Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 27 Қараша, 2025
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?
Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2025 жылдың маусым айының соңында елдің сыртқы қарызы 172,8 млрд долларды құрап, жылдық мәнде 3,6%-ға артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Қараша, 2025
Танымал тұлғалар есірткіге қарсы күрес акциясына атсалысты
Бүгінде оңай олжаға кенелуді көздейтін жастар есірткі тасымалдап, әлеуметтік желі арқылы саудалап жүр. Әрекеті әшкере болғандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Себебі заң бойынша есірткі саудасына қатысқандар 14 жастан бастап жаза арқалайды. Жастар балғын шақтан қатаң түрме тезіне түсіп, болашағына балта шаппас үшін ел аумағында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2025
2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел аумағындағы станцияларда қаңтарылып тұрған вагон санының артқанын хабарлады. ҚТЖ мәліметінше, 2,5 мыңнан астам вагон 10 күн бойы теміржолда тұрып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин қырғыздың мемлекеттік хатшысымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен жүздесіп, сөйлесті деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 27 Қараша, 2025
Grand Slam турнирінде 14 дзюдошы жүлдеге таласады
Дзюдодан Grand Slam турнирі – Абу-Даби (БАӘ) қаласында өтеді. Оған қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланып отыр. Балуандардың арасында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2025
Орталық Азия «Жаңа Жібек жолы» үлгісімен дамиды
Астанада өткен «Орталық Азия орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы» форумында өңір елдері орнықты даму, жасыл экономика және инклюзивті өсуді қамтамасыз етуге бағытталған жаңа өңірлік серіктестікті таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қараша, 2025
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 27 Қараша, 2025
Ақылы автожолдардан түскен 72 млрд теңге қайда жұмсалды?
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында ақылы жолдардан 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?
Өткен демалыс күндері барлық өңірде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне 170 мыңға жуық адам келген. Тұтынушылар тарапынан ет өнімдеріне сұраныс көп болып, 300 тоннадан астам ет сатылды, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Көп қабатты тұрғын үй өртеніп, 44 адам қаза тапты
Гонконгтың солтүстігінде ірі тұрғын үй кешені өртеніп кетті. 44 адам тілсіз жаудың құрбаны болып, 100 -ге жуық тұрғын табылмай жатыр. Құтқару жұмыстары әлі тоқтаған жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2025
Алматыда 15 жастағы жасөспірімді заңсыз акцияға қатыстырған жетекшіге айыппұл салынды
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында өткізілген қайырымдылық акциясына қаражат жинауға қатыстырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Қараша, 2025
Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейсі ашылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданына толық инфрақұрылым жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Қазақстандық MMA жұлдызы Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы, ресейлік Ислам Махачевпен (28-1) титулдық жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алады?
2025 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша, бұл төлемді 207 780 адам алған, оларға 22,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 27 Қараша, 2025
Қазақстанның бірыңғай QR- коды шетелде де қолжетімді болады
Еліміздің бірыңғай банкаралық QR-кодын енді шетелде де қолдану мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы «National Payment Corporation» АҚ төлем жүйелерін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
2026 жылы 1 АЕК қанша теңге болады?
Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері және бірқатар әлеуметтік төлемдер өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2025
Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды
Қызылорда облысында Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2025
Дәрігерге дөрекілік көрсеткендер қатаң жазаланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, бірқатар кодекске түзетулер енгізді. Атап айтсақ, дәрігерлердің өмірі мен құқықтарын қорғауға арналған жаңа нормалар ұсынылды. Құрылыс кодексі қабылданып, жеке тұлғаның бір уақытта бірнеше банктен кредит ресімдеуіне шектеу енгізілді. Сондай-ақ төменгі палата депутаттары «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға Сенат енгізген түзетулермен келісіп, құжатты бекітті.
Digital • 27 Қараша, 2025
«Alem.Cloud» – өңірдегі ең ірі есептеу орталығы
Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған «Alem.Cloud» платформасын таныстырды.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – тарихи маңызы бар құжат. Себебі бұрын-соңды елімізде ішкі саясаттың идеологиялық бағыты мен ұйымдастырушылық аясын анықтайтын жүйелі, біртұтас акт болған емес.
ЖОЛДАУ • 27 Қараша, 2025
Су үнемдеу мәдениетін нығайту маңызды
Тіршілік нәрі саналатын суды үнемдеу – өзекті мәселе. Кейде еларалық шиеленіс осыдан да туындап жатады. Ысырапқа жол бермей, үнеммен игілікке жарату мәдениеті қалыптасқан елде алаңдаушылық болмайды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Мәшһүр Жүсіп ауылындағы оң тірлік
Ауыл әкімі – ауылдың дамуындағы негізгі қозғаушы күш. Баянауылдың шеткі елді мекендерінің бірі Мәшһүр Жүсіп ауылы кейінгі жылдары түрленіп, келбетінің арта түсуін жергілікті жұрт ауыл әкімі Сәбит Кенжалиннің іскерлігімен байланыстырады. Жас әрі әлеуеті мол басшы биыл көптің қолдауымен екінші мерзімге сайланды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Талдықорғанда болат шар өндіретін зауыт салынады
Жетісу облысы шетелдік инвестиция тарту арқылы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуді жалғастырып жатыр. Мәселен, Талдықорған қаласындағы индустриялық аймақта чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар шығаратын ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы келер жылдың наурыз айында қаланып, 2028 жылы іске қосылады.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Қарағанды облысы мүгедектігі бар адамдардың саны жөнінен республикада үшінші орында. Қарағанды қаласының өзінде 25 мыңнан астам мүгедектігі бар жан тіркелген. Олардың көпшілігі өз құқығын біле бермейді, мемлекет тарапынан жасалып жатқан тиесілі көмекті толық көлемде алмайды. Қарағандыдағы «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығы осы бағытта біршама шаруаларды өз міндетіне алған.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Есірткіге еліткендерді емдейтін орталық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында есірткіге тәуелділердің емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтылмай отырғанына назар аударған еді. «Кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынып, мемлекеттің жіті бақылауында болуы керек», деді Президент.
Білім • 27 Қараша, 2025
Қазіргі кезде балалар мектептегі білімнен тыс міндетті түрде ақылы білім орталықтарына барады. Бұл үрдіс кейінгі 5 жылда қарқынды белең алды. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі ірі қалаларда кемінде мыңға жуық жекеменшік білім орталығы бар. Ал бейресми тіркелмей жұмыс істеп жатқаны одан көп. Ақылы білімге деген сұраныстың артуы саладағы бәсекелестіктің күшеюі ме әлде мемлекеттік білім жүйесінің әлсіреуі ме? Мәселені қалай шешу керек?
Білім • 27 Қараша, 2025
Жеке мектептерге жаңа жүйе енгізіледі
Еліміздегі жекеменшік мектептерге арналған мемлекеттік тапсырыстың жаңа жүйесі іске қосылды. Бұл – әзірге сынықтан өтуге тиіс қанатқақты жоба. Жаңа тетік қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, мемлекет-жекешелік әріптестікті дамытуға, барлық баланы сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.