манделаның немересі «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді
Әлемге әйгілі қайраткер Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела ел газеті «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді. Құрметті меймандарды Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қарсы алып, сұхбаттасты.
Сұхбат • 15 Маусым, 2021
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация мобильдік бригадасының дәрігері Полищук Наталья Борисовнамен сұхбат
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 12 Желтоқсан, 2020
MTV USA-ға Димаш Құдайбергеннің сұхбаты шығады
11 желтоқсан күні Нью-Йорк уақытымен 17:00-де (12 желтоқсан Нұр-сұлтан уақытымен 4:00-де) MTV USA арнасында «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында Димаштың сұхбаттың бірінші бөлімі шығады, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews-ке сілтеме жасап.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Алтай Ибрагимұлы: Елбасының еңбегін дәріптеу – тағылым
– Құрметті Алтай Ибрагимұлы, өткенге көз жүгіртсек... 1991 жылы желтоқсанда ел тарихы қалай өрбіп еді? Бұл күннің маңызы қандай? – Тәуелсіздік шежіресін парақтар болсақ, ел тарихындағы маңызды күндердің бірі – ол әрине 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық Президент сайлауы. Себебі дәл осы күні басқа мемлекеттер секілді Қазақстан да егемен елдің құқықтық–саяси мақсатын жүзеге асырып, барлық қоғам жұдырықтай жұмыла өз еркін білдіріп, ескі тоталитарлық жүйеден құтылды. Себебі дәл осы күні совет заманында сырттан Мәскеу тағайындап беретін көшбасшыны Қазақ халқы тұңғыш рет өзі таңдады. Ендеше 1 желтоқсанның маңызы мен патриоттық құндылығына ешкімнің таласы жоқ шығар.
Руханият • 14 Қараша, 2020
Димаш өзінің балалық шағы туралы айтып берді
Ресейлік МУЗ-ТВ арнасының директоры Арман Дәулетияровтың әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 08 Тамыз, 2020
"Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады
"Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр
Республикалық "Ана тілі" басылымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланды. Egemen.kz басылымға сілтеме жасай отырып, оқырмандарына осы сұхбатты ұсынады.